Қалыпты тауарлар – табыс өскенде (қысқарғанда) тұтынушының
кез-келген бағамен үлкен (кіші) көлемде сатып алуға дайын тауарлары.
Қоғамдық игіліктер – нарық жағдайында өндіріле алмайтын
және өндірісі мемлекетпен қамтамасыз етілетін қоғам үшін маңызды
пайдалылықтар алып келетін тауарлар немесе қызметтер.
Қолда бар табыс – жеке табыс салықтарын төлегеннен кейінгі
тұтыну мен жинақтауға арналған жеке табыстар.
Қосарлы есептеу – аралық өнімдер құнын жалпы ішкі өнім
құрамында есепке алу.
Қосылған құн – фирманың сатуға тиіс тауар құны мен сол
тауарды өндіруге қолданылған және сатып алынған ресурстар құны
арасындағы айырмашылық; жалақы, пайыз, рента және пайда сияқты
табыстардың теңдігі.