Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет557/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Мемлекеттік қаржы
– мемлекеттік табыстар мен шығындарды 
зерттей-тін экономикалық теорияның бір бөлімі.
Мемлекеттік қарыз
– осы уақытқа дейін жинақталған бюджет 
тапшылықтарының жалпы сомасы; үкіметтік мемлекеттік бағалы 
қағаздар иелеріне деген қарыздарының жалпы көлемі.
Мемлекеттік меншік
– орталықтандырылған мемлекетке немесе 
үкіметке тиесілі жер және капитал түріндегі меншіктің белгілі бір 
нысаны.
Мемлекеттік сатып алымдар
– мемлекеттің соңғы тауарлар мен 
қызметтерді сатып алуына жұмсайтын ақшалай төлемдері.
Мемлекеттік сектор
– мемлекетпен және үкіметпен бақыланатын 
ел экономикасының бір бөлігі.
Мемлекеттің дәрменсіздігі
– мемлекеттік сектордың (үкіметтің) 
өз міндеттері мен қызметтерін экономикалық жағынан тиімсіз әдістер 
арқылы орындау салдарынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді 
шеше алмауы.
Меншікті капитал 
– фирманың жиынтық активтері мен жиынтық 
пассивтері арасындағы айырма; фирма иегерлерінің активтердің 
жалпы көлеміндегі үлесі.
Микроэкономика
– жекелеген экономикалық субъектілердің 
нарықтағы мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін және нақты 
бағаларды, нақты тауарлар мен қызметтерді, жекелеген нарықтарды 
қарастыратын экономикалық ғылымның бір саласы.
Монетаризм
– кейнстік бағытқа қарсы сын айтушы балама 
теория; жиынтық өнім көлемі мен бағалар деңгейінің өзгеруі ақша 
ұсынысының өзгеруіне байланысты екендігін көрсететін бағыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет