Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім. Сабақтың мақсаты



Дата21.01.2017
өлшемі254,71 Kb.
#7521
түріСабақ
ҚАРСЫ МӘНДЕС СЫН ЕСІМ.

Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.


Дағдылық: Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру
Формасы: жеке, жұптық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық. Әркім өз есімінің бірінші әрпіне байланысты сын есім айтады. Р - рақымды …
2) Сыныпты топтарға бөлу.

1-топ – «Зат есім» ТВИКС

2-топ – «Сын есім» НАТС

3-топ – «Сан есім» СНИКЕРС

Дәптерді ашып, күн ретін жазу.
Көркем жазу минуты. Ж ж
Жақсы сөз – сүйсіндіреді.
Жаман сөз – күйіндіреді.



ІІ. Өткенді қайталау сұрақтары.
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?
3. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дара сын есім дегеніміз не?
5. Күрделі сын есім дегеніміз не?
6. Негізгі сын есім дегеніміз не?
7. Туынды сын есім дегеніміз не?


Өткен материалды бекіту.

Семантикалық картамен жұмыс.



«Зат есім»

 

Түсі

Салмағы

Көлемі

Сапасы

Дәмі

қызыл

 

 

 

 

 

үлкен

 

 

 

 

 

ауыр

 

 

 

 

 

жақсы

 

 

 

 

 

қышқыл

 

 

 

 

 

 

«Сын есім»

 

көк

қара көк

тұщы

шұбар ала

үлкен-кіші

Дара сын есім

 

 

 

 

 

Күрделі сын есім

 

 

 

 

 

 

«Сан есім»

 

таза киім

сыйлас дос

көк аспан

гүлді көйлек

терең көл

Негізгі сын есім

 

 

 

 

 

Туынды сын есім

 

 

 

 

 

ІІІ.  Жаңа сабақ.

        Оқулықпен жұмыс.


1-жаттығу.
Ұйқасын тап.

Қара өрік пен сары өрік,

Ақ өрікті көріп пе ең?

Білсең, кәне айта ғой,

Не жасайды…?   (өріктен)

Өлеңнен сын есімдерді тап.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді тауып, олардың қай сөз табы екенін анықта.

2-жаттығу.  «Сыңарын тап» ойыны. Мына сөздердің сыңарын тауып жаз

«Зат есім»: қатты, ірі, жарық


«Сын есім»: биік, ауыр, жақсы
«Сан есім»: оңай, жуан, қара
Үлгіге қарап, сыңар сөздермен бірнеше сөйлем құра.

Үлгі: Қатты жерге отырмай, жұмсақ көрпе үстіне отырыңыз.

Ой қозғау.

Қарсы мәндес сын есім дегенді қалай түсінесіңдер?


Оқушылар өз ойларын айтады. Ереже қағидасын шығару.
«Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз»
Мысалы: жарық – қараңғы, ыстық – суық.

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сыз.

Асқар – жомарт бала. Қой – момын мал. Піл – ірі жануар. Керік – бойы ұзын жануар. Қорқақ қоян ытқи жөнелді. Асан аға асау тайды үйретіп жүр. Тауешкі биік шың басында тұр.



Берілген сын есімдерге қарсы мәндес сын есімдерді тауып, сөйлемдер құрастырып жаз.

Сергіту сәті.

4-жаттығу.  Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Қарсы мәндес сын есімдерге мысал келтір.


Ойын «Менің орным қайда?»

Қара –


Биік –

Жуан –


Алыс –

Күрделі –

Жылдам –

Сулы –


5-жаттығу. Мақалды оқып, мағынасын түсіндір. Көшіріп жаз және қарсы мәндес сын есімдердің астын сыз.

Жақсы балаға айтсаң – білер,

Жаман балаға айтсаң – күлер.

Бекіту. 

Сын есім бойынша тест. (2 минут) 


1. Сын есімдерді тап.
а) менің, сенің

ә) қалың, жұқа


б) оқыған, тоқыған

в) жанында

2. Туынды сын есімді тап.

а) жақсы, жаман

ә) жылы, суық

б) ақылды, айлалы

в) ұзын, ұшқыр

3. Зат есімнен болған туынды сын есімді тап.

а) өнерлі, тасты

ә) жарық, қымбат

б) қатты, қою

в) тұнық, жұмсақ

4. Етістіктен болған сын есімді тап.

а) көмірлі, нулы

ә) парасатты, қымбат

б) атақты, күшті

в) сенгіш, білгіш

5. Қарсы мәндес сын есімді тап.


а) жақсы-жаман

ә) биік- жоғары

б) сұлу-әдемі

в) көк-көгілдір

Дұрыс жауабын оқушылар өздері тауып балл бойынша бағалайды.

Данышпандар кітабы

Біздің өмір қарама-қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе білгір болатыны, ал аз түйсе – надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, қарт кезеңі ардақты болатыны белгілі.

Мәтіннен қарсы мағыналы сөздерді тап.



Сабақты қорытындылау.

– Не білдік?

– Не үйрендік?

– Не ұнады?



Оқушылар өздерінің осы сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді.
Үйге тапсырма:  6-жаттығу.



Каталог: uploads -> doc -> 0020
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0020 -> Сабақтың тақырыбы: Кішіге қамқор болу Мақсаты: Сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
0020 -> Имя существительное


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет