Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Неоклассикалық экономикалық теория



Pdf көрінісі
бет560/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Неоклассикалық экономикалық теория
– қысқа мерзімді 
кезеңде бағалар деңгейінің қатаңдығынан макроэкономикалық 
тұрақсыздықтың орын алатындығын түсіндіретін, ұзақ мерзімді 
кезеңде икемді бағалар мен жалақыға сәйкес ресурстардың толық 
қамтылуы қамтамасыз етілетін жалпы ішкі өнім өндірісі кезінде 
экономиканың тұрақтылығы сақталады деп дәріптейтін теория.
Несие
– төлем мерзімі кейінге қалдырылған, үстеме пайызбен 
ақшалай немесе тауарлық нысанында берілетін қарыз.
Нормативті экономика
– экономиканың қандай болу керектігін 
түсінді-ретін адамдардың субъективтік бағалауларына негізделетін 
экономикалық ғылымның бағыты; экономикалық мақсаттар мен 
экономикалық мәселелерді айқындайтын ғылым.


345
Олигополия
– нарықта бірнеше ірі фирмалар стандартталған 
немесе ерекшеленген тауарлар өндірумен айналысатын, олардың 
әрқайсысы тауар бағасына айтарлықтай бақылау жасай және шешім 
қабылдауда бір-бірінің ықтимал реакцияларын ескеріп отыратын 
жетілмеген бәсекенің бір типі.
Олигопсония
– бірнеше сатып алушыларға ғана әрекет ететін 
нарықтың жағдайы.
ОПЭК
– мұнай экспорттаушы-елдер ұйымы; шикі мұнайды 
импортерлер-ге сату бойынша мұнай бағасы мен оның көлеміне 
бақылау жасап отыру үшін 1960 жылы құрылған, құрамында мұнай 
өндіруші 13 мемлекет бар халық-аралық картель; мұнайдың әлемдік 
экспорттының маңызды бөлігі тиесілі елдер картелі.
Орталық банк
– ақша шығаруға құқығы бар және басты қызметі 
берілген елдегі айналымдағы ақша жиынына бақылау жасау болып 
табылатын эмиссиялық банк. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет