346
Өндіріс факторлары
– еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік
қабілет сияқты экономикалық ресурстар.
Өндірістік әлеует
– экономиканың қолда бар ресурстарды толық
пайдалану кезінде өндіре алатын өнімінің (ЖІӨ-нің) нақты көлемі.
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы
– экономикада берілген
технология бойынша қолда бар ресурстарды толығымен пайдалану
және толық жұмысбастылық жағдайында өндіріле алатын екі тауар-
дың немесе қызметтің әртүрлі үйлесімділіктерін көрсететін қисық
сызық.
Өнеркәсібі дамыған елдер
– озық технологиялы негізгі капитал-
дың үлкен көлемін жинақтауға негізделген және біліктілігі жоғары
жұмыс күшін иемденген нарықтық экономикасы дамыған АҚШ,
Канада, Жапония және Батыс Еуропа елдері сияқты мемлекеттер.
Достарыңызбен бөлісу: