Пайыз мөлшерлемесі – ақшаны немесе капиталды пайдаланудың
бағасы.
Позитивтік экономика – нақты деректер мен фактілерге
негізделген экономиканың дәл қазіргі жай-күйі.
Рейганомика – ұсынысқа баса назар аударатын, инфляция мен
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган
әкімшілігінің саясаты.
Ренталық табыс – экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз
ететін тұлғалардың алатын табыстары.
Ресурстар нарығы – үй шаруашылықтары ресурстарды сататын
және фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық.
Ресурстардың шектеулілігі – адамдардың шексіз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілет
сияқты факторлардың жетіспеушілігі.
Сала – ұқсас тауарларды өндірумен айналысатын фирмалар тобы.
Салық – үй шаруашылықтары мен фирмалардың үкіметке заңдық
тәртіппен төлейтін міндетті төлемдері.