Сұраныс заңы – тауардың бағасы мен оның сатып алу көлемі
арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.
Сұраныс қисығы – сатып алушының белгілі бір уақыт аралы-
ғында әртүрлі бағамен тауардың немесе қызметтің қандай да бір
көлемін сатып алуға деген дайындығын көрсететін қисық сызық.
Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың өсуімен байланыс-
ты туындайтын инфляция.
Сұраныс көлемі – сатып алушының белгілі бір уақыт мезетінде
белгілі бағамен сатып алғысы келетін тауарларының немесе
қызметтерінің жалпы шамасы.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауарға сұраныстың пайыз-
дық өзгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар
бағасының өзгеруіне сұраныс көлемінің өзгеру реакциясы.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі – бір тауарға сұраныстың
пайыз-дық өзгеруінің екінші бір тауар бағасының пайыздық өзгеруіне
қатынасын білдіретін коэффициент. Коэффициенттің оң мәнді
болуы тауарлардың өзара алмастырушылар, ал теріс мәнді болуы
тауарлардың өзара толықтырушылар екендігін көрсетеді.