352
бағытталған үкіметтің мемлекеттік шығындар мен салық салу
тәртібіне заңдық тұрғыдан саналы түрде өзгерістер енгізу шаралары.
Фрикциондық жұмыссыздық
– жұмысшылардың бір жұмыс
орнынан екінші бір жұмыс орнына еркін ауысуынан орын алатын
қысқа мерзімді жұмыссыздық.
Халықаралық алтын стандарт
– ХІХ-ғасыр мен ХХ-ғасырдың
басы аралығында орын алған халықаралық валюталық жүйе, бұл
жүйеге сәйкес әрбір ел өздерінің ақша бірліктерінің құнын алтынның
белгілі бір шамасымен өлшеп отырды, өздерінің алтын қоры мен
айналымдағы ақша массасының тұрақты арақатынасын қолдап
отырды және алтынды еркін түрде сырттан әкелуге және оны сыртқа
шығаруды қолдады.
Халықаралық валюта қоры
– төлем балансының уақытша
тапшылығын көріп отырған елдерге шетел валютасымен қарыз
беру үшін және валюта бағамдарын қолдау бойынша іс-шараларды
жүзеге асыру үшін екінші дүние-жүзілік соғыстан кейін құрылған
мемлекеттердің халықаралық ассоциациясы.
Достарыңызбен бөлісу: