Циклдік жұмыссыздық – жиынтық сұраныстың және шығын-
дардың жеткіліксіздігінен экономикалық дағдарыс жағдайында
адамдардың барлық мамандық түрлері бойынша жаппай жұмыссыз
қалуы.
Шекті өнім – ресурстың келесі бір бірлігін (басқа барлық
ресурстардың көлемі тұрақты болғанда) қолдану кезінде өндірілген
қосымша өнім; жалпы өнім көлемінің өзгеруінің қолданылатын ресурс
көлемінің өзгеруіне қатынасы.
Шекті пайдалылықтың төмендеу заңы – тұтынушының тауар-
лар мен қызметтерді тұтынуы барысында әрбір қосымша тұтыны-
латын тауар немесе қызметтің шекті пайдалылығының төмендей
беруі.