Ұсынысинфляциясы – жалақының көтерілуі мен шикізат
бағаларының өсуі салдарынан өндірістің нақты көлемі мен
жұмысбастылықтың қысқаруына байланысты жиынтық ұсыныстың
төмендеуі нәтижесінде туындайтын инфляция.
Ұсыныс көлемі – сатушының белгілі бір уақыт мезетінде белгілі
бір бағамен сатуға ұсынатын тауарларының немесе қызметтерінің
жалпы шамасы.
Ұсыныс экономикасы теориясы – инфляция мен жұмыссыздық
мәселесін шешуде «шығындар» және «жиынтық ұсыныс» ұғым-
дарына көбірек көңіл бөлетін қазіргі макроэкономикалық теорияның
бір бөлімі.
Ұсыныстың бағалық икемділігі – тауар ұсынысының пайыздық
өзгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар
бағасының өзгеруіне ұсыныс көлемінің өзгеру реакциясы.
Үй шаруашылығы – экономиканы қажетті ресурстармен
жабдықтайтын және сол үшін ақша алып өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтерді сатып алатын
бір немесе одан да көп тұлғалардан тұратын экономикалық бірлік.