Тақырып 13. –Үй шаруашылығы жүйесіндегі жеке қаржы



Дата07.02.2022
өлшемі74 Kb.
#95232
Байланысты:
введение


Тақырып 13. –Үй шаруашылығы жүйесіндегі жеке қаржы



Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады


3. Мына тесті тапсырмаларына жауап беріңіз (тесті тапсырмаларында бір, екі немесе үш дұрыс жауап болуы мүмкін):


1) Үй шаруашылықтары түсімі сенімділігіне қарай бөлінеді:
А) Жалақы және қосымша еңбекақы.
B) Бағалы қағаздардан түсетін табыстар.
C) Кепілденілген.
D) Кәсіпкерліктен түсетін табыс.
E) Шартты-кепілденілген.
F) Кездейсоқ немесе біржолғы.
2) Үй шаруашылығы қаржысының байланысы:
А) Федералдық бюджет.
В) Ұлттық қор.
С) Орталықтандырылған қор.
D) Лизингтік компания.
Е) Қаржылық нарық.
F) Ұлттық банк.
G) Халықаралық ұйымдар.
3) Үй шаруашылықтарының табыс көзіне қарай бөлінеді.
А) Жалақы және қосымша еңбекақы.
B) Кездейсоқ немесе біржолғы.
С) Кәсіпкерліктен түсетін табыс.
D) Тұрақты және тұрақсыз.
Е) Кепілденілген.
F) Кепілденілмеген.
G) Бағалы қағаздардан түсетін табыс.

Мүгедектілігі бойынша жәрдемақы


Мүгедектікке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқталғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.
Мүгедек адамға зейнетақы төлеу тағайындалған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады.
Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтініші бойынша ғана жүргізіледі.

Асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы


Асыраушы дегініміз- отбасын асырап,материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп отырған адам.Оның қайтыс болуына байланысты отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында тағайындалатын жәрдемақы-асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы деп аталады.

Жасына байланысты жәрдемақы


Азаматтарға зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған жағдайда белгіленген жасқа жеткен кезде не зейнетақы төлемдерін зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аз мөлшерде алған жағдайда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан,жинақтаушы зейнетақы қорларынан тағайындалады.

Қазақстанда халықтын әр түрлі топтарының, материалдық әл-ауқаты бойынша щығыстардың деңгейі мен құрылымында қалыптасқан айырмашылықтар сақталып отыр: кедей және кедей емес үй шаруашылықтарының орта есеппен жан басының шығыстарындағы алшақтық үш есені құрайды.


Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының екінші тобы – міндетті және ерікті төлемдер. Міндетті төлемдерге салықтар, алымдар, баждар, аударымдар жатады, оларды атқарушы биліктің органдары түрлі деңгейдін бюджеттеріне және бюджеттен тыс қорларға өндіріп алады. Ерікті төлемдерді үй шаруашылықтарының жекелеген мүшелері өз бастамасы бойынша сақтық органдарына түрлі тәуекелдерден сақтандыру кезінде, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, қайырымдылық қорларына төлейді. Үй шаруашы-лықтарының жалпы шығыстарындағы бұл шығыстардың үлесі шамалы.
Қазақстан азаматтары ретінде үй шаруашылығының мүшелері әр түрлі міндетті төлемдер төлейді. Оларға: жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік құралдары иелерінен алынатын салық, мемлекетік баж, жеке тұлғалардан алынатын кедендік алымдар. Жергілікті салықтардың арасында негізгілері жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және басқалары болып табылады.
Ақшалай нысанда, табысты алу күніне жиынтық табыстан алынатын табыс салығы төлеушіге оның ауыртпалығы тұрғысынан ең бастысы болып табылады.
Шығыстардың үшінші тобы – үй шаруашылықтарының жинақақшалары мен қорланымдары.
Экономикалық реформаны жүргізудің басында халықта көбінесе тауарлардың тапшылығына байланысты сұранымды кейінге қалдырудың нәтижесінде пайда болған және жинақ кассаларының шоттарында шоғырланған едәуір қорланымдар болды.
Рыноктық қатынастар және кәсіпкерліктің еріктігі үй шаруашылықтарының айрық-ша санаттары үшін қымбат тұратын құндылықтарды сатып алу немесе бағалы қағаздарға, банктік депозиттерге салу арқылы капиталдандыру үшін қаражаттарды жинай отырып, оларды қорландыруға мүмкіндік жасады.
Банктерде шоғырландырылған ақшалай қорланымдар мен жинақақшалар кредиттік қатынастарды кенейту көздері болып қызмет етеді. Тұтыну кредиті үй шаруашылықтары мүшелерінің ақшалай табыстарын толықтырады және тауар¬лар мен қызметтерге деген төлем қабілеті бар сұранымды көбейтуге жәрдемдеседі. Тұрмыс деңгейі бір шама төмен, ал банк жүйесінің кредиттік мүмкіндіктері қосымша капиталдарды қажет ететін Қазақстан үшін тұтыну кредиті ерекше манызды.
Үй шаруашылығы қаржылық шешімдерді тек экономикалық мақсаттарды ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мақсаттарды да негіздей отырып қабылдайды. Бұл жағдайда экономикалық мақсаттар әлеуметтік мақсаттарды неғұрлым толық іске асыруға бағытталған. Алайда әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды үй шаруашылығы жиі формалды байланыстардың жүйесі негізінде айқындайды.

Үй шаруашылығының ақшалай шығыстарын әр түрлі белгілер бойынша сыныптауға болады:


1) тұрақтылық дәрежесі бойынша:
тұрақты шығыстар
бір жолғы шығыстар
2) қажеттік дәрежесі бойынша: тамаққа, киім-кешекке жұмсалатын бірінші кезектегі шығыстар;
медицинаға;
екінші кезектегі шығыстар
басқадай шығыстар
3) пайдалану мақсаттары бойынша:
тұтыну шығыстары салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу;
салымдардағы және бағалы қағаздардағы қорланымдар мен жинақақшалар;
шетел валютасын сатып алу;
халықтың қолдарындағы ақшалардың өсімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет