Тұрақты шығындар – фирманың өндіретін өнім көлеміне тәуелді
болмайтын шығындар.
Тұтынуға деген орташа бейімділік – салықтарды төлеп
болғаннан кейінгі үй шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен
қызметтерін сатып алуға жұмсайтын табыстарының бір бөлігі; тұтыну
шығындарының қолда бар табысқа қатынасы.
Тұтынуға деген шекті бейімділік – қолда бар табыстың кез-
кел ген өзгеруіндегі тұтыну тауарларына кететін шығындардың
үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің тұтыну шығындарының өзгерісіне
қатынасы.
Тұтынушылық бағалар индексі – тұтынушының статистикалық
орташа есеппен сатып алатын құрамына 300-ден астам тұтыну
тауарлары кіретін «тұтыну қоржынының» бағалар деңгейін өлшеу
үшін қолданылатын индекс.
Тұтынушының егемендігі – шектеулі ресурстармен өндірілетін
тауарлар мен қызметтердің түрлеріне тұтынушының еркін таңдауы-
ның болуы.