Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет569/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Тарифтік емес тосқауылдар
– мемлекеттің елдер арасындағы 
сауда түрлеріне шек қоюды енгізетін кедергілері: импорттық квоталар, 
лицензиялар, стандарттар, еркін экспорттық шектеулер, т.б.
Тапшылық
– берілген бағалар (тепе-теңдік бағадан төмен) кезінде 
өнімге деген сұраныс көлемінің оның ұсыныс көлемінен артып кетуін 
білдіретін шама.
Тауарлар нарығы
– фирмалар өндірілген өнімдерін сататын және 
үй шаруашылықтары сол өнімдерді сатып алатын нарық.
Тепе-теңдік баға
– бәсекелес нарықтарда сұраныс көлемі мен 
ұсыныс көлемін теңестіретін баға.
Тепе-теңдік көлем
– бәсекелес нарықтарда тепе-теңдік баға 
кезіндегі сұраныс пен ұсыныс көлемі.
Технология
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолдануға 
болатын білімдер мен тәжірибелер жиынтығы.
Толық жұмысбастылық
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін 
қажетті барлық жарамды ресурстарды қолдану; циклдік жұмыссыздық 
нөлге тең болып, нақты жалпы ішкі өнім өзінің әлеуетті деңгейіне 
тең болғанда және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі ғана сақталатын 
кездегі жұмысбастылықтың деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет