Экономикаға «қуат беру» – «табыстар-шығындар» ағынына
немесе экономикалық айналымға инвестициялар, мемлекеттік
шығындар, экспорт түрінде құйылатын қосымша қаржылар.
Экономикалық интеграция – елдер арасындағы сауда тосқауыл-
дарын жою, жалпыға ортақ үлкен нарықты құру үшін әлемнің әртүрлі
елдерінің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі және ынтымақ тас-
тығы.
Экономикалық өсу – нақты жалпы ішкі өнім көлемінің сан
жағынан көбеюі мен сапалық жетілдірілуі немесе өндірілген нақты
өнім көлемінің жан басына шаққанда өсуі; экономикада қолданылатын
өндіріс факторларын ұлғайтудың және техника мен технологияны
жетілдірудің нәтижесінде өндірістік қуаттылықтың артуы.