Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың



Pdf көрінісі
бет281/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

8.4. Пайда туралы теориялық көзқарастар. Фирманың 
пайдасын барынша арттыру мәселесі
Пайда ұғымы фирманың нарық жағдайындағы экономикалық 
тұрақтылығын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тәуелсіздігіне 
кепілдік беретін өте күрделі категория ретінде сипатталады. Пайда 
не өндіру керек, қалай өндіру керек және қанша көлемде өндіру 
керек деген экономиканың негізгі мәселелерін шешуге көмектеседі. 
Сондықтанд өндірілген немесе сатылған тауарлар мен қызметтердің 
көлемі қанша және олардың бағасы қандай болғанда пайда мейлінше 
көп болады сұрақ фирмаларды ынталандырады. 
Экономикалық теорияның негізгі мектептері пайда туралы 
теориялық көзқарастарын әртүрлі жеткізді.


158
Меркантилизм бағыты пайданың қайнар көзін айналыс саласымен 
және сыртқы сауда-саттықпен байланыстырады.
Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл шаруашылығы 
саласында жасалады. Мұнда табиғат күштерінің әсерінен тұтыну 
құндары өндіріс шығындарынан әрдайым артып отырады делінеді.
Классиктер А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық 
өндіріс салаларында жасалады деп тұжырымдады. Мұнда капиталист 
пайданы жалдамалы жұмыскер еңбегінің өнімінен алып отырады. 
Марксизм теориясы пайданы барлық бастапқы капитал тудырған 
қосымша құнның өзгерген формасы деп санайды, ал қосымша құнның 
қайнар көзі болып жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі табылады. 
Пайданың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну 
үшін оның атқаратын қызметтеріне де тоқталып өтуіміз қажет. Пайда 
негізгі екі қызметті атқарады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет