Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет366/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Y = C + I + G + NX
Мұндағы, 
Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
I – фирмалардың инвестициялық шығындары;
G – мемлекеттік шығындар; 
NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айыр ма сы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай 
теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп 
атаймыз.
Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық 
емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық 
сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс 
көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, 
онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға 
жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт 
топқа бөлуге болады:
1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруа-
шылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, 
жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады.
2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөл-
шерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады.
3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді 
экономикалық саясаты жатады.
4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, 
сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.


213
Жиынтық ұсыныс
– бұл бір жылда өндірілген нақты жалпы 
ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір 
деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті. Жиынтық ұсынысқа да 
бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлар 
жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді және соған орай қисықтың 
бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар әсер еткенде 
жиынтық ұсыныстың өзі өзгереді және қисық оңға немесе солға 
жылжиды. Бағалық емес факторларға технология, ресурстардың 
бағалары, қолданылатын ресурстардың көлемі, салық салу деңгейі, 
нарықтық құрылымдардың өзгерістері және басқалары жатады. 
Бұл уақыт факторын ескермейтін сондай стандартты жағдай болып 
табылады және жиынтық ұсыныс қисығы баға деңгейі мен жиынтық 
өнім көлемі арасындағы тура тәуелділікті көрсетеді.
Алайда, жиынтық ұсыныс және оның көлемі уақытқа тәуелді 
болып табылады, сондықтан осындай ерекше жағдайларда, жиынтық 
ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталады (11.2-сурет):
1. Қысқа мерзім
, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер 
болғанда бағалар деңгейі өзгермейді және тек жиынтық өнім көлемі 
ғана өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы көлденең 
сипатта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет