252
Ген репрессиясы
(лат. repressio – басу, ағ. gene repression) – ген активтігін
тежеу, көпшілік жағдайда транскрипция үдерісін шектеу арқылы жүреді.
Ген экспрессиясы
(лат. expressio - əйгілену, ағ. gene expression) – ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық информацияны жүзеге
асыру. Ол: транскрипция, процессинг, трансляция сияқты негізгі үш сатыдан
тұрады.
Гендер амплификациясы
(лат.
amplification - өсу, көбею, ағ. gene
amplification) – гендер көшірмелері (копиялар) санының көбеюі.
Гендер банкі
(геномдар кітапханасы) – өз құрамына геномдағы гендердің
кемінде
бір тізбегі кіретін, клондалатын ДНҚ молекуласының жинағы.
Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон)
(ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс,
митохондриялар мен хлоропластарда орналасқан гендер.
Гендердің кітапханасы
– барлық бактериялық
жасушалардағы көбею
салдарынан жинақталған гендердің жиынтығы.
Гендік ex vivo терапия
(гр. ex vivo, ағ. ex vivo gene therapy) – науқастың
бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру мен трансформациялаудан кейін
жасушаларды трансфузия, инфузия немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді.
Бұл ем-шаралар генетикалық деффекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Гендік инженерия
– генмен жұмыс істеу тəсілдерін, оны геномнан бөліп алу,
синтездеу, геномға енгізу жəне геномды қажетті бағытта
өзгертумен керекті өнімдер
алуын айтады. Гендік инженерияны батыста рекомбинантты ДНҚ-мен жұмыс істеу
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: