ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


«ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ» БӚЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет36/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

«ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ» БӚЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ





  1. «Педагогиканың жалпы негіздері» курсының мақсат, міндеттері. Пән бойынша университеттерге арналған типтік және оқу жҧмыс бағдарламалары

Кез келген оқу пәнінің мазмұны тәрбиенің мақсатымен белгіленеді, оның нақты кӛрінісі болып табылады. Қоғам дами отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, олар барлық оқу пәндерінің мазмұнында кӛрініс табады. Педагогика қоғамдық ғылым болғандықтан ол қоғам талаптарын кӛрсетеді.

Жоғарғы оқу орындағы педагогика курсының мазмұнында жалпы педагогиканың негізгі қағидалары берілуі тиіс.

«Педагогиканың жалпы негіздері» бӛлімі бірден қалыптасқан жоқ. Бұл бӛлімді жоғарғы оқу орнының оқу бағдарламасына енгізу жайында кӛптеген талассӛздер жүргізілді. Бұл бӛлімнің маңызы, әсіресе, педагогика курсы үш бӛліктен тұрғанда кӛріне басталды: педагогикаға кіріспе, дидактика және тәрбие теориясы. Кейінірек дидактика және тәрбие теориясы бӛлек пән ретінде оқытыла бастады. Сондықтан барлық педагогикалық жоғары және орта арнаулы оқу орындарында болашақ мамандарды педагогика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыру басты міндет болып табылады.

«Педагогиканың жалпы негіздері» курсы педагогикалык пәндер жүйесінде басты модуль болып табылады. Жалпы педагогика адам дамуының заңдылықтарын, дамудың негізгі факторларын, тұлғаның калыптасуын зерттейтін негізгі ғылыми пән. Курсының мақсаты болашақ педагог-психологтардың теориялық және әдістемелік біліммен қаруландыру болып табылады. Осыған орай курстың негізгі міндеттеріне:


  • педагогикалық теория мен практика саласында студенттердің жан-жақты терең білімін қалыптастыру;

  • болашақ педагог-психологтардың педагогикалық ойлауы мен кӛзқарасын қалыптастыру;

  • қазіргі педагогикалық ғылымның түсіндірмелік аппараты, әдіснамасы, зерттеу әдістері саласындағы жетістіктермен таныстыру;

  • педагогиканың басқа бӛлімдерін зерттеу және ұғынудың негізін қалау жатады.

«Педагогиканың жалпы негіздері» курсының зерттеу объектісі

  • жалпыпедагогикалық жүйедегі басты модуль ретіндегі мазмұны.

«Педагогиканың жалпы негіздері» курсының мазмҧнында педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, адамтану жүйесіндегі педагогиканың орны, педагогиканың аксиологиялық негіздері; қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары; қоғамды демократияландыру мен ізгілендірудегі және білім берудің жаһандануындағы педагогиканың рӛлі мен дамуы қарастырылады.

Студенттердің ӛзіндік жұмыстарының формалары: педагогикалық сӛздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, аннотациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау, рефераттар мен эсселер жазу..

«Жалпы педагогика негіздері» курсын табысты меңгеру студенттердің ӛз бетімен жұмыс жасауын қажет етеді, пәнді оқу емтихан тапсырумен және курстық жұмысты орындаумен аяқталады.

  1. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Педагогика пәні»,


«Жеке тҧлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру»,

«Педагогикадағы мақсатты анықтау»

«Педагогика пәні»

Курстың алғашқы тақырыбы оның оны тансытырудан курстың әрі қарай қабылдануы жүреді. Қазіргі оқу құралдарында осы тақырыпты баяндаудың белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Ол жүйе тақырыптың нәтижелі меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Ең алдымен, педагогикаға тәрбие жайындағы ғылым ретінде анықтамасы беріліп, педагогика пәнін нақытылауға, тереңдетуге арналады. Педагогика тарихына шолу жасау арқылы білім алушыларға педагогиканың пәнін, әдіснамасын және педагогикалық зерттеудің әдістерін түсіндіру жүргізіледі. Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосқандығын атйта кету керек.

Педагогика адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Педагогика теориясының дамуын әңгімелей отырып, оның практикада қалай жүзеге асатындығын белгілі педагогтардың еңбектері мен кӛқарастары арқылы саптаған жӛн. Педагог білім алушының дамуы мен тәрбиесін ұйымдастырушысы ретінде пәнге жалпы анықтама бере отырып, мектеп педагогиканың пәнін белгілеп ӛткен жӛн.

Содан соң педагогиканың негізгі ұғымдары беріліп, тәрбиенің мәні ашылады. Педагогиканың негізгі ұғымдарын меңгеруде кӛп жұмыс қажет. Педагогика оқулықтарында «тәрбие» ұғымына бірнеше анықтама беріледі. «Білім беру» ұғымына анықтама бергенде оның үрдіс, білім берудің нәтижесі екендігін атап ӛту керек.

Келесі күрделі сұрақтардың бірі – бұл педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері. Ең алдымен, әдіснама жайында айтылған пікірлер кӛптігіне тоқталады. Дәріс барысында әдіснамаға анықтама беріліп, оның құрылымының үш бӛлімнен тұратының кӛрсету керек: 1) Әдіснамалық негіздемелер, бастапқы қағидалар, ғылымның әдіснамалық ақпараты; 2)Педагогикалық теория: идеялар, заңдар, болжамдар, ғылыми фактілер; 3)Қолданбалы бӛлім. Онда принциптер, ережелер, зерттей әдістері және ғылыми ұсыныстар.

Әдіснамалық зерттеулер педагогиканың пәнін, оның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын, мәселелерін дәлірек және тереңдете белгілеуге мүмкіндік береді. Әдіснаманың басты міндеті – тәрбие жайындағы білімді табу жолдары мен принциптерін, әдістерін белгілеу.

1. Әдіснаманың маңыздылығын білім алушыларды нақты зерттеумен, оның ӛтуімен және нәтижесімен таныстыру арқылы аша түсуге болады. Нақты мысалмен зерттеудің бастапқы қағидаларын, болжамын, міндеттері мен кезеңдерін, әдістерін кӛрсетумен түсіндіріледі. Ғылыми әдістер жайында В.И.Загвьязинскийдің «Методология и методы педагогического исследования» - М., 2003., Педагогика / Дәріс курсы. Абай ат. ҰПУ.- Алматы: «Нұрлы әлем», 2003 оқулықтарынан алуға болады.

Педагогиканың дамуын кӛрсетуде кӛрнекілікті дұрыс пайдаланған жӛн. Тақырыптың «Педагогикалық ғылымдар жүйесі» сұрағын сызба түрінде түсіндіруге болады. Олар педагогиканың тәрбиемен байланысын сипттап білім алушыларға түсіндіруде қажет құралдар: суреттер, педагог портреттері, оқулықтар, фотокӛшірмелер.
«Жеке тҧлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру»

«Педагогиканың жалпы негіздері» курсындағы ең күрделі тақырыптарының бірі. Бұл тақырыпты аталмыш курс мазмұнына орыс педагогы П.Н. Груздев енгізіген. Тақырып мазмұнына сәйкес

негізгі ұғымдарға, жеке тұлға туралы түсінікке, тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуына, тұлға дамуындағы оқытудың орнына, тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторларына: тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбие факторларының ролі туралы сипаттама беріледі. Оқытушының міндеті – осы факторлардың адам дамуында қандай ӛзара байланыста, тәуелділікте болатындығын кӛрсету. Сонымен қатар тұлға дамуының негізгі факторларының әртүрлі жас кезеңдерімен байланысын түсіндіруде дамудың негізгі заңдылқтарын (біркелкі еместігін, тәрбиелік ықпалға сәйкессіздігін, қарама-қайшылығын) кӛрсетуге негізделеді. Әдетте, бұл адам дамуының тарихи жолы арқылы сипатталады. Осы мақсатта түрлі құралдар: әдеби кейіпкерлер, кинофильмдерден мысалдар, оқытушының білім алушыны ұзақ бақылау нәтижелері және т.б.қолданылады.

Бұл тақырып негізінен теориялық жағынан оқытылса да, практикалық тапсырмалар беруге болады. Мысалы, тұлға дамуындағы тәрбиенің ролі жайында айтылған белгілі педагогтардың пікірлерін талдау (А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев және т.б.), педагогикалық ситуацияларды шешу, білім алушы тұлғасының кейбір жақтарының дамуын, ӛзгерісін бақылау және т.б.



Дәрістің мазмұндық негізі күтілетін нәтижелер мен міндеттерге жетуге бағытталауы тиіс. Сондықтанда жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлармен танысуды интерактивті әдістер мен сыни тұрғыдан жазу және ойлау технологиясының элементтерін пайдалану арқылы ӛткізуге болады. Тақырып бойынша білім беру үдерісін бұлай ұйымдастыру – педагог пен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің сабақтастық, үздіксіздік, табиғатқа үйлесімділік, практикаға бағдарлану ұстанымдары арқылы жүзеге асуына мүмкіндік береді. Тӛменде осы тақырыптың үлгі жоспарын ұсынамыз.

Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру

Мақсаты: педагогика ғылымындағы жеке тұлғаға қатысты берілетін түсінік жӛнінде жалпы мағұлымат беру негізінде, жеке тұлғаның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Тірек ҧғымдар: тұлға, жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштер, әлеуметтену.

Міндеттері:

  1. Педагогика ғылымындағы жеке тұлғаның дамуына қатысты қарастырылатын тұлға, индивид, жеке тұлғалық, даму, қалыптасу, тұқымқуалаушылық, тәрбие, әлеуметтену ұғымдарына жалпы түсінік беру арқылы бірлесіп талқылау;

  2. Оқыту мен жеке тұлға дамуының байланысын анықтау арқылы болашақ педагогтар үшін практикалық мәнді мәселе болып табылатын оқыту формалары мен әдістерін таңдау икемділіктерін қалыптастыру;

  3. Әлеуметтену ұғымына берілген сипаттама негізінде жеке тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін қарастырып, факторларын анықтау.

Күтілетін нәтижелер: Білім алушылар дәріс барысында :

  • Педагогика ғылымындағы жеке тұлғаның дамуына қатысты қарастырылатын ұғымдар туралы жалпы түсінік алу үшін бірлесіп талқылайды;

  • Оқыту мен жеке тұлға дамуын жүзеге асыру үшін тиімді болып табылатын оқыту формалары мен әдістерін сараптай алады;

  • Жеке тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін жіктеп, оның жүзеге асу факторларын анықтайды.

  • Оқу міндеттерін шешуде теория мен практика арасындағы байланысты анықтай алады;

  • қажетті ақпараттарды алу және іріктеу тәсілі ретінде сӛйлеу, жазу, талдау іс-әрекеттерін жүзеге асырып, алынған ақпаратқа қатысты ӛзінің ойын білдіреді;

  • кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға қарай шағын кӛлемдегі мәтін түрлерімен жұмыстанады;

  • қойылған мәселелерді шешу үшін топпен бірлесіп жұмыс жасайды.


1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ


  1. Жаттығу: «Менің бейнем ... »

Мақсаты: Білім алушылардың белсенділігін арттырып ӛнімді жұмысқа тартау.

Тапсырма: Білім алушылар тӛменде берілген «Мен» бейнесіне қатысты ойларды ӛздерінің дүниетанымына сәйкес аяқтап бір- біріне және аудиторияда оқып береді.

«Менің» ерекшелігім ...

«Мен» жеке қарым-қатынаста ...

«Мен» ұжымда ...

«Мен» ұнатпаймын ...

«Мен» ақпаратпен жұмыстанғанда ...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет