3. Курс бойынша практикалық тапсырмалардың ӛзгешеліктері
Дәріс кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында білім
алушы тӛменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде білім алушы кӛп тапсырма орындап үлгерсе, ол білім алушының іскерлігі, шеберлігі, белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Білім алушының осындай зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ кезеңдерінде білім алушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара қатынасы ескеріледі. Білім алушының ӛзін-ӛзі тануына, ӛз күйін ӛзі сезінуіне, ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік – мәдени кеңістік жасау қажет.
Деңгейлік оқыту технологиясын келесі бағытта қолданамыз. Білім алушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Әр сыныпта білім алушылардың ӛз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Әр білім алушының жеке дамуының кӛрсеткіші жасалады. Білім алушы ӛзін-ӛзі бақылайды. Жыл соңында әр білім алушының білім сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған әр білім алушының білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады. Білім алушы жыл бойы ӛзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып отырады.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – білім алушылардың ойлау, сӛйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік кӛзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі тӛрт деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мӛлшерінен аспайтын, білім алушының жас ерекшеліктеріне сай болады.
Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын талаптар мынадай: Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу
жоспарын толық білуі тиіс. Екіншіден, білім алушының физио – психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жӛн. Үшіншіден, білім алушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Әсіресе орыс оқу орынытеріндегі қазақ тілі тапсырмаларына әдебиет материалдарын пайдалану ӛте тиімді. Тӛртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, білім алушының ойлау қабілетін дамытатын, кӛркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет. Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, білім алушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жӛн.
Алтыншы тарау бойынша сҧрақтар мен тапсырмалар
«Педагогиканың жалпы негіздері» бӛлімінің маңызы қандай? Курстың мақсат, міндеттерін талдаңдар.
Пән бойынша университеттерге арналған типтік және оқу жұмыс бағдарламалары қандай?
«Педагогика пәні» тақырыбының әдістемелік сипаттамасын ашыңыз.
«Жеке тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру» тақырыбына әдістемелік сипаттама беріңіз.
«Педагогикадағы мақсатты анықтау» тақырыбы бойынша әдістемелік сипаттама жасаңыз.
Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?
Педагогиканы ғылым және ӛнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?
Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
Педагогиканың тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.
Берілген әдебиет тізімі бойынша «педагогика» ғылымын түсіндірудің кестесін құрыңыз. Есеп беру формасы: кесте.
«Адамзат тарихында педагогикалық ойлардың дамуы» атты хронологиялық кесте құрыңыз.
Педагогиканың дамуына әсер ететін әртүрлі факторлардың ӛзара байланысын кӛрсететін сызба құрастырыңыз. (Адамның қоғамдағы ӛмірге дайындығының обьективтік қажеттілігі, қоғамдық ӛмірде тәрбиенің ролі артуы, текті сақтаудың
биологиялық заңдылығы, мен техникалық дамуы, ұстаздардың іс- әрекеті). Есеп беру формасы: сызба.
Берілген әдебиет тізімі бойынша 7-10 библиографияалық карточка жазыңыз. Оларға аннотация құрыңыз. Есеп беру формасы
: картотека.
Берілген тақырыптардың біреуі бойынша әдеби және ғылыми әдебиеттерден үзінді дайындаңыз:
Қазіргі ӛмірдегі педагогика.
Ізгіліктік педагогика идеяларын дамытудағы дәстүрлер мен сабақтастық.
Ӛз таңдауыңыздағы тақырып.
Педагогикалық хрестоматиясының фрагментін құраңыз (авторы, оқулық атауы, баспасы, беті және т.б.). Есеп беру формасы: хрестоматия фрагменті.
Алтыншы тарау бойынша а пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан., 2007.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- Негізгі ережелер. ҚР МЖБС 2.003-2009. Ресми басылым. ҚР Білім және ғылым министрінің №566/1 бұйрығымен 22.11.2007 жылы бекітілген.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.- 2002.
Савин И.В. Методика преподавания педагогики. М., Просвещение, 1987.
Стефановская Т.А. Система и методика преподавания педагогических дисциплин в вузе. Иркутск, 1992.
Сластенин В.А. Педагогика профессионального образования. М., Академия, 2004.
Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. -М.: Педагогика, 1986.
Педагогика / Дәріс курсы. Абай ат. ҰПУ.- Алматы: «Нұрлы әлем», 2003.
Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. – СПб., 1992.
Подласый И.П. Педагогика. – М., 2000.
Лихачев Б.П. Педагогика: Учеб.пособие.- М., 1992.
Краевский В.В. Общие основы педагогики
/В.В.Краевский. - М:Изд.центр «Академия», 2003. - 256 б.
Громкова М.Т. Педагогика образования взрослых. - М., 1995.
Гапонов П.М. Лекция в высшей школе. - Воронеж: Издательство Воронежского университета, 1977.
Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. Молдагалиев Б.А.Орал, 2005.
Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. - М.: Педагогика, 1990. - 168 с.
Щедровицкий Г.П. Система педагогических исследований (Методологический аспект). В кн.: Педагогика и логика.-М; Касталь, 1993.
Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.- М..;1977.
Данилов М.А. Основные проблемы методологии и методики педагогических исследований. - М.: АПН СССР, 1971. - 36 с.
Образцов П.И. Методы и методология психолого- педагогического исследования.- СПб.: Питер, 2004,- 268.
Шаталов В.Ф. Точка опоры: об экспериментальной методике
преподавания. - М.: Педагогика, 1987. – 158 с.
Новиков А.М. Методология образования. – М., 2006.
Загвязинский В.И. Методология и методика педагогических исследований. - Тюмень: Изд-во Тюменского университета, 1996.- 86с.
Достарыңызбен бөлісу: |