Жаттығу: «Екі жақты күнделік» (кестені толтырыңыз) Мақсаты: Білім алушыларды белсенді іс-әрекетке бағыттау. Тапсырма: Білім алушыларға дәріс мазмұнымен байланысты
«Екі жақты кҥнделік» толтыру тапсырылады.
Тӛменде берілген кестені ӛз дәптерлеріңізге жазбаша түрде орындап аяқтаңыз. Пікірлеріңізді орта салып топта талдаңыз.
«Жеке тұлға» деп кімді айтуға болады? Оның дамуы мен тәрбиесі туралы Мен не білемін?
|
|
Нені білгім келеді?
|
|
Нені үйренгім келеді?
|
|
Ҥлестірмелі материалдармен жҧмыс
Тапсырма: Білім алушылар тӛрт шағын топқа бірігіп, ӛздерінің үлестірмелі материалымен жұмыстанып, «Тҥйінді сӛздер» атты тӛмендегі кестені ӛз тақырыптарына сәйкес толтырады. Жұмыс соңында әрбір шығын топ ӛкілі материалды аудиторияға түсіндіріп, бірлесіп талдайды.
Кесте - «Түйінді сӛздер» (ӛздік жҧмысқа арналған материал бойынша толтырылады)
Тақырыбы
|
Түйінді сӛздер, олардың
анықтамасы
|
|
|
топ тапсырмасы: «Жеке тҧлға туралы тҥсінік»
Тҧлға - біріншіден, дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық ӛмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің ӛзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі ӛзімен- ӛзі болу қабілетінде ашылады; екіншіден, адамдар арасындағы ӛзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның ӛкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен ӛзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.
Индивид (лат. individuum – бӛлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің ӛкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының ӛнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір ӛкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы ӛзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары:
психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;
қоршаған ортамен ӛзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;
белсенділігі.
Тұтастық белгісі индивидтің ӛмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын кӛрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын кӛздейді. Белсенділігі оынң ӛзін ӛзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Жеке тҧлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, ӛзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің
жиынтығы; 2) басқа адамдардан ӛзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының ӛзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде кӛрінеді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің кӛп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.
Адам – ӛзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының ӛзгеруі адам ӛмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда ӛз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
топ тапсырмасы: «Тҧлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы»
Адамның жеке қасиеттері ӛмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму – тӛменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: ӛзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, ӛзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүхеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы – оның қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық ӛзгерістер процесі (адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, ӛнегелілігі, қоғамдық-саяси кӛзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі).
Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні ӛте зор. Тҧқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан немесе ата- бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бӛлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам ӛміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (ӛндіргіш күштер мен ӛндірістік қатынастар деңгейі, ӛмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым- қатынас ортасы.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Тәрбие - ӛсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның ӛзгерістері жӛнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен ӛтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді.
топ тапсырмасы: «Тҧлға дамуындағы оқытудың орны»
Оқыту мен дамудың байланысын анықтау практикалық мәнді мәселе болып табылады. оны шешуден білім берудің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылады.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, ӛмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы.
Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүхеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екіжақты түсіндіріледі: 1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі; 2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқыту мен дамудың ӛзара қатынасы үш тұрғыдан түсіндіріледі:
Оқыту мен даму жеке-жеке, бір-біріне бағынышты емес процестер (В.Штерн, Ж.Пиаже).
Оқыту мен даму – біртұтас процесс (Джеймс, Торндайк).
Оқыту мен даму бірге, оқыту дамудан кейін және оқыту дамудан бұрын жүретін процесс (Коффка және т.б.).
Осылайша, оқыту мен даму бір-бірімен ӛте тығыз байланыста: олар – біртұтас процесс. Оқытудан тыс даму жүрмейді.
Оқыту процесінде дамудың сипаты алынатын білім және оның ұйымдастырылуымен анықталады.
топ тапсырмасы: «Тҧлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторлары»
Адамның қоғаммен байланысы «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. Әлеуметтену – бұл тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі. Ол «бейімделу» ұғымымен байланысты. Бейімделу («адаптация» лат. «adaptatio» – бейімделу) – биологиялық термин, тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі. Осылайша, әлеуметтік және психологиялық бейімделу терминдері пайда болады. Оның нәтижесі – тұлғаның түрлі әлеуметтік ситуацияларға, микро- және макротоптарға бейімділігі. Бейімделу ұғымы кӛмегімен әлеуметтену былай түсіндіріледі: адамның әлеуметтік ортаға ену және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделу процесі.
Қоғам әлеуметтік құрылымдарын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды (топтық, таптық, этникалық, кәсіби және т.б.), рольдік мінез-құлық үлгілерін қалыптастырады. Қоғамнан бӛлектенбес үшін тұлға әлеуметтік ортаға, әлеуметтік байланыстар жүйесіне ену арқылы осы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтену бұнда әлеуметтік
тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, ұстанымдарды меңгеру арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану процесі.
Бірақ тұлға ӛзінің дербестігіне, автономиясына, жеке кӛзқарасының қалыптасуына, қайталанбас даралығына ие. Осыған сәйкес, әлеуметтену – бұл әлеуметтік байланыстар мен тәжірибені меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның ӛзін-ӛзі дамыту және ӛзін-ӛзі іске асыру процесі.
Әлеуметтенудің мәні адаптация, интеграция, ӛзін-ӛзі дамыту және ӛзін-ӛзі іске асыру процестерінде кӛрінеді.
Әлеуметтену – үздіксіз процесс. Ол ӛмір бойы жалғасады. Ол бірнеше кезеңдерге бӛлінеді. Ғылымда әлеуметтену кезеңдерін ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді.
Еңбекке дейінгі кезең, дүниеге келгеннен еңбектену қызметіне дейінгі уақытты қамтиды. Бұның ӛзі екі кезеңнен тұрады: ерте әлеуметтену – дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейін; жастық шақтағы әлеуметтену – мектепте, техникумда, жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы.
Еңбектену кезеңі, адамның жетілуін қамтиды. Оның уақыты нақты белгіленбеген, себебі бұнда адамның бүкіл еңбектену жолы енеді.
Еңбектенуден кейінгі кезең, егде шақта еңбек әрекеті тоқтаған кезде жүреді.
Әлеуметтену процесі барысында тұлға түрлі рольдерді орындайды. Оларды әлеуметтік рольдер деп атайды. Рольдердің кӛмегімен тұлға ӛзін кӛрсетуге, ашылуға мүмкіндігі бар.
Әлеуметтену факторлары - әлеуметтену процесі ӛтуіне қажет жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді:
макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде ӛмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді; мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос
- әлеуметтену факторы), олар ӛмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары;
микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС
Жаттығу: «Екі жақты кҥнделік» (кестені толықтырыңыз)
Мақсаты: Білім алушыларды алған білімдерін жинақтап қорыту.
Тапсырма: Білім алушылардың дәрістің басында толтырған
«Екі жақты кҥнделіктерін» толықтыру тапсырылады.
Нені білгім келді
|
|
Нені үйрендім
|
|
«Педагогикадағы мақсатты анықтау»
Тұлғаны жан-жақты дамыту – тарихи құбылыс. Оны әрбір тарихи кезеңдегі құжаттар мен деректерді қарай отырып, кӛруге болады. Бұл тақырыпты ашуда ҚР-ның мемлекеттік құжаттарына сүйенген дұрыс: ҚР-ның «Білім туралы» Заңы, «Тәрбие тұжырымдамасы», «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы», ҚР «2011-2020 жылары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».
Сонымен қатар, педагогикадағы негізгі философиялық тұжырымдамаларды сипаттай отырып, әрбіреуінде тәрбие мақсатын белгілеуіндегі ерекшеліктерді кӛрсету керек. Олар: неотомизм, прагматизм, экзистенциализм, бихевиоризм. Сонымен бірге, бұл дәрісте пәнаралық байланыс жүзеге асырылатындықтан, тақырыптың философия, тарих пәндерімен байланысын талқылау қажет.
Практикалық сабақтарда осы тақырып бойынша педагогикалық ситуацияларды шешу, жаттығуларды орындау, мұғалімдердің оқу- тәрбие жұмыс жоспарларымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |