Бақылау сҧрақтары
Оқыту дегеніміз не?
Оқыту процесінің мәні неде?
Оқыту процесінің функцияларын ата.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін
Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатыларын сипатта.
Оқытудың қызметін атаңыз.
Оқыту түрлері, олардың кемшіліктері мен жетістіктерін
атаңаыз.
Оқыту түрлерінің сипаттамасын және ерекшеліктерін атаңыз.
бет.
Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368
Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в
педагогике.М.,1971.
Ильин Е. Рождение урока. М., 1986.
Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997. 5.Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев.
1989.
Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000. 6.Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.
Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество.
М., 1987.
Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993. 9.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000. 10.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.
Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения.
М.,1981.
Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.
Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1984.
Ӛзіндік жҧмыстар ҥшін тапсырмалар
Оқыту түрлерін жүйелеп, кесте түрінде кӛрсет.
Оқытудың психологиялық теориялары.
Оқышылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері. 4 Оқыту процесінің құрылымын кесте түрінде кӛрсет.
5) Кӛрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары.
Реферат тақырыптары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивтері.
Оқыту процесінде тұтас педагогикалық процестің негізгі функцияларын жүзеге асыру.
Оқытудың қозғаушы күштері.
Оқыту процесінде жеке тұлғаны дамыту.
Л.В.Занковтың дамыта оқыту теориясы.
В.В.Давыдов еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары.
Д.В.Эльконин еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары.
Оқушылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері.
«Оқыту ҥрдісінің заңдылықтары және принциптері»
Педагогиканың, дидактиканың маңызды бӛлігі ретінде, оқыту процесінің заңды байланыстарын ашуға бағытталады. Содан кейін
«заң», «заңдылық», «принцип» ұғымдарына анықтама берген дұрыс. Принциптер – бұл оқу-тәрбие жұымысының тәжірибесін зерттеу негізінде қалыптасатын бастапқы қағидалар.
Осыдан келе оқыту мен даму, оқыту мен тәрбие арасындағы заңды байланыстарды кӛрсетуге кӛшеді.
Оқыту үрдісіндегі заңды байланыстар дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Бұл байланыстарды әсіресе, М.А. Данилов дәлелдеген: «Оқыту принциптері – дидактиканың
категориялары. Олар тәрбие мен білім берудің мақсатына сәйкес оқыту заңдарын қолдану тәсілдерін сипаттайды. Оқыту принциптерінің жүйесі – бұл оқыту теориясының бейнеленуі. Ол оқыту мазмұнын, әдістерін және ұйымдастырылуын анықтайды».
Осылайша, дидактикалық принциптер аталып, оларға толық сипаттама беріледі. Ендігі жерде осы сабақтың үлгі жоспарын беріп отырмыз.
Тақырыбы: Оқыту заңдылықтары және принциптері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқыту принциптері, заңдылықтары туралы жан-жақты мәлімет беру, оқыту принциптері мен заңдылықтарының түрлерімен таныстыру. Студенттердің оқыту принциптері мен заңдылықтары жӛнінде алған жан-жақты ақпараттарын ӛздерінің ӛмір сүру барысында тиімді қолдана білуін ұйымдастыру.
Сабақтың әдісі: Презентация, түртіп алу, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма.
Жоспары:
Оқытудың заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік.
Оқытудың заңдылықтары.
Оқытудың жеке (нақты) заңдылықтары.
Оқытудың принциптері мен ережелері.
І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
Жаттығу «Ауызша пікір алмасу»
Тапсырма: Студенттердің тақырып бойынша түсініктерін, пікірлерін білу мақсатында сұрақтар қойылады.
Оқыту дегеніміз не?
Принцип дегеніміз не?
Оқыту принциптерін қалай түсінесің?
Оқыту заңдылығы мен принципінің қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыз?
2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ
2. Ойша шолу
Дәрістің 1-2 сұрағы қамтылады.
Оқыту принциптері мен заңдылықтары жӛнінде мәлімет алу үшін мына слайд шоуға назар аударайық.
Слайд 1. Оқыту теориясының негізгі компоненттерінің бірі оның заңдылықтары. Олардан құбылыстар, үрдістер, оның нәтижелері арасындағы обьективті, тұрақты және қайталанып келіп отыратын байланыстар кӛрініс табады.
Дидактикалық принциптер – оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар.
Слайд 2. Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы «оқытудың табиғатқа сәйкестігі» деген атқа ие болды. Ж.Ж.Руссо оқыту процесінің принципалдық негізі баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын кӛрнекілік принципінен шығарады.
Слайд 3. А.Дистервег оқыту жүйесін нақты ережелермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, оқушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бӛліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында кӛрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың кӛрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.
Оқыту процесінде қызмет ететін заңдылықтары жалпы ӛз әрекетімен бүкіл жүйені қамтиды және жеке немесе нақты жүйенің белгілі бір компонентіне әсері болып бӛлінеді.
Слайд 4. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар:
Оқытудың мақсаты тәуелді: а) қоғамның дамуының деңгейіне және қарқынына; б) қоғамның сұранысына және мүмкіншілігіне; в) педагогика ғылымының және практикасының даму деңгейіне және мүмкіншілігіне.
Оқытудың мазмұны тәуелді: а) қоғамдық сұранысқа және оқыту мақсатына; б) әлеуметтік және ғылыми техникалық прогрестің қарқынына; в) оқушылардың жастық мүмкіншіліктеріне; г) оқытудың теориясы мен практикасының
дамуының деңгейіне; д) оқу орындарының материалдық техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне.
Білім сапасы оқытудың әрбір жаңа кезеңінің тиімділігі тәуелді:
а) оның алдындағы кезеңнің ӛнімділігіне және ондағы қол жеткен нәтижеге; б) оқылып жатқан жадығаттың сипатына және кӛлеміне; в) мұғалімдердің ұйымдастырушылық педагогикалық әсеріне; г) оқушылардың оқығандығына; д) оқыту уақытына.
Оқыту әдістерінің тиімділігі тәуелді: а) әдістерді қолданудағы біліміне және дағдысына; б) оқыту мақсатына; в) оқытудың мазмұнына; г) оқушылардың жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне; е) материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне, ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.
Оқытуды басқару. Оқытудың ӛнімділігі тәуелді: а) оқыту жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші әсердің дұрыстығына.
Оқытуды ынталандыру мыналардың есебінен болады: а) оқытудың мотивтері ә) сыртқы (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) стимулдардың.
Достарыңызбен бөлісу: |