Жаттығу «Тҥртіп алу»
Дәрістің 3-4 сұрақтарын түсіну үшін «Түртіп алу» стратегиясын орындау тапсырылады. Әр студен бұл бӛлікті жұппен орындайды.
+ жаңалық, V білемін,
? түсінбедім,
келіспеймін.
Сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы тапсырма талқыланады.
Ҥлестірмелі материал:
Оқушылардың танымдық іс-әрекеінің ерекшеліктері.
Оқыту процесінің методологиялық және философиялық негізі диалектикалық материализмнің таным теориясы болып табылады, онда таным процесінің диалектикасы, ойдың бір кезеңнен екінші кезеңге қозғалысы ашып кӛрсетіледі.
Адамның танып білуі бірнеше кезеңнен ӛтеді:
Ең алдымен сезімдік тану болады, ол арқылы бала ӛзін қоршаған табиғи және әлеуметтік құбылыстары, оқиғалар, заттар туралы түрлі елес алады. Осы сезімдік образдар барынша жүйеленсе және жалпыланса, балаға мектепте оқу жеңіл болады. Бірақта сезімдік тану жүйесінде бала қоршаған дүниенің заңдылықтарын кӛрсете, айыра алмайды.
Дерексіз /абстракталық/ танып білу, ұғымдар жүйесін меңгеруі. Мұнда мектептік оқыту қажет. Оқушының танымдық іс- әрекеті бір жақты болады. Ол қоршаған дүниенің белгілі бір жақтарын оқу пәндерінің мазмұны арқылы зерттеп біледі. Оқушының танымдық іс-әрекетіндегі нақтылық және дерексіздік қарама-қайшылықты күш ретінде болып, оның ақыл-ой дамуында әр түрлі үрдістерді құрастырады.
Танып білудің жоғары кезеңі, яғни жоғары дамыған абстрактылық ойлаудың негізінде қоршаған дүние туралы жалпыланған елес қалыптасып, ал ол ӛз кезегінде кӛзқарастарды, сенімдерді, дүниеге кӛзқарастарды қалыптастырады.
Мектептегі оқу баланы ғылыми білімдер, ұғымдар, заңдылықтар дүниесіне енгізеді. Оқушы аз уақыттың ішінде адамзат ғасыр бойы танып білген, жинақтаған білімді меңгеріп алады.
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін басқаруға үйрену үшін, олардың білімді меңгеруінің кезеңдерін жақсы білу керек. Негізгі кезеңдері: қабылдау, оқу материалын ұғынуы, бекіту, практикалық іс-әрекетте білімді қолдануы.
кезең – қабылдау. Психологияда қабылдауды мақсатты бағытталған танымдық процесс ретінде қарастырады. Ол таңдаушылық сипатта болады. Сондықтан оқушыларға ең алдымен тақырыпты хабарлау керек, яғни олар нені оқитынын білуге тиіс. Міндет қойылып, ол түсіндірілуге тиісті. Егерде оқушылар оқу міндетін ұғынбаса материалмен таныстыра бастауға болмайды.
Сосын мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар даярлық жұмыстарды орындайды. Оқу материалымен бастапқы танысу жүзеге асырылады. Онда шынайы немесе суреттелген заттармен, құбылыстармен, жағдайлармен жұмыс жүргізіліп, таныстырылады, тәжірибелерді жүргізу іске асырылады.
Бірінші кезеңде оқушылар қандай құбылыстарды, уақиғаларды, заттарды т.б. оқитын туралы ұғымдары болады және оқу міндетін түсінеді.
кезең – оқу материалын ҧғыну. Оның мәні: білімдегі теориялық астарларды бӛлу және талдау. Басты ойды тауып, ұғымдарды бӛліп шығарып, олардың белгілерін негіздеу, түсіндіретін материалдың сипатын ұғыну, мысалдардың жиынтығын және түсіндіретін фактілерді танып білу. Мұнда оқушының білімінде жүйе қажет, онда ол басты екінші қатардағы қосымшаны түсіндіретін элементтерді кӛріп отырғаны абзал. Оқып жатқанды екі түрде негіздей дәлелдей алатын болуы керек, яғни репродуктивтік түрде: мұғалімнің түсіндіру логикасын қайталайтындай және шығармашылық түрде: сӛйлеуінде ӛзінің мысалдарын, фактілерін, шешу тәсілдерін қосуы.
Бұл кезеңді орындалды деуге болады, егерде оқушылар оқу міндетінің шешу тәсілдерін түсінсе және білімдегі жүйені ұғынса.
кезең – еске сақтау немесе бекіту. Мұндағы міндет ұзақ уақытқа алған білімді сақтау. Осы кезеңде танымдық іс-әрекет жаттығу, дербес репродуктивтік және шығармашылық жұмыс түрінде кӛбірек сипат алады. Теориялық материал, ұғымдар, ережелер, дәлелдеулер әр түрлі жаттығуларда қайталанады. Ұғымдардың белгілері берік бекітіледі,ережелер, теоремалар, заңдар жақсырақ есте қалады.
Мұғалім оқушылардың жаттығуларды саналы орындағанын қадағалап отыру керек. Мұғалім еске сақтаудың әр түрлі тәсілдерін оқушыларға үйретіп отырады.
Үшінші кезеңнің қорытындысында оқушылар теориялық материалды білулері қажет және оны жаттығуларды орындағанда, есептерді шығарғанда, теореманы дәлелдегенде және т.б. қолдана білуі керек. Оларда оқу іскерліктері және дағдылары қалыптасқан.
кезеңде оқушылар алған білімді, іскерлікті және дағдыны практикалық іс-әрекетте қолдана білу қажет.
Бұл қатынаста сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстан үлкен мүмкіншіліктері бар. Балалардың жас техниктер, жас натуралистер үйірмелеріне, спорттық, кӛркемӛнер секциясына т.б. шараларға қатысуы оқу іскерліктері мен дағдыларын практикалық іс-әрекеттің әр түрлерімен байланыстыруға кӛмектеседі.
Оқытуды оқушылардың практикалық іс-әрекетімен байланыстыру оларда моральдық сапаларды қалыптастыруға,
қызығушылықтарын және ынталарын, оқудың он мотивациясын тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Жаттығу: «Т кестесі»
Дәрістің 5 сұрағы кӛрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары «Т кестесіне» салынады. Мәтінді талдап, ондағы білім беру жүйесінің дамуына үлестерін қосқан тұлғалардың нақты еңбектерін «Т» кестесі арқылы кӛрсетеді. Студенттер «Т» кестесінің бір жағына ғалымдардың есімдерін жазып, екінші жағына олардың еңбектеріне сипаттама береді. Білім беру жүйесінде дамыта оқыту идеяларының дамуына үлестері жӛнінде ӛз ойларын жазады.
Көрнекті педагогтардың еңбектеріндегі дамыта оқыту идеялары
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенiн психология ғылымы жеткiлiктi дєрежеде де дәлелдеп бердi деп айтуға болады. Бұл мәселенi түбегейлi зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролiн, алар орнын анықтаған кӛрнектi психолог Л. С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керiсiнше оқу мен даму екi бӛлек процесс деген кӛзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының тӛмендегiдей екi аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердiң кӛмегі арқылы атқара алатын iстерi.
Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердiң кӛмегiнсiз iстей алатын iстерi.
Баланың дамуы бiрiншi аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен ӛзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға ӛрiс ашылады. Бұдан әрi психиканың бүкiл саласының қалыптасуы, адамның белсендi қызметтi ӛрiстетуi мүмкiн болады. Бұл процесте ол бiр жағынан ӛзiнiң iскерлiгi мен қабiлетiн нығайтып жетiлдіреді, жаңа дағдыларды игередi, екiншi жағынан материалдық жєне рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне ӛз үлесiн қосады. Баланың потенциалдық мүмкiндiктерi неғұрлым жан- жақты үйлесiмдi, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметi соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады.
Оның жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпiндi меңгерiп, жаңғырта алады. Демек, шын мәнiндегi - ертеңгі меңзеу орын алады.
Ғалым психологтар Л. .Занков, А. А.Люблинская, В.В.Давыдов, Д. Б.Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын ӛзгертуге арналған зерттеулер жасалады. С.Л.Рубинштейн, Е..Кабанова-Меллер жєне басқалар ӛз зерттеулерiнде оқыту дамудың негiзгi алғы шарты екенiн делелдейдi.
И.Я.Лернер «даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негiздей отырып, адамның әртүрлi қиындықтардағы мәселелердi шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мұндай анықтама интелектуалдық iс-әрекеттi жоғары орынға шығарады. Мєселе қаншалықты күрделi болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметi де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейi де жоғары болады.
Дамыта оққыту идеясын алғашқылардың бiрi болып 1959-60 жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесiн мұғалiмдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгiлi себептерге байланысты ӛрiстеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерiнде қайтадан қолданыла бастады. Қазiр бұл жүйе дәстүрлi оқытумен қатар пайдаланып келедi.
Л.С. Выготскийдің теориясы Д.Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрi қарай жалғастырылады. Баланың - ӛзiн-ӛзi ӛзгертушi субъект ретiнде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргiзiлдi. Екi авторлар тобы да ӛз жүйелерi бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдiстемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық iс-тәжiрибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту – дәстүрлi оқытуға соңғы уақыттарға дейiн балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесiнде әр оқушы ӛзiн- ӛзi ӛзгертушi субъект дәрежесiне кӛтерiлуi кӛзделiп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтеже бердi.
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС
Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттерін ұяшықтар алаңына шақырамыз. Ұяшықтарда барлық дәріс материалдарының мазұны бойынша сұрақтар жасырылынған.
10
|
20
|
30
|
10
|
20
|
30
|
10
|
20
|
30
|
Берілген тапсырма бойынша «10» ұпайлық торкӛздерде жеңіл сұрақтар, «20» ұпайлық торкӛздерде одан күрделірек, «30» ұпайлық торкӛздерде күрделі сұрақтар жасырылынған.
ата.
Достарыңызбен бөлісу: |