Лектор сӛзі :
(Слайд 2) Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870), педагог,
Ресей.
Дворян жанұясында дүниеге келген, балалық шағын Новгород
жанында
ӛткізген,
сонда
гимназияны
аяқтап,
Мәскеу
университетінің заң факультетін ӛте жақсыға бітірген. 1846 жылдан
– Ярославль лицейінің профессоры. 1854 жылдан бастап мұғалім
болып жұмыстана бастайды. Соңынан Гатчин жетімдер
институтының инспекторы ретінде тағайындалады.
Ушинскийдің педагогикалық теориясының басты идеясы –
білім берудің халықтық сипаты принципі. Ушинскийдің айтуынша,
тұлғаны қалыптастырудың басты құралы – еңбек. Оқулықтары:
«Ана тілі», «Балалар әлемі».