Педагогикалық еңбек - бұл мәдениетті меңгерген адам және
мәдениетті меңгеруші адамның арасындағы ӛзара әрекет.
Мұғалім білім беруші ғана емес, ол жоғары құлықты тұлға.
Оның бойында ар, намыс, мейірім деген сияқты қасиеттері болуы
тиіс.Кез келген педагогтар оқушылар үшін де, ата-аналар үшін үлгі
ӛнеге болуы тиіс. Ӛткен ғасырдың кӛрнекті ғалымы, философ,
педагогы Джон Локк мұғалім ӛнегесі жайында былай деп жазған׃
«Оның жүріс-тұрысы ӛзінің сӛздерімен сәйкес келуі тиіс».
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі – ол табиғатынан
гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие.