228
9.
Білім беруді басқарудың демократиялық
сипаты және білім
беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10.
Білім беру ұйымдарының меншік
нысандары, оқу мен
тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі
болуы.
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни
ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға
және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісі басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады.
Республика Білім және ғылым министрлігі, оның тӛменгі атқарушы
органдары Қазақстан Үкіметінің
білім беру саласындағы
мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы ҚР-ның «Білім туралы»
заңында берілген. Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
1.
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2.
бастауыш
білім беру;
3.
негізгі білім беру;
4.
орта білім беру;
5.
орта білімнен кейінгі білім беру;
6.
жоғары білім беру;
7.
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: