Дәріске қойылатын талаптар
Дәріс пен оқытудың адамгершілік сипаты, ғылымилық (қазіргі
ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі) және ақпараттық деңгей,
дәлелділік және дәйектілік, ашық, сенімді мысалдардың,
фактілердің,
негіздемелердің,
құжаттардың
және
ғылыми
дәлелдердің жеткілікті мӛлшерде болуы, баяндау формасының
эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойын белсендендіру, ой-
толғаныс үшін сұрақтар қою; қарастырылатын сұрақтардың қатаң
құрылымы және қисыны; әдістемелік ӛңделуі – негізгі ойларды
және қағидаларды кӛрсету, қорытындылардың астын сызу,
қорытындыларды түрлі формулировкада қайталау; қол жетерлік
деңгейде және анық баяндау, жаңа терминдерді және атауларды
түсіндіру; мүмкіндігінше аудиовизуальды материалдарды қолдану.
Аталған талаптар дәрістің сапасын бағалау критерийлерінің негізін
құрайды.
Дәрістің қҧрылымы
Дәрістер бір-бірінен құрылымы бойынша ажыратылады. Ол
берілетін материалдың мазмұнына және сипатына тәуелді. Бірақ
145
кез-келген дәріс түріне ортақ жалпы құрылымдық негіз бар. Бұл ең
алдымен дәрістің жоспарын беру және сол жоспарды қатаң сақтау.
Жоспарда дәрістің басты сұрақтарының атаулары беріледі. Олар
кейін емтихан сұрақтарын жасақтауда пайдаланылады.
Алдыңғы ӛткен дәрістің мазмұнын еске түсірген пайдалы, оны
жаңа материалмен байланыстырып, жалпы курс, пән құрылымында
оның орнын және маңызын анықтау қажет.
Тақырыпты ашуда
индуктивті әдісті
қолдану ұсынылады:
ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін мысалдар,
фактілер; сонымен бірге
дедуктивті әдісті
де қолдануға болады:
жалпы қағидаларды түсіндіріп, оларды нақты мысалдар негізінде
кӛрсету. Талданатын әрбір қағида бойынша қорытынды жасалу
керек, оларды интонациямен және қайталаумен айқындаған жӛн.
Дәріс соңында жалпы қорытынды жасау керек. Колледж және
ЖОО-дағы дәстүрлі дәріс ақпараттық болып табылады. Оның
бірнеше түрлері бар: кіріспе дәріс, шолу-қайталау дәрісі, шолу
дәрісі.
Кіріспе дәріс.
Ол студенттерді курстың мақсат-міндеттерімен,
оның оқу пәндері жүйесіндегі орны және маңызымен таныстырады.
Әрі қарай курсқа жалпы шолу жасалады (аталған ғылымының даму
кезеңдері, белгілі ғалымдарының есімдері). Бұндай дәрісте ғылыми
проблемалар қойылады, болжамдар ұсынылады, ғылымның даму
перспективалары және оның практикадағы маңызы белгіленеді.
Кіріспе дәрісте теориялық материалды мамандардың болашақ
жұмыс практикасымен байланыстырған жӛн. Содан кейін курс
бойынша жұмыс жасаудың жалпы әдістемесімен таныстырып,
оқулықтар және оқу құралдарына сипаттама береді, міндетті
әдебиеттер
тізімімен,
емтиханда
қойылатын
талаптармен
таныстырады.
Шолу-қайталау дәрісі
тараудың немесе курстың соңында
оқылады. Онда сол тараудың не курстың ғылыми-ұғымдық негізін
құрайтын барлық теориялық қағидалар қарастырылады. Бұл
курстың квинтэссенциясы.
Шолу дәрісі.
Бұл қысқаша конспект емес, білімді жоғарырақ
деңгейде жүйелеуге бағытталған. Бұнда емтиханның күрделі
сұрақтары да қарастырылады.
Дәрісті оыған кезде оқытушы студенттердің конспект
жазатындығын естен шығармаған жӛн.
Конспект
мұқият тыңдауға,
жазу барысында жақсы есте сақтауға кӛмектеседі, семинар
146
сабақтарына, емтиханға даярлық барысында негізгі материалдың
болуын қамтамасыз етеді. Дәріс білім алушының міндеті –
студенттерге ұғына отырып конспект жазуға мүмкіндік беру.
Тыңдауға, ұғынуға, ӛңдеуге, қысқаша жазып алуға мүмкіндік беру.
Бұл үшін оқытушы студенттерге кӛмектесуі қажет. Бұны
аудиторияның реакциясынан кӛріп отыруға болады.
Конспект жазуға қандай қҧралдар кӛмектеседі?
Бұл дәріс
материалын акцентпен айқындай отырып баяндау, яғни ең
маңызды, мәнді ақпаратты дауыс жылдамдығымен, дауыспен,
интонациямен, қайталаумен ерекшелеу, үзілістерді пайдалану,
тақтаға жазу, иллюстрациялық материалды кӛрсету, сабақтың
тәртібін қатаң сақтау.
Студенттерге конспект жазу әдістемесін, жазбаларды дұрыс
графикалық орналастыруға және рәсімдеуге үйреткен пайдалы: азат
жолдарды белгілеу, негізгі ойлардың, тірек сӛздердің астын сызу,
қорытындыларды қоршауға алу, түрлі түсті қалам мен маркерлерді
пайдалану.
Дәріс білім алушының ӛнері студенттердің дәріс барысында
жұмысын дұрыс ұйымдастыруға кӛмек береді. Дәрістің мазмұны,
құрылымының нақтылығы, зейінді шоғырландыру тәсілдерін
қолдану – бұның бәрі ақыл-ойды және жұмыс жасау қабілетін
белсендендіреді, педагогикалық байланыс орнатуға жол ашады,
студенттердің эмоционалдық жауабын күтеді, еңбексүйгіштік
дағдыларын
тәрбиелейді,
пәнге
деген
қызығушылықты
қалыптастырады.
Дәріс сапасын бағалау.
Сапаны бағалаудағы негізгі ӛлшемдері:
мазмұны, әдістемесі,
студенттердің жұмысына жетекшілік ету, дәріс білім алушыға тән
сапалар, дәрістің нәтижелілігі. Олардың әрқайсысына тоқталсақ.
Дәрістің мазмҧны:
ғылымилық, ғылымның қазіргі даму
деңгейіне
сәйкестігі,
дүниетанымдық
жағы,
әдістемелік
сұрақтардың болуы, оларды дұрыс түсіндіру. Ақыл-ойды проблемді
сұрақтарды қою арқылы белсендендіру және оларды дәріс
барысында
шешу.
Сұрақтың
тарихына
шолу,
түрлі
тұжырымдамаларды кӛрсету, оның практикамен байланысы.
Дәріс және оқулық
: оқулықта жоқ материал баяндалды ма?
оқулықтың мазмұны қайта айтылды ма? ерекше күрделі сұрақтар
түсіндіріле ме? ӛз бетімен жұмыстану үшін оқулық бойынша
147
тапсырма беріле ме?. Ӛткен және алдыңғы материалмен
байланысы, пәнаралық, пәнішілік байланыс.
Дәрісті оқу әдістемесі:
дәрістің қатаң құрылымы және баяндау
қисыны. Жоспардың болуы-болмауы, оны сақтау. Дәріске
байланысты әдебиеттер тізімін беру (қашан беріледі, әдебиеттің
градациясы). Жаңа терминдер мен ұғымдардың қол жетерлік
деңгейі және түсіндірілуі. Дәлелділік және дәйектілік. Басты
ойларды кӛрсету және қорытындылар жасау.
Бекіту тәсілдерін қолдануы: қайталау, зейінді, меңгеру деңгейін
тексеру сұрақтары; сұрақ соңында, дәріс соңында қорытындылар
жасау. Кӛрнекі құралдарды, ОТҚ пайдалану. Дәріс білім алушының
тірек материалдарын қолдануы: мәтін, конспект, бӛлек жазбалар,
тірек материалынсыз оқу.
Білім алушылардың жҧмысына жетекшілік жасау:
конспект
жазуды талап ету және оның орындалуын бақылауы. Білім
алушыларға жазу әдістемесін үйретуі және кӛмек беруі:
жылдамдық, жай жылдамдық, қайталау, үзіліс жасауы, графиктерді
сызу.
Конспектілерді тексеру жолдары:
дәріс барысында, дәрістен
соң, семинар және практикалық сабақтарда жүзеге асады.
Зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдануы: риторикалық
сұрақтар, әзіл, шешен сӛйлеу тәсілдері. Сұрақ қоюға рұқсат беруі
(қашан және қандай формада).
Дәріс
білім
алушыға
тән
сапалар:
пәндік
білімі,
эмоционалдығы, дауыс ырғағы, дикциясы, шешен сӛйлеу
шеберлігі, сӛйлеу мәдениеті, сыртық түрі, байланыс орнату
іскерлігі.
Дәрістің нәтижелілігі:
ақпараттық құндылығы, тәрбиелік
жағы, дидактикалық мақсаттарға жетуі.
Колледж және ЖОО-да дәріс формасының дамуы
Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның ізгіліктік сипаты,
жеке адамға, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталуы дәрістің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды.
Олар: проблемалық дәріс, бірге оқылатын дәріс, дәріс-
визуализация, дәріс-пресс-конференция.
Ақпараттық дәрісте дайын ақпарат
Достарыңызбен бөлісу: |