309
3.
тестілеу негізінен бағдарламалық бақылау арқылы жүзеге
асырылады. Барлығы бірдей жағдайда бірдей сұрақтарға жауап
береді;
4.
нәтижелерді бағалау алдын-ала белгіленген шкала бойынша
жүреді;
тестілеуді жүргізуде тест сапасының үш критерийі есепке
алынады: сенімділік, валидтілік, объективтілік.
Сенімділік – педагогикалық бағалаудағы қателіктер деңгейін
анықтау, бағаның шынайы мәнін нақтылау. Соңғы уақытта
сараптамалық сұрау кең тарала бастады, бұнда студентті 2-3 және
одан кӛп оқытушылар бағалайды. Валидтілік – бақылау формалары
мен әдістерінің бақылау мақсатына сәйкестігі.
Білімді сапалы бағалаудың басты міндеті мына сұраққа жауап
беруге байланысты: білім деген не? Пәндік білімі жоғары
студенттің идеалын жасау арқылы бақылауға қажетті материал
алуға болады. Бақылаудың валидтілік емесіне жататындар –
кӛшіріп алу, сыбырлап айту, репетиторлық «тасу», аяушылықы
жасау, шектен тыс талап қоюшылық. Бұл жағдайларда бақылау
нәтижесі қойылған міндеттерге сйәкес емес.
Объективтілік – сенімділік, валидтілік және психологиялық,
педагогикалық, этикалық, құндылықты сипаттағы аспектілердің
жиынтығын беретін критерий.
Достарыңызбен бөлісу: