Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Бақылаудың объективтілігін арттыру жолдары



Pdf көрінісі
бет185/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Бақылаудың объективтілігін арттыру жолдары 
Бірінші бағыты – коллегиалдық бағаны қалыптастыру, мысалы, 
МЕК.
Екінші бағыты – техникалық бақылаудың стандартты тест 
бағдарламаларын қолдану. Оны кафедра, ЖОО, әдістемелік 
лаборатория, арнайы ұйымдар ӛткізуі мүмкін.
ЖОО-ның оқытушысы бақылауда объективтіліктің барлық 
жақтарын есепке алуы тиіс: 
Объективтіліктің эстетикалық жағы
– моральдық реттеу. 
Кӛшірі алу және сыбырлап айтуды оқу тәртібін бұзу деп 
саналмаған жағдайда қабылдауға болады. Оқытушының жақсы 
кӛретін және жақсы кӛрмейтін студенттері болмауы және соған 
сәйкес баға қоймауы керек.
Бағлаудың құндылықты критерийі бағаның әділдігі жӛнінде 
сұрақ тудырады. Студент санасында объективті емес қойылған баға 
әділдіксіз қойылған бағамен ассоциация тудырады. Оқытушының 


310 
пікірі дәйекті және дәлелді болған жағдайда ғана бағаның әділдігі 
қабылданады. Студенттерді оқытушының шешімі дұрыс екендігіне 
сендіру қажет. Олардың түсінігі бойынша оқытушылар мейірімді 
және қатал болып бӛлінеді. Себебі әрбір оқытушы бағалаудың жеке 
ӛзіндік критерийлерін жетекшілікке алатын болғандықтан оның 
объективтілігі педагогикалық тәжірибесі мен жеке тұлғалық 
сапаларына тәуелді. 
Объективтіліктің психологиялық жағы
баға қою шешіміне 
студенттің пәнге, оқытушыға деген қарым-қатынасы, сабаққа 
қатысуы, берілетін сұрақтардың сипаты мен саны оқытушы 
санасында студенттің «бейнесін» қалыптастырады.
Сондықтан кӛп жағдайларда оқытушы неліктен сол бағаны 
қойғанды жӛнінде түсінік беріп отыруы тиіс.
Педагогикалық бақылауды ҧйымдастыру принциптері 
Негізгі үш принцип ажыратылады: 
Тәрбиелеу принципі
– студенттің оқуға деген шығармашылық 
және саналы қарым-қатынасын белсендендіреді, танымдық 
қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ӛсуіне жағдай жасайды, 
оқу әрекеті мен тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Студент 
тұлғасына нұқсан келтіретін бақылау ЖОО-да қолданылмайды.
Жҥйелілік –
 
жүйелі бақылау оқыту процесін реттейді, 
мотивацияны ынталандырады, қажетті шамада баға жинақтауға 
мүмкіндік береді.
Жан-жақтылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет