Нүктелерді енгізудің келесі бір түрі – объектілік байланыс функцияларының кӛмегімен нұсқау арқылы.
Объектілік байланыс функцияларын Object Snap (Объектная привязка) панелі (1.13-сурет) арқылы немесе контекстік мәзірдің кӛмегімен шақырады.
1.13-сурет
Object Snap (Объектная привязка) панелінде келесі функциялардың батырмалары жинақталған:
- объектілік байланыстың тұрақты режимін күйге келтіру.
1.14-сурет
Контекстік мәзірдің (1.14-сурет) кӛмегімен объектілік байланыс функцияларын шақыру үшін пернесін басып тұрып, тышқанның оң батырмасын басу керек (меңзер міндетті түрде графикалық экран аймағында болуы керек және ешқандай аспаптар панельдерінде болмауы керек). Бұл мәзір ӛзінің функциялары жағынан Object Snap (Объектная привязка) аспаптар панеліне ұқсас. Бұл жерде тек қосымша Mid Between 2 Points (Середина между точками) пункты және Point Filters (Координатные фильтры) қосымша мәзірі бар. Point Filters қосымша мәзірі алты түрлі координаталық фильтрлерді қолдануға мүмкіндік береді: X,.Y, .Z, .XY, .XZ, .YZ. Координаталық фильтр функциясы кӛбіне үшӛлшемді тұрғызулар кезінде қолданылады. Бұл функция сызбадағы бір нүктенің бір немесе екі координаталарын алып, кейін қалған координаталарын енгізуге мүмкіндік
береді. Мысалы, келесі нүкте үшін басқа бір нүктенің абсциссасын алу керек болса, пернетақтадан Х әрпін (немесе контекстік мәзірден таңдап) енгізіп, абсциссасы есептелетін нүктені нұсқау керек. Содан соң нүктенің қалған координаталарын енгізе беруге болады.
Mid Between 2 Points (Середина между точками) функциясы екі нүктенің дәл ортасындағы нүктені енгізуге мүмкіндік береді. Екі нүктені нұсқағанда жүйе олардың ортасын ӛзі есептейді.
1.15-сурет
Объектілік байланыс функцияларын примитивтерді салу кезінде контекстік мәзірден Snap Overrides (Переопределение привязок) қосымша мәзірін таңдау арқылы шақыруға болады. 1.15- суретте кесіндіні салу кезіндегі контекстік мәзірден объектілік байланыс функцияларының тізімін шақырту кӛрсетілген.