ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Б. Н. Нұрмаханов, Д. Д. Әбілдабекова У. Т. Қарымсақов
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА
ОҚУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен
Алматы, 2011
ӘОЖ 004.9 (075)
КБЖ 32.973 я 7
Н 86
Пікір жазғандар:
Ы. Ә. Нәби – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
К. Р. Фазылов – техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
Қ. Ә. Тұрғымбаев – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Б. Н. Нұрмаханов, Д. Д. Әбілдабекова, У. Т. Қарымсақов
Н 86 Компьютерлік графика: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 176 бет.
ISBN 978-601-217-223-2
ISBN 978-601-217-223-2
ӘОЖ 004.9 (075)
КБЖ 32.973 я 7
© Б. Н. Нұрмаханов, Д. Д. Әбілдабекова, У. Т. Қарымсақов, 2011
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2011 ж.
КІРІСПЕ
Дербес компьютерлер мен олардың перифериялық құралдарының пайда болуымен сызба-графикалық жұмыстарды, геометриялық есептерді шешуді автоматтандыруға орасан зор мүмкіндіктер пайда болды. Сонымен бірге компьютерлік графика құралдары да күрделеніп, мүмкіндіктері кӛбейді (дисплейлер, плоттерлер, бағдарламалық құралдар жән т.б.).
Бастапқыда дисплейлердің нүктелік (координаталық), векторлық, растрлық түрлері жасалды. Кейін сапалы түрлі-түсті кескіндерді сомдайтын және экранда күрделі есептерді шешуге мүмкіндік беретін интеллектуалды терминалдар пайда болды. Сонымен бірге плоттерлердің мүмкіндіктері ӛсе бастады.
Дербес компьютерлердің бағдарламалық құралдары жеке қолданбалы бағдарламалардан бастап арнайы графикалық тілдер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттеріне (графикалық жүйелер) дейін дамыды. Дербес компьютерлердің қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық қамсыздануы интерактивтік режимде жұмыс істеуге, яғни адам мен компьютердің арасында оперативтік графикалық қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Заманауи графикалық жүйелер (AutoCAD және т.б.) авиацияда, кеме жасауда, құрылыста және т.б. салаларда кеңінен қолдануда.
Бүкіл әлемде қолданылатын CAD аббревиатурасы автоматты түрде жобалау жүйесі деген мағынаны білдіреді. Әдетте бұл ұғымның астарында компьютердің кӛмегімен сызбаларды орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалар және одан да басқа күрделі жобалау жүйелері жатады.
AutoCAD жүйесі америкалық Autodesk фирмасының ӛнімі болып табылады. Бұл фирманың орталық офисі Калифорния штатының Сан Рафаэль қаласында орналасқан. AutoCAD жүйесінің алғашқы нұсқасы (версиясы) 1982 жылы жарық кӛрді. Бұл нұсқа сол кездегі кеңінен қолданылатын DOS жүйесінде жұмыс істейтін. Шын мәнінде бұл нұсқа дербес компьютерлерде жұмыс істейтін автоматты жобалау жүйесінің бірден-бірі болатын. Қазіргі кезде Autodesk фирмасы ӛзінің бағдарламалық ӛнімдерін сатудан дүние жүзінде тӛртінші орын алады, AutoCAD-ты қолданушылардың тіркелген саны екі миллионнан асып кетті.
AutoCAD жүйесімен танысқаннан кейін сіз ӛзіңізді үлкен, әрі ерекше виртуалды корпорацияның мүшесі ретінде сезінесіз. Бұл корпорацияға Autodesk фирмасынан бӛлек, әртүрлі саладағы қолданушы мамандар, ӛндірістік ұйымдар, жобалық институттар, AutoCAD қосымшаларын дайындайтын тәуелсіз ұйымдар кіреді.
AutoCAD жүйесінің ӛте кең тарауының себебі неде? Бұған ең алдымен ӛте қарапайым, әрі қуатты AutoLISP программалау тілін қолданатын ашық жүйені жасау ықпал етті. Бұл бастапқыда кӛптеген мамандарды – кәсіби программашылар мен инженерлерді біріктірді. Нәтижесінде AutoCAD-тың графикалық мүмкіндіктеріне негізделетін әр салаға арналған қуатты жеке программалық пакеттер жасалды.
Қазіргі кезде AutoCAD жүйесі дербес компьютерлерде жобалау жүйелерінің ішінде стандарт болып табылады. Бұл пакет әлемнің 125-тен астам елдерінде қолданылады. AutoCAD әр түрлі салаға арналған арнайы мамандандырылған
программалық жүйелер үшін база болып табылады. Қазіргі кезде фирманың ӛнімдері геоинформациялық жүйелер саласында, машина жасау мен сәулет- құрылыс жобалауда кеңінен пайдаланылады.
AutoCAD-пен танысу графикалық жұмыстарды орындау мүмкіндіктері туралы түсінікті түбегейлі ӛзгертіп, кӛп уақытты үнемдеуге, шығармашылық қа кӛбірек кӛңіл бӛліп, күрделі, ауыр жұмыстарды машинаға қалдыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |