Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет9/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.
0211-3is-mdk0301-lr3, 256-257 Алгоритмизация и программирования спецификация, РУП КМ06 , Курсач, Windows 10 сақтық көшірмесін қалай жасауға болад1, Доки по практике, Лабораторная работа

Мәзір жолы


Бұл жол экранның жоғарғы бӛлігінде орналасады. Бұрынғы нұсқаларда оны құлама деп атайтын. Онда AutoCAD командалары функциялық қызметіне қарай топтастырылған.

Аспаптар панельдері


Аспаптар панельдері (Панели инструментов) – AutoCAD командаларымен байланысты графикалық элементтер (ішінде суреті салынған тӛртбұрыш) – пиктограммалар жинағы.

Графикалық алаң


Сызба экранның бас терезесінің графикалық алаңында орындалады. Бұл алаңның шетін табуға тырыспай-ақ қойыңыз, ӛйткені оны шексіз деп айтуға болады. Бұл жерде сіз он километрлік су бӛгетінің (плотина) немесе миллиметрдің жүзден бір бӛлігіндей микроэлементтердің сызбаларымен 1:1 масштабында қиналмай-ақ жұмыс істеуіңізге болады.

Командалар жолы


Командалық жолда (кейбір әдебиеттерде оны командалар терезесі деп те атайды) AutoCAD-тың басқару командалары, олардың параметрлері ендіріледі және операцияны орындау жӛніндегі ақпараттар кӛрсетіледі. Командалық жолдың ақпараты мәтіндік терезеде кӛрсетіліп, командаларды орындау хаттамасына автоматты түрде жазылады. Мәтіндік терезеден командалық жолдағы ендірілген және шығарылған мәліметтерді оқуға болады. Экранда мәтіндік терезені кӛру үшін F2 клавишасын басу керек.

Қалып-күй қатары (Строка состояния)


Бұл жолда курсор қиылысының координаттары және сызу режимдері (Адым, Тор, Орто, Түзеу және т.б) кӛрсетіледі. Бұл режимдердің аттары жолда түйме ретінде кӛрсетілген. Олардың қосылуы немесе ажыратылуы сол түймелерді кӛрсетіп тышқанмен белгілеу арқылы немесе клавиатурадағы F3 – F11 функционалдық клавишаларын басу арқылы жүзеге асады. Қосылып тұрған режимнің түймесі экранда сәл батыңқырап тұрғандай кӛрінеді.

Курсор қиылысы және таңдау дәлдегіші


Курсор (меңзер) қиылысы сызбада нүктелерді кӛрсету үшін, ал таңдау дәлдегіші редакциялау командаларындағы объектілерді таңдау үшін қолданылады. Редакциялау командаларының объектілерді таңдау жүйесі іске қосылғанда курсор қиылысы бірден таңдау дәлдегішіне айналады. Егер жүйе нүкте координаталарын сұраса керісінше болады.
Курсор мен таңдау дәлдегішін басқару үшін кӛбіне тышқанды қолданады. Курсордың ағымдық координаталары қалып-күй қатарының сол жақ бұрышында кӛрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет