Контекстік мәзір тышқанның оң кнопкасын басу арқылы экранға шақырылады және ол курсор қиылысының қасынан кӛрінеді. AutoCAD 2008 жүйесінде бұл мәзірге кіретін командалар құрамы бірнеше параметрлерге байланысты, соның ішінде:
мәзірді шақыру кезінде орындалып жатқан команданың түрі,
курсордың экрандағы орны,
клавишасын мәзірді шақыру кезінде басып тұру. Контекстік мәзірдің мысалы 1.2-суретте кӛрсетілген.
Анықтамалық ақпараттарды алу.
AutoCAD-та жұмыс істеу барысында анықтамалық ақпараттың бірнеше түрін алуға болады. Windows-та жұмыс істейтін басқа да бағдарламалардағыдай AutoCAD-тың мәзір жолының соңғы бӛлімі Кӛмек (Помощь) деп аталады.
Осы бӛлімнен Анықтама (Справка) пунктін шақырғанда экранға анықтамалық режимнің терезесі шығады. Құрылымды анықтамалық ақпаратты клавишасын басу арқылы да шақыруға болады, бірақ бұл AutoCAD күту режимінде болғанда, яғни белсенді команда жоқ болған кезде орындалады.
Егер белгілі бір команданың орындалуы кезінде сол команда туралы анықтама алғыңыз келсе клавишасын басыңыз. Сол кезде нақты осы команда жайлы анықтамалық ақпарат шығады.
Сызбаларды сақтау.
Кез келген жұмысты орындағанда оны алдымен сақтауға дағдыланған жӛн. Бұнымен сіз ӛзіңізді әртүрлі жағдайлардың, мысалы, компьютер жұмысындағы ақаулар, электрэнергиясының кенеттен ӛшуі және т.б., әсерінен ақпаратты жоғалтып алудан сақтанасыз. Сызбаны жиі сақтап отырған сайын, компьютер
сӛніп қалған жағдайда жоғалтатын ақпаратыңыз мейлінше аз болады.
Сақтау операциясын орындау үшін Файл құлама мәзірінен Сохранить командасын шақырту керек немесе тышқанның сол батырмасымен пиктограммасын шерту керек. Сонда AutoCAD 1.3-суретте кӛрсетілгендей Save Drawing As(Сохранениерисунка)диалогтық
1.3-сурет
терезесі шығады.
Бастапқы сақтағанда сызбаға
ат қою керек және оның қай папкада сақталатынын кӛрсету керек.