- егер объектінің сызығының түрімен бірге басқа да қасиеттерін ӛзгерту керек болса, онда объектіні белгілеп, стандарттық панельден (Свойства (properties) пиктограммасын басыңыз. Одан бӛлек Свойства(properties) диалогтық терезесін кез келген объектінің контекстік мәзірінен шақырып алуға болады. Объектіні белгілеген соң тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдегі тізімнің ең соңында Свойства(properties) пункті болады. Осыдан кейін ашылған диалогтық терезеде объектіге сызықтың жүйеде орнатылған кез келген түрін тағайындай аласыз.
Сызықтың қалыңдығы.
Әрбір объектіге немесе сызба қабатына сызықтың белгілі бір қалыңдығы (AutoCAD жүйесінде оны сызықтың салмағы деп атайды) сәйкес келеді.
Объектіге қажетті сызықтың қалыңдығын тағайындау үшін құлама мәзірдің ФОРМАТ (Format) бӛлімінде Вес линии (Lineweight) командасын таңдау керек немесе Свойстваобъектов(Objectproperties) аспаптар панелін (1.22-сурет) қолдану керек.
Веслинии(Lineweight) командасын таңдағанда экранда Настройкивесалинии(LineweightSettings) диалогтық терезесі шығады (1.23-сурет). Бұл диалогтық терезеде сызықтың бір қалыңдығын ағымдық етуге болады. Сонымен қатар сызықтың экрандағы кескінінің масштабын ӛзгертуге болады (Масштабэкранногоотображения (Adjust Display Scale)). Сызылып қойған объектінің сызық түрін ӛзгертуді екі түрлі жолмен орындауға болады:
Объектіні белгілеңіз. Свойстваобъектов(Objectproperties) аспаптар панеліндегі Вес линии (Lineweight) тізімін ашып, қажетті сызықтың түріне тышқанның сол батырмасын шерту керек.
егер объектінің сызығының қалыңдығымен бірге басқа да қасиеттерін ӛзгерту керек болса, онда объектіні белгілеп, стандарттық панельден Свойства (properties) пиктограммасын басыңыз. Одан бӛлек Свойства (properties) диалогтық терезесін кез келген объектінің контекстік мәзірінен шақырып алуға болады. Объектіні белгілеген соң тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдегі тізімнің ең соңында Свойства (properties) пункті болады. Осыдан кейін ашылған диалогтық терезеде объектіге сызықтың жүйеде орнатылған кез келген қалыңдығын тағайындай