Блоктар
Блок деп AutoCAD объектілерінің бір
немесе бірнеше тобын айтады, олардың ортақ бір аты болады және бір объект ретінде қарастырылады (75-сурет).
Бұл объектілер AutoCAD-тың стандартты объектілерінен тұрады және келесі мақсаттарда қолданылады:
Бӛлшектердің, олардың түйіндерінің, сызбада жиі қолданылатын элементтердің кітапханасын (қажетті элементтер жиналатын орынды кітапхана деп атау қабылданған) жасау. Оларды кейін жаңа сызбаларға қоюға болады.
Сызбаларды жедел және тиімді орындау үшін оларға дайын блоктарды қою. Блоктарды жылжыту, кӛшіру.
Диск кеңістігін үнемдеу және сызба файлын кішірейту мақсаты. Блокты адресті түрде сызбадағы орындарына қою арқылы күрделі сызбаларды ӛңдеуді жылдамдату;
Сызбаның графикалық элементтерінің мәтіндік түсініктемелерімен байланысы үшін, әр түрлі сипаттізімдерді жасау үшін.
Блок жасау үшін
Блок (block немесе bmake) командасы қолданылады.
Блоктың базалық нүктесі болады және ол сызбада блокты қою нүктесін анықтайды.