Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


(Симметрия осінің екінші нүктесін нұсқаңыз:)



бет52/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.

(Симметрия осінің екінші нүктесін нұсқаңыз:).


Объектілік байлаудың кӛмегімен осьтік сызықтың ұштарын кӛрсетесіз.

Delete source objects? [Yes/No] :


Бастапқы объектіні жою керек пе деген сұрауға жоқ деп жауап беру керек, яғни клавиатурадан N әрпін басасыз. ENTER клавишасын басқаннан кейін AutoCAD команданы аяқтайды, мониторда бастапқы объектінің айналы кӛшірмесі пайда болады.


    1. Массив жасау


Массив (Array) командасы тік бұрышты немесе дӛңгелек массивтер жасауға мүмкіндік береді. Массив (Аrray) командасын құлама мәзірдің РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) бӛлімінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команданы шақырған кезде экранда диалогтық терезе пайда болады (3.7 сурет).


3.7-сурет
Егер тік бұрышты массив жасау керек болса, массивтің Rectangular (Прямоугольный массив) түрін қабылдаймыз. Содан соң кӛбейтілетін объектіні таңдаймыз. Ол үшін Выбор объектов деген сӛздің қасындағы батырманы басамыз. Объектілерді таңдағаннан кейін, Enter батырмасын басамыз немесе тышқанның оң батырмасын шертеміз. Содан соң қатарлар мен бағандардың сандарын енгіземіз. Қатарларды арасындағы қашықтықты, одан соң бағандар арасындағы қашықтықты енгіземіз. Қажет болған жағдайда бұрылу бұрышын енгізуге болады. Диалогтық терезенің барлық сұрақтарына жауап бергенде, оның оң жақ бӛлігінде нәтиженің кескіні кӛрсетіледі. Егер нәтиже дұрыс болса, ОК батырмасын басамыз. Экранда берілген объектіден массивтің жасалғанын кӛреміз. Тік бұрышты массивтің мысалы 3.8-суретте кӛрсетілген.

3.8-сурет


Егер дӛңгелек массив жасау керек болса, массивтің Polar (Круговой массив) түрін қабылдаймыз. Сонда диалогтық терезе 3.9 – суреттегідей болады.


Содан соң кӛбейтілетін объектіні таңдаймыз. Объектілерді таңдағаннан кейін, Enter батырмасын басамыз немесе тышқанның оң батырмасын шертеміз. Содан соң массив центрін енгіземіз. Оны координаталармен немесе сызбада нұсқау

3.9-сурет


арқылы енгіземіз. Содан соң массив элементтерінің санын енгіземіз. Толтыру бұрышы енгіземіз. Диалогтық терезенің барлық сұрақтарына жауап берген кезде терезенің оң бӛлігінде массивтің алды-ала кӛрінісі бейнеленеді. Егер нәтижемен келісетін болсақ, ОК батырмасын басамыз. Дӛңгелек массивтің мысалы 3.10- суретте кӛрсетілген.


3.10-сурет




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет