Command: _trim
Әрі қарай компьютер кесу процесін жүргізетін екі айнымалыны еске салады:
Current settings: Projection=UCS Edge=None
Projection жүйелік айнымалысы үш ӛлшемді модельдер үшін арналған. Edge жүйелік айнымалысы ойша қиылысу үшін керек.
Select cutting edges ...(Кесу сызығын нұсқаңыз) Select objects: (Объектілерді таңдаңыз:) 1 found
Бастапқы объект Кесуден кейін
Кесу сызықтары
3.19-сурет
Select objects: 1 found, 2 total
Select object to trim or [Project/Edge/Undo]: (Кесілетін объектіні таңдаңыз немесе [Проекция/Кромка/Отменить]:)
Таңдауды аяқтау үшін ENTER пернесін басу керек.
Объектіні үзу
Разорвать (break) командасы объектінің бір бӛлігін ӛшіруге мүмкіндік береді. Үзуге болатын объектілер: кесінділер, түзулер, сәулелер, шеңберлер, доғалар, полисызықтар, эллипстер, сплайндар.
Разорвать (break) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.
а) Объектіні үзудің бірінші нүктесінде таңдау
3.20-сурет
ә) Үзудің екінші нүктесін таңдау және команданың нәтижесі
Командалық жолда келесі жазу шығады:
Command: break Select object: (Команда:_разорвать Выберите объект)
Тышқанның сол батырмасын басу арқылы объектіні белгілейміз. Бұдан кейін командалық жолда келесі жазу болады:
Specify second break point or [First point]: (Укажите вторую точку разрыва или [Первая точка]
Егер объектіні таңдаған жердегі нүкте үзудің бірінші нүктесіне сәйкес болса, онда үзудің екінші нүктесін нұсқау жеткілікті. Егер үзудің бірінші нүктесінен бӛлек болса, онда First point (Первая точка) опциясын таңдап, үзудің бірінші нүктесін нұсқау керек. Бұл кезде курсормен объектіні дәлдеудің қажеті жоқ. Графикалық жүйе кӛрсетілген нүктеден үзілетін объектіге ойша нормаль жүргізіп, үзу нүктесін анықтайды. 3.20-суретте команданың орындалу мысалы кӛрсетілген. Ескерте кететін жағдай: AutoCAD жүйесі объектіні үзуді сағат тіліне қарсы бағытта орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |