Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет112/123
Дата25.09.2022
өлшемі9,29 Mb.
#150652
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   123
Байланысты:
шеберлик

№ 1


Жаңадан келген мүғалім оқушылармен тез тіл табысып кетті. Бірақ оны күлімдеп қарсы алып, көзін тез тайдырып, қоңырау соғылғанда шығып кетуге асығатындар да бар еді.
Осыны байқаған мұғалім анкета беруді ұйғарды. Онда жалғыз ғана сұрақ бар еді: “Қазіргі мұғалім сенің ойыңша қандай болуы керек?”
Мұғалім неге мұндай шешім қабылдады?


№ 2


(А. С. Макаренко шығармаларының 5-томынан алынды)
Петренко заводқа кешігіп қалған. Кешкісін бұл туралы рапорт алдым. Петренко отрядының командирын шақырып алып:

  • Сендерде заводқа кешігіп бару бар ма? - дедім.

  • Иә, Петренко кешігіп қалды, - деді ол. Одан әрі екеуміз:

  • Бұл қайтып қайталанбасын.

  • Құп болады, енді қайталанбайды, - деп келіскенмен Петренко тағы кешіккен. Енді отрядты түгел жинап алып ескерттім. Олар енді кешігу болмайды деп келісті. Мен оларға: “кете берулеріңе болады”

  • дедім.




  1. Неге ескерту айыптының өзіне жасалмай әуелі командирге, кейін отрядқа жасалды?

  2. Бұл әдістің ықпал күші кайда? Оның мәнін ашып беріңіздер.



№ 3


Әрбір адам денесінің бітімі сымбатты, жан дүниесінің сергек болуына ұмтылады. Бұл орайда ұлттық ойындардың да рөлі зор.
Республиканың барлық мектептері үшін дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына бәйге, жорға жарыс, қыз қуу, теңге қазақша күрес т.б. ұлттық ойындарының түрлері ұсыныстарға сіздің пікіріңіз, оны немен дәлелдейсіз? Мектептерде жүзеге асырудың қандай тәжірибелерінбілесіз?
Дене тәрбиесі пәнінде қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз. Дене тәрбиесіне байланысты қандай проблемалар туындап отыр.

№ 4


Екі баланың аналары өзара сөйлесіп отыр.

    • Сіздің Серігіңіз суретті қандай жақсы салады, ал менің Даниярымның салғаны тек шимай-шатпақ. Қанша таза, ұқыпты салуды ескертсем де, бәрі бір нашар салады.

    • Ал, сіз, балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба?

    • Мен, баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ сурет салуға қабілеті мүлдем жоқ па деймін.

Сұрақ: Даниярдың анасының пікірі дұрыс па?
Балалардың бейнелеу өнеріне деген ықылас-ынтасын тудыру үшін ата-аналарға қалай көмектесуге болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет