Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет113/123
Дата25.09.2022
өлшемі9,29 Mb.
#150652
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   123
Байланысты:
шеберлик

№ 5


Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы әңгімелесеміз.
Әжелерің, аталарың, әке шешелерің кайда жұмыс жасайды ?

    • Менің әкем милиционер.

    • Өте жақсы.

    • Менің апам тігінші.

    • Өте жақсы.

    • Ал, менің мамам - мұғалім.

    • Балалар, Айманның мамасының мамандығы өте ауыр, өте қажет, қызықты және сыйлы мамандық.

    • Айман “Олай емес. Папам айтады: ол ең қиын мамандық, себебі маманың бос уақытын кұрытып, папамның жүйкесін тоздырып, мені

бақылаусыз қалдырады”.

    • Мұғалім: ?



№ 6


Еңбек сабағы оқушылардың бәрі тегіс жұмыс жасауда. Тек жалғыз Самат жұмысты орындамай отыр. Сіздің әрекетіңіз?

№ 7


Жаңа педагогикалық технологиялар тізімін жасаңыз.


№ 8


Үзіліс кезінде Серік коридордан әдемі қалам тауып алып, үн- түнсіз қалтасына салып алды. Сіз онымен қалай сөйлесер едіңіз?

№ 9


Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қарап, әжейге көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынады.
Бала неліктен қызарды?
Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды.


№ 10


4-сынып оқушысының мамасы мұғалімге келіп баласының өзін әркезде алдап істейтіні туралы айтты, мұғалім мұндай хабарға елең етті, себебі ол мұғалімді немесе қасындағы жолдастарын алдап көрген емес.

  1. Не себепті мектепте алдау дегенді білмейді, ал мамасын алдауы мүмкін.

  2. Мұғалім баланың апасына қандай кеңес беруі мүмкін.



№ 11


Класс бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы класс оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты.
Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет