Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет117/124
Дата04.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#178202
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   124
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

№ 26


Дұрыс жауап табуға көмектесу. “Мұғалім болып жаратылу керек”.
“Мұғалім болып туудың қажеті жоқ, табиғи дарынсыз да мұғалім болуға болады. Егер жақсы оқытса, үйренеді”.
Мен де табиғи дарын да, педагогикалық техникада да жоқ. Мен тек балаларды өте жақсы көремін.


№ 27


Бастауыш сынып оқушыларынан жиі: “Әсел, дұрыс жазбай отыр, оған Деурен дұрысын айтқан жоқ”, немесе “Марат дәптерін бүлдіріп тастады” - деген дауыстарды естиміз.
Сұрақ:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының осындай қылықтарын қалай түсінуге болады?

  2. Бұл балалардың жеке басының дұрыс қалыптасуы, ұжымдағы, қарым-қатынасының сәтті болуы үшін мұғалім қандай әрекет етуі қажет?

№ 28


Сіз 4-сыныпқа жетекші болып белгілендіңіз. Оқушыларыңыздың тәрбиелеу жағдайларымен танысу мақсатын көздеген от басына алғашкы баруыңызды қалай елестетесіз?


№ 29


Балалар “ Дүкен” ойының ойнап жатыр. Сатушының алдына кезекке тұрғандар жинала бастады. Кезекте тұрған балалардың
мінез-құлқын бақылаудың өзі қызықты. Ажар әже болуға тырысып, басына жаулық тартып, қолында таяғы, белін бүкірейтіп алған. Кезекке ешкімді алдынан жібергісі келмей тұрған. Сағындық: “Кәрісің бе?” деп сұрады. “Әрине, әже деген кәрі болады” - деп жауап берді Ажар. Жарайды, әже онда менің алдыма келіп тұрыңыз, әрине қарттарды алдымен жіберу керек” - деді Мұрат араға килігіп.“ Жарайсың, Мұрат!” - деп тәрбиеші оны мақтады.
Осы келтірілген мысалдар балаларда қандай адамгершілік саналары тәрбиеленеді?


№ 30


Педагогикалық кеңесте 3-ші сынып оқушысының (А) тоқсандық “2” -ге шыққаны туралы мәселе қаралды. Ол әдетте жайдары оқушы. Мұғалім: Ол абстрактылы ойлай алмайды, әлі күнге есепті қолын парта астына жасырып, саусақпен санап шығарады. Оған бәрін мысалмен, суретпен, кескінмен ұғындыру керек. Онсыз ештеңе істей алмайды.
Екінші мұғалім: Бұл оқушының көрнекі - бейнелі ойлайтындығы айқын байқалады. Мұндай оқушыларда абстрактылы ой кешеуілдеп жетіледі. Ол оқушы есепті өзіндік тәсілмен шығарады. Сонда оған екі қою ақылға сия ма?
Екілік оның абстрактылы ойлауын дамыта ма? Сіздің пікіріңіз (позицияңыз)?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет