228
дақтары бар суретпен бейнеленген ашық сары түсті. Құйрығы қысқа және
әлсіз төмендеген. Терісінің ұзындығы 107- 180 см, ал құйрығы 75- 110 см
аралығында болады. Қабылан барстан сары рең беретін қысқа түкті жабыны,
қара дақтарының өлшемінің кішілігі және құйрығының жіңішкелілігі, қысқа
аяқтары, сонымен қатар жолбарстан дақты бояуы бойынша ерекшеленеді.
Сілеусіннің қабыланнан ерекшелігі - жартылай сопақша пішінді, ұсақ
дақтарды суреттен тұратын түкті жабыны бар, мойнында кішкене айдары
бар. Терісінің ұзындығы 100-130 см аралығында, құйрығы 75см, ол 8.16
суретте көрсетілген.
Сілеусін қабыланнан және барстан ұзын және жіңішке аяқтарымен,
оның айқындалған айдарымен, құйрығының ұшының ақ түстілігімен,
сондай-ақ жолбарыстан түкті жабынының дақты бояуымен ерекшеленеді.
Ормандық сілеусін арқа бөлігі үлпілдекті, жұмсақ немесе төмені
талшықты түкті жабынды болып келеді. Түсі күлгін көгілдірден қанық сұрға
дейін, қызғыштан қызыл-сары түске дейін құбылады.
Жон арқасы және жақтары бойынша кейде қысқа жолаққа қосатыны,
қара дақтары шашырап түскен. Құлақтарында қара шошағы бар, құйрығы
қысқа (10-20 см), кесілген тәрізді.
Орман мысығы (сурет 8.17) қалың ұзын қара немесе сұр түсті остік түкті
жабыны жұмсақ болып келеді, жон арқа бөлігінде қара жолақтары бар қара
дақты суреттен тұрады, түбіті ашық көгілдір, құйрығында қара сақина
түрінде суреті бар. Құлағында шошағы жоқ. Терісінің ұзындығы 52 - 75 см,
ал құйрығы 27 - 34 см аралығында.
Сурет 8.17 - Орман мысығы
229
Орман мысығы сілеусіннен және қамысы аз өлшемі, құйрығының
ұзындығы, түкті жабынының жолақтығы, үй мысығынан үлкендігімен және
аса дамыған түкті жабынымен ерекшеленеді.
Дала мысығы түкті жабынының түсі сары дақты, сұр түсті бо- лып
келеді. Жон арқа бөлігінде қара дақ түрінде немесе қара бойлық жолағы
түрінде суреті бар; түбіті көгілдір. Құйрығында қара сақина секілді суреті
бар.
Терісінің ұзындығы 60 - 70 см, ал құйрығы 23 - 35 см аралығында. Үй
мысығынан ерекшелігі түкті жабынының ашық дақты бояуында.
Амур мысығы жон арқасында қара дақтары бар сары қызыл түсті
биіктігі 2,5 мм болатын жұмсақ, қалың түкті жабыннан тұрады. Терісінің
ұзындығы 75 - 90 см, ал құйрығы 35-37см аралығында. Амур мысығы
сілеусінге қарағанда кіші өлшемді, үй мысығынан аса ірі көлемде.
Бархан мысығының түкті жабыны биік қанық және жұмсақ болып
келеді. Терінің жон арқа бөлігі ашық, сары, сұр дақсыз және жолақсыз
болып келеді. Терісінің ұзындығы 50-65см, құйрығының ұзындығы 20- 25см
аралығында болады.
Тиын түрлері (сурет 8.18). Тиын еліміздің орманды және орманды
далаларда, тынық мұхиты жағалауында мекендейді. Тек Курил аралда-
рында ғана жоқ. Тиын сондай-ақ Солтүстік Кавказға, Кырымға жане
Қазақстанға климатталған.Тиын орманның және орманды даланың мамық
кәсібінің негізгі объектісі болып табылады.
Тиын терілері өте бағалы деп саналады, ішкі жане сыртқы нарықта
үлкен сұранысқа ие. Белгілері: қысты күндері тиынның түкті жабыны аласа,
тұз және жұмсақ болып келеді. Түбіт биіктігі 15-20 мм, қылшығы
- 25- 28 мм.
Сурет 8.18 -Тиін
230
Қоян түрлері. Елімізде қоянның бірнеше түрі өмір сүреді: ақ қоян, ор
қоян, құмды қоян. Құмды қоян екі түрін біріктіреді: құм қояны және
маньчжур қояны. Ақ қоян Солтүстік орманды тундра жолағында кездеседі;
ор қояны оңтүстік орманды дала және далалы жолақта; құм қояны
Забайкаледе, Қазақстан жане Орта Азия далаларында, маньчжур қояны
Уссурийск аймағында кездеседі (сурет 8.19 а,б.в).
Белгілері: қоянның, ақ қоянның түкті жабынды, таза ақ түсті, жұмсақ
үлпілдекті, құлақ ұшында кішкене қара дағы болады. Жазды күні түкті
жабыны аласа, жон арқасы және жан-жағы қоңыр түсті. Терінің ұзындығы
45-70 см аралығында. Ор қоянының жон арқасындағы түкті жабыны жеңіл
бұйраланған, аз үлпілдекті болып келеді. Қысты күні ол толығымен
ағармайды. Құйрығының жоғарғы жағында және жон арқасында қара дақ
қалады. Терісінің ұзындығы 50-70 см.
а
Сурет 8.19 - Жазғы ақ қоян (а)
б
231
в
Сурет 8.19 - қысқы ақ қоян (б), ор қоян (в)
Құм қояны ор қоянына ұқсас, және аз өлшемді, былғары өзеңі өте жұқа,
сирек және әлсіз түкті жабынды. Терісінің ұзындығы 30-45 см.
Мамажур қояны басқа қояндардан кіші өлшемі, қара түсті құйрығы
және сары сұр түкті жабынымен ерекшеленеді.
Ондатра терілері. Ондатра тышқан тәрізділердің өкілі. Отаны Солтүстік
Америка. Қазіргі уақытта ондатра еліміздің барлық жерінде табысты
климатталған, ол 8.20-суретте көрсетілген.
Ондатра терілерінің дайындамалары мамық шикізатын дайындауда
айтарлықтай орын алады және экономикалық мәні зор.
Сурет 8.20 - Ондатра
232
Белгілері. Ондатра су тышқанына үқсас, бірақ екі есе көлемді, жан жағы
жаншылған, және қүйрығы қабыршақпен жабылған. Терісінің үзындығы 30-
35 см. Қыстық қылшық түктерінің биіктігі үлкен ондатра- ларда жон
арқасында 25-26 мм, желкесінде 20-22 мм, түбіті сәйкес 17- 18 мм және 15
мм. Түкті жабыны серпімді, жылтыр, қалың қылшықтан және тығыз жібекті,
қорғасынды-сүр түбіттен түрады. Терілердің бояуы ашық сары, қоңырдан
қара-қоңыр түске дейін қүбылады, жон арқасы желкесіне қарағанда
қанығырақ боялған. Ондатра жылы- на бір рет түлейді: мамыр айынан
наурыз айы аралығында. Көктемгі уақыттағы ондатра түсі ең жақсы сапалы
болып табылады.
Ондатра терісінің ең жақсы сапалылығына қарамастан, аңды күзде
немесе қыс басында аулаған жақсы.
Ондатра саз қүндызынан және қүндыздан ерекшелігі - кіші өлшемді,
қорғасын реңті, аса жібекті түбіттен түрады; су тышқанынан ерекшелігі - аса
қалың түкті жабынды, жалпақ қүйрықты және желке түкті жабыны сүр
көгілдір түстілігінде.
Саз құндызы терілері. Саз қүндызы, немесе қүндыз түқымдастығының
кеміргіштер қатарына жатады. Отаны Оңтүстік Американың субтропикалық
елдері болып табылады және ол 8.21-су- ретте көрсетілген.
Саз қүндызының бағалы терісінен басқа, жоғары сапалы жейтін ет
алынады, жеуге жармадылығынан қоян етінен қалыспайды.
Тірі үрғашы саз қүндызының салмағы 5-6 кг, дене үзындығы 45-60 см,
еркегі үрғашысынан ірірек.
Табиғатта саз қүндызы жауларынан және ыстықтан қашып, көбінесе су
тоғандарында тамақ іздеп жүреді. Жартылай суда өмір сүруге қабілеттілігі
көп. Саз қүндызы жақсы жүзеді және сүңгиді, артқы аяқтарында жүзу
желбезектері бар және қүлақтарында - жапқысы кла- пандары бар. Саз
қүндызы азыққа төзімсіз.
233
Қазіргі уақытта саз құндызын аң шаруашылықтарында өсіреді.
Белгілері. Саз құндызы тығыз жібекті түбітті және қылшықты, биік,
қалың түкті жабынды болып келеді.
Желке тұсындағы түбіті, жон арқасына қарағанда аса қалың. Түкті
жабынының бояуы сұр қоңыр, жон арқасында, желкесіне қарағанда
қанығырақ. Түбіті сұр-қоңыр түсті, түбітінің ұзындығы 3 см, қылшығы 6 см.
Будандастыру жұмыстарының нәтижесінде түсті саз құндыздары
алынды; ақ, маржанды, алтын, сарғыш, күміс және қара түсті.
Саз құндызы өзендік құндыздан аса күңгірт түбітті және талшықты ұзын
түбіті, аз өлшемділігі және құйрығының домалақ пішінімен ажы- ратылады.
Сурок және тарбаган терілері. Суроктар Забайкалье даласында. Алтай
өңірінде, Солтүстік Қазақстан мен Заволжьеде, сондай-ақ Орта Азия
тауларында, Алтайда, Батыс Забайкале өңірінде, Шығыс Якут және
Камчатка өңірінде мекен етеді (сурет 8.22 а,б).
а
Сурет 8.22 - (а) сурок
б
Сурет 8.22. (б) - тарбаган
234
Бұл аңдардың терісі аз мөлшерде дайындалатындықтан сурок пен
тарбаганнның экономикалық мән айтарлықтай емес.
Тарбаган мен сурокты тек күзде ғана аулайды: қысты күні аңдар терең
індерде ұйықтайды Көктемде, аңдар інінен шыққан соң да терілері
толыққанды болып келеді, бірақта аулауға заң бойынша тый- ым салынады,
себебі бұл уақытта олар көбейеді.
Белгілері. Сурок деп түкті жабыны аласа (3 мм дейін) жабысып тұратын,
тегіс далада мекен ететін кеміргіштерді атайды, тарбаган деп
- түкті жабыны түбітті (биіктігі 3 см асатын) биік таулы шалғындарда өмір
сүретін кеміргіштерді атайды.
Сурок тарбаганнан ерекшелігі - басында қара шаштың жоқтығы және
құйрығының ұшы қара бояулы, сондай -ақ ұзын түкті жабынды болуы.
Құмды сарышұнақ терілері. Құмды сарышұнақ Заволжье, Қазақстан
және Орта Азия аудандарында мекен етеді.
Терісі аз өңделетіндіктен құмды сары шұнақ терілерінінің экономикалық
мәні аз.
Белгілері. Терісінің ұзындығы 23-38 см, ал құйрығы 6-12 см. Бояу бір
түсті құмды сарғыштан қызғылт құмды, жон арқасы жан-жағына қарағанда
қоңыр, желкесі кресті сары түсті. Терінің жон арқасы бөлігінде қылшық
шашты әлсіз күңгірт жолақ айқындалған.
Қысты күні үлбірі ашық сары бояулы.
Құмды сарышұнақ терілеріне аңшылық тек көктемде ғана іске асы-
рылады, ұйқысынан тұрған соң 1-1,5 айдан кейін.
Мамыр айында құмды тышқанның түкті жабыны құрсағында және
шоқтығында сирей бастайды, түлеу барлық терісін қаптайды. Көптеген
аудандарда құмды тышқан ұйқыға күзде кетеді, кейде жаздың екінші
жартысында, яғни терісі толықпай ертерек кетеді. Сондықтан құмды
тышқанды аулауды күзде жүргізу тиімді емес.
Ең сапалы, жақсы түкті жабынды құмды тышқандар Ақтөбенің
оңтүстігінде, Қостанай, Қараганды облыстарының аралас ауданда- рында
мекендеушілер. Олардың терісі салыстырмалы қалың және жұмсақ түкті
жабынды, сұр бояулы, жон арқасындағы қылшығы қатты күңгірттенген.
Терілерінің сапасы төмен құмды тышқандар, бұлар Орта Азия мен
Оңтүстік Қазақстанның таулы бөлігінде, жазықтарында ауланатын
тышқандар. Терілері ұсақ, аласа түкті жабынды, түсі өте ашық құмды сары
бояулы.
Су тышқан терілері (сурет 8.23). Су тышқаны - жерде, суда мекендейтін
ұсақ қоректілер. Оның жүнді жабыны талшықты және қалың бархатты
түбітті болып келеді, суда жүзгенде және сүңгігенде ылғалданбайды. Суық
сулы ортадан жылы қанды жануарлардың былғарысын жекелейтін, жүнді
жабынының мұндай қүрылымы су тышқанын басқа үсақ қоректілермен,
сондай-ақ жартылай суда өмір
235
түзушілермен жақындастырады. (үйректүмсық, қүндыз, ондатра, саз
қүндызы, теңіз мысығы).
Су тышқанынының терісі мамық шикізатының қысқы түріне жа- тады.
Сурет 8.23 - Су тышқаны
Су тышқаны Волга, Дон, Урал, Днепр өзендерінің тоғандарында
мекендейді
Су тышқанына аңшылық жасауға тыйым салынған. Өңдеуге тек өлген
аңдардың терісі келіп түседі.
Терілердің түкті жабыны қалың жібекті, қанық сүр түсті, желкесі күміс
сүр түсті. Қүйрығы қабыршақтармен қапталған. Терісінің үзындығы 18-25
см, ал қүйрығы 17-20см.
Су тышқанының ондатрадан және су тышқанынан айырмашылығы
- түмсығының көтеріңкілігінде. Су тышқаны қызыл кітапқа енгізілген және
аулауға тиым салынған.
Көр тышқан терілері. Көр тышқан (сурет 8.24) еліміздің орман- ды және
орманды далалы аймақтарында мекен етеді. Біздің елімізде көр тышқанның
төрт түрі таралған: европалық, Сібірлік, Алыс Шығыс, Кавказдық.
236
Сурет 8.24 - Көр тышқан
Көр тышқан терілері көктемдік түріндегі мамық үлбір шикізатын
дайындауда үлесті орын алады.
Белгілері. Көр тышқан терілерілерінің түкті жабыны қысқа, жұмсақ,
бархатты, қара болатты түсті, немесе күлгін сұр түсті, түбіт ұшы көгілдір
түсті, терісінің ұзындығы 12-17см.
Теңіз мысығының терілері. Теңіз мысығының мекені Командор және
Тюлень аралында (Оңтүстік Сахалинге жақын) орналасқан. Теңіз мысығын
қорғауға алу және мысық шаруашылығын ұйымдастыру, бұл аңдардың
көбеюуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, теңіз мысығына деген аңшылық
қатаң шектеулі.
Белгілері. Еркек мысықтардың терілерінің ұзындығы жон арқасы
бойынша 180-200 см, ұрғашысыныкі бірнеше есе кіші. Түкті жабынының
түсі қанық сұр немесе қоңыр сұр, жан жағы ашық түстес. Түбіті қалың
қоңыр, жібекті, биіктігі 15 мм. Түгінің биіктігі 20 мм. Теңіз мысығының
бірнеше жасына немесе жынысына қарай бөлінеді.
Қара мысық - түкті жабыны қара-сұр түсті. Бірінші түгінің түлеуі
2,5- 3 айда болады.
Сұр мысық - екінші ретті жұмсақ, күмісті сұр түсті, қоңыр түбітті түкті
жабынды, 1 жасқа дейінгі өскінді балалары.
Жас ұрғашылары, жасы 2-4 жастағы жануарлар. Түкті жабыны аласа
және қалың, түсі қанық қоңыр немесе қоңыр-сұр түсті. Теңіз мысығының
сапалы терілері 3 жастағы аң терісі.
Тюлень терілері. Тюлендер еліміздің Солтүстік және Шығыс
жағалауларында, Каспий теңізінде және Байкал көлінде кездеседі. ТМД
елдерінде тюленнің сегіз түрі мекендейді: теңіз қояны (лахтак), кәдімгі
европалық (нерпа), ларга, кәдімгі нерпа, греландық тюлень, каспилік нерпа,
Байкал нерпі, жолақты тюлень 8.25-суретте көрсетілген.
Тюлен терілерінің экономикалық мәні айтарлықтай, әсіресе гренландық
тюлень, каспилік және кәдімгі нерпа терілері.
Белгілері. Үлкен тюлень терілері теңіз мысығының терілерінен түбітінің
жоқтығымен ажыратылады.
Сурет 8.25 - Тюлень
237
Греландық тюлень орта көлемді тері, ақ сары түсті, денесінің
жақтарында қанат түрінде қара дақтары бар, кәдімгі нерпа орташа өлшемді
сары немесе күміс сүр бояулы кіші домалақ қара дақты болып келеді; ларга
қара дақтары бар сары сүр түсті тері; байкалдық нерпа қоңыр күміс сүр түсті
бір түсті тері; түкті жабыны жолақты тюлень, терісінің өлшемі бойынша
греландық тюленге жақын.
8.6. ЖАСАНДЫ ҮЛБІР
Өзінің сыртқы түрінің және әдемілігінің арқасында қаракөл, елтірі,
мысық, күзен табиғи үлбірлерін қайталай алатын және пайдалану қасиеті
жоғары. Сондай-ақ табиғи былғарымен салыстырғанда оны өндірудің
тиімділігімен, жасанды үлбір әйелдер және балалар пальто- сын, бас
киімдерін, спорттық курткаларды жасауда кең қолдау тапты.
Жасанды үлбір деп - тоқыма ілмек тоқу және негізмдеу тәсілімен
алынған грунт және түкті жіптері бар тоқыма бүйымдарды атайды.
Жасанды үлбірлерді шығару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: ма- талы
үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір.
Жасанды үлбірлердің түктері келесі түрлерге бөлінеді.
Синтетикалық талшықтардан жасалған түк - полиакрилонитриль
(нитрон, дайнель), полиамид (капрон, нейлон, анид және дакрон), по-
лиэфир (лавсан,) барлық жасанды үлбір түрлері үшін қолданылады.
Жасанды талшықтан алынған түктер - вискозды және ацеттаты, ма- талы
жасанды үлбірде және кейде тоқымада қолданылады.
Табиғи жібектен және табиғи жүн талшығынан жасалатын түктер мата
үлбірінде ғана қолданылады.
Жасанды үлбірлер бояу тәсілдеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
төсемесінде және талшығында тегіс бояуы, жағып тегіс бояуы, тон не- месе
суретті аэрографты салу арқылы және трафарет көмегімен сурет салу
арқылы алынған жасанды үлбірлер.
Жасанды үлбір (талшығының) түкті жабынының үзындығы бойын- ша
түгінің биіктігі, үзындығы әр түрлі және түгінің өрнекпен орнала- суы тегіс
болады.
Арналуына қарай жасанды үлбір келесі түрлерге бөлінеді: биіктігі және
түгінің әрленуі әр түрлі тігін бүйымдарының үсті бөлігі үшін; астарлық
жоғарғы киімді жылыту үшін арналған материал, бүл үлбірлер тегіс боялған
қысқа түкті және тек маталы, немесе тоқыма үлбірлер, жиһазды қаптау үшін
арналған.
Маталы жасанды үлбірі
Маталы негізге отырғызылған үлбір түк салғыш тоқыма станогінде
түктік айқаспамен алынады. Жасанды үлбірді тоқу процессі түкті айқаспалы
матаны алу процесіне үқсас. Тоқыма үлбірді алуда негізгі жүйе ретінде 25-
18,5 текс х 2 ширатылған мақта жібін пайдалана-
238
ды. Драпталу қасиеті жақсы жеңіл үлбір алу үшін, негізгі жүйеге
синтетикалық
жіптер
пайдаланылады.
Түкті
вискоза,
ацетаттық,
синтетикалық талшықтардан және синтетикалық талшықтардың жа- санды
талшықтармен қосындысынан жасайды. Түктің биіктігі 6-10 мм және одан
да артық, 1м
2
үлбірдің салмағы 350-750 г. Маталы үлбірлер басқа жасанды
үлбірлермен салыстырғанда түкті қысқа және астарлық материалы ретінде
тиімді қолданылады. Бүл үлбірдің түктері синтетикалық (лавсан, капрон
және нитрон), жасанды (вискозды, аце- татты) талшықтармен өңделеді.
Маталы жасанды үлбірдің ассортименттері келесі үлбір түрлерімен
көрсетілген: түк ретінде алдын ала буланған бүралған жүнді тоқыма
қолданылады. Табиғи қаракөл елтіріге үқсату үшін түкті жабынға
қүлпырмалылық беретін арнайы өңделген қаракөлді қолданылады.
Аюдың бір бағытта жатқызылған немесе бүйраланған үзын түгі бар.
Жіптің түкті жүйесі ешкі жүнінен немесе синтетикалық талшықтан
алынады.
Елтірі - иірілген жүннен тоқу арқылы өндіріледі. Белгілі бір әсерді қүру
үшін түкті бүйраға үқсатады.
Тюлень - тоқылатын жібектен өте тығыз иірілген жүнмен ілмектескен
матасы. Түгінің биіктігі 3-5 мм. Кейде түк есебінде ешкі терісі қолданылады.
Көр тышқан (крот) тышқан терісіне үқсас етіп бастырып сурет салынған
және жасанды қысқа түктермен толтырылған мата.
Теңіз мысығы жасанды талшықтан алынған түкті мата, түгі аса биік
және жылтыр.
Цигейка жүні вискозды штапелді талшықтан 150 % қоспасынан алынған
мата, түгі салыстырмалы биік, ақ, сүр, қоңыр және қара түсті.
Кәмшат тоқылатын табиғи жібектен алынған түкті мата, жүмсак
жылтырақ және үзын түкті.
Қой терісі немесе бүзау терісі арнайы әрлеумен әр түрлі бағытта
жатқызылған қысқа түкті мата.
8.6.1. Тоқыма жасанды үлбірі
Қазіргі уақыттағы тоқыма жасанды үлбірі, қүрамы табиғи үлбірге
үқсағандықтан кең тарау алды және маталы жасанды үлбіріне қарағанда
бағалы сапаға ие. Тоқыма негіздегіжасанды үлбірлердіңгрунты негізінде
мақта қағазды тоқымадан түзілген тоқыма төсеме қолданылады, ал түктері
синтетикалық талшықтардан өндіріледі. Тоқыманың сирек қүрылымы аз
салмақты, жақсы қалыптасуын қамтамасыз етіп, бірақ біруақытта түгінің
бекітілу беріктігін төмендетеді, сондықтан тоқыма негіздегі жасанды
үлбірлерді міндетті түрде теріс бетінен тоқыма төсемесінде түктерді жақсы
бекітіп түратын латекстермен негіздейді.
239
Синтетикалық талшықтар мұндай үлбірдің әдемі сыртқы түрін көр- сетеді.
Қазіргі уақытта тоқыма негіздегі жасанды үлбірлерді өндіру мүмкіндігі
өте мол және оның ассортименттері үздіксіз кеңеюде. Қазіргі
технологияның дамуына байланысты түктерінің биіктігі әр түрлі жасанды
үлбір түрлерін алуға болады.
Тоқыма негізді үлбірдің созылмалылығы өте жоғары, сондықтан киімді
тігу технологиясын жетілдіру кезінде және үлгілеуде оны еске- ру қажет.
Киімнің созылатын бөліктерінде, бұйымды кию кезінде со- зылудан және
деформацияланудан сақтайтын тесьма немесе жиектеме салу керек.
Тоқыма үлбірінің грунтты мақта мата жіптер және негізмделген үлбір
бөзі үлкен өзгеріске ұшырағандықтан, бұл бұйымның сыртқы түрін
нашарлатады. Бұл жасанды үлбірдің кемшілігі сәйкес әрлеуге жіберілмесе
байқалуы мүмкін.
Тоқыма үлбір бұйымы әрдайым өте жоғары ауа өткізгішті болады. Сол
үшін киімді жобалау кезінде желден қорғағыш астар аралықты қарастыру
қажет, астарлық ретінде жылытқыштар немесе аса үлкен емес ауа өткізгішті
астарлар қолданылады. Тоқыма үлбірінің аса маңызды қасиеті, олардың
жоғарғы бу өткізгіштігі болып табылады.
Қара күзен - полиакрилнитрилді талшықтардың варена және дай- неля
(50%) қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі, түк биіктігі 12-16 мм.
Минк - орлон және дайнел қоспасынан алынған түкті тоқыма үлбірі.
Тоқыма үлбір әр түрлі түкті болуы мүмкін, әр түрінде 12-20 мм
аралығында тербеледі. 1м
2
бұл үлбір салмағы 550-850 г аралығында.
Тоқыма негізді жасанды үлбір алуан түрлі әрлеуге ұшырайды. Олар ақ,
қара, сұр, сары, көгілдір, қоңыр және басқа түсте, сондай ақ су- ретпен,
аэрографты бояуымен немесе трафаретті толтырылған болуы мүмкін.
8.6.2. Желімдік жасанды үлбірі.
Жасанды үлбір ассортиментінің ішінде екі желімдік үлбір түрі бар:
жасанды қаракөл және жасанды елтірі, оларды арнайы қаракөл жасай- тын
машинада алады. Машинада грунтты матаға әдетте бөзге, қаракөлді
бұйрасына ұқсатып үздіксіз жіп түрінде шашақтарын жатықтырып,
желімдейді. Шашақ жіп - жіптер арасында капронды талшықтар
бұйраланған мақта қағазды тоқыма. Елтірі үшін шашақ жіпті капрон- ды,
вискозды немесе басқа талшықтардан алады, нәтижесінде елтірінің түгі аса
қопсыған немесе табиғи елтіріге өте ұқсас болып шығады.
Тоқыма үлбірінің және жасанды қаракөлдің қасиеттері жөніндегі кейбір
көрсеткіштер 8.5- кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |