250
көгеруде бүзылады, бүйымға жоғары қаттылықты береді. Сондықтан,
өсімдік желімдері басқа тігін бүйымдарының бөлшектерін біріктіруде
қолданылмайды.
Киім бөлшектерін желіммен жалғау тәсілі тігін өнеркәсібінде кең
қолданылады. Желімдер сүйық және қою, желімдік үнтақ түрінде. төсемдік
матаның бір жағына жағылған күйінде және көлемдік жіп түрінде
пайдаланылады.
Желімдік материалдарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі
жоғары.Бөлшектердіжалғастырудыңжелімдікәдісітігінбүйымдарының
сапасын арттырады және өндірісті механикаландыруға мүмкіндік береді,
бүйымды өңдеу уақытысын қысқартады, бір бүйымға алғанда еңбек
өнімділігін 3-11% арттырады. Барлық шығарылатын киімдердің бөлшектерін
жалғаудың 12-15-40 % желімдік әдіспен жүргізілетін бол- са, еңбек
өнімділігі артады.
Бүйымның жүмсалар мақсаты мен оны пайдалану жағдайына бай-
ланысты тоқыма материалдарды жалғастыратын желімдер бірнеше
талаптарға сәйкес келуі керек.
Киімнің қандай мақсатқа жүмсалатынына қарамастан желімдік
материалдарға қойылатын талап мынадай: желімнің желімденетін бетімен
жақсы байланысып берік түрып қалуы, желім қүрамында адам организміне
зиянды заттардың болмауы, желім қабатының мықтылығы және
иілгіштігінің жеткілікті болуы, ескіруі төмен (желімнің ескіруі
-
оның қүрылымының өзгеруі, жарықтың, күннің, ылғалдың, жуудың,
химиялық тазартудың әсерінен уақыт өткен сайын физико- механикалық
және
химиялық
қасиеттерінің
төмендеуі),
желімдеу
әдісінің
қарапайымдылығы және қауіпсіздігі.
Жуылатын бүйымға пайдаланылатын желімдер мықтылығы және
иілгіштігіне қоса желімдік тігістің ылғалға, жуғанға, үтіктегенге төзімділігін
қамтамасыз етуі тиіс. Сырт киімдерді дайындауға жүмсалатын негізмдер
желімдік тігістің мықтылығын, иілгіштігін, ылғал және температураның
өзгеруіне шыдамдылығын, суыққа- химиялық тазартуға төзімділігін
қамтамсыз етуі тиіс.
БФ-6 және ПВБ негізмдері. ЦНИИШП үсыныстарына сәйкес тігін
өнеркәсібінде келесідей желімдер: БФ-6, ПВБ, поливинилхлоридті
пластикат, поливинилхлоридті шайырға негізделген паста, П-548 және П-54
полиамидті шайырдан және қатты қысымды полиэтиленнен жасалған
желімдік жіптер пайдаланылады.
БФ-6 негізмі - синтетикалық шайырлардың спирттік ерітіндісі. ПВБ
желімі - поливинил - бутиральдің спирттік ерітіндісі. Жеңіл - қүрғақ матаға
жағылған БФ-6 және ПВБ негізмдері желімдік тігістерге қаттылық береді.
Сондықтан да, желімдеу үшін БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпегін немесе
бір бетінде желім жамылғысы бар мата- ларды пайдаланады. Алдын ала
үлпек жапсырған төсемдік маталар, желімдік үлпекпен түгел жабылған
жиектік маталар, жолақ-жолақ
251
желімдік үлпек жапсырылған өңірге салатын және түкті маталар
шығарылады. Жиектік желімдік - мата ретінде қалыңдығы 0,1-0,13 мм
желімдік үлпекті бір бетіне түгел жапсырған бөз немесе миткаль пай-
даланылады. Жиектік желімдік матаны жалпақтығы 10-12 мм жолак етіп
кеседі де, зығыр жиектің орнына пальто, пиджак, жакеттердің өңіріне
салады. Өңірге салатын мата ретінде қалыңдығы 0,1-0,17 мм желімдік
үлпектің жолағы түрінде зығыр матаның бір бетін негізмдейді. Желімдік
жамылғысы бар зығыр матаны өңірге төсем ретінде, жағаның астына, иықты
көтеруге пайдаланылады. Түкті маталардың да желімдік жолақтары бар,
оларды төсемдікке пайдаланады.
БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпектерінің ені 70 см, қалыңдығы 0,13 мм
- 0,27 мм дейін. БФ-6 және ПВБ желімдері тігіс жапсырма- ларына
мықтылық, иілгіштік, суыққа және бензинге төзімділік береді. Бүл
желімдердің ылғал әсеріне осалдығы олардың пайдалану өрісін тарылтады,
жуылмайтын киімдер үшін ғана пайдалануға мүмкіндік болады.
Поливинилхлроидтік желімдер- бүл поливинил-хлоридтік пла- стикат
және поливинилхлорид негізіндегі паста.
Поливинилхлроидтік пластикат - поливинилхлоридтік шай- ыр,
дибутилфталат және цинк стеараты қоспасынан дайындалған қалыңдығы
0,2-0,25 мм қатты үлпек. Поливинилхлоридтік паста поливинилхлоридтік
шайырдан, дибутилфталаттан және пигменттен түрады.
Поливинилхлроидтік пластификатты погондар және петлицаға,
жағаларды жалғауға, мундирлердегі қайырмалар мен жапырақшаларды
жабыстыруға пайдаланады. Резеңке аралас маталардан жасалған
бөлшектерді жалғау үшін паста қолданылады.
Полиамидтік желім толық немесе жолақ түрінде төсемдік материалға
жағылады. Бүл желімдік жалғамаға қаттылық беріп, жалғанған жердің бу
және ауа өткізгіштігін азайтады. Қазіргі кезде П-548 және П -54 полиамид
желімдерінің үнтақтары негізінде жасалған желімдік жаппасы бар төсемдік
материалдар шығарылады. Бүл нүктелік түрінде желімдеп, жапсырып-ақ
тігістің беріктігін жоғарылатады. Желімдік жаппасы полиамидтік үнтақтар
негізінде жасалған төсемдік маталардың желімдік жаппасы түтас төсемдік
материалдарға қарағанда тігісі иілгіш, бу ауа өткізеді, химиялық тазартуға
пайдаланылатын барлық органикалық ерітінділерге шыдамды болады.
Желімдік жолағы бар маталардың орнына желімдік үнтағы бар төсемдік
материалдарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі жоғары.
Полиамидтік үнтақты төсемді материалдардың ассортименті: мит- каль,
бөздегі желімдік үнтақты жиекті мата, желімдік үнтақты өңірге салынатын
мата, желімдік үнтақты, таза және жасанды шаш, желімдік үнтақты
флизилин, әр жерден бір негізмдік жаппасы бар жалпақ өңірлік мата.
252
Жоғарғы қысымдық полиэтилен (ЖҚПЭ) суда қайнатып, сабын- сода
ерітіндісінде ұстағанға төзімді, мықты желімдік тігіс береді (15 рет
жуғаннан кейін немесе 1 сағат қайнатқанда тігістің мықтылығы өзгермейді).
Алынған тігістер хлорлық ерітінділерге, жарық ауа рай- ына төзімді, бірақ
химиялық тазартуда пайдаланатын бензин және уаит спирттің әсеріне
шыдамдылығы төмен. ЖҚПЭ
0,12-0,2
мм
үлпек түрінде шығарылады, төсемдік материалдарға ұнтақ немесе толық
жапсырады. Жоғарғы қысымдық полиэтиленді көйлек, блу- за, жейде
сияқты жуылатын киімдердің желімдік жалғаспаларына пайдалануға
болады. Полиэтиленді үлпектер әйел көйлектерінің етегін бекітуге,
жейденің жағасына төсемдікке, қаттамаға, белдікке және басқа бөлшектерге
пайдаланылады.
Желімдік жіпті өткізу үшін үлпекті термоконтактілі әдіспен бекітетін
I I I 1 - 2 машинасында орындалынады. Ыстықтай престе- геннен кейін
мұндай тігіс матаның екі қабатын мықтап қосады. Әсіресе, синтетикалық
маталардан жасалынған бұйымдарды өңдеуден өткізгенде желімдік
жіптердің біріктіру сапасы өте жоғары болады.
Соңғы жылдары П-548 және П-54 полиамидтік шайырдан және жоғарғы
қысымдық полиэтиленге жасалған желімдік жіптер сырт киімдер және жеңіл
көйлектердің бөлшектерін біріктіру үшін пайда- ланылады.
Желімдік үлпектермен біріктіру және төсемдік негізмдік матери-
алдардан тыс маталармен біріктіру процессі арқылы іске асырылады.
Желімнің бір қалыпты, тегіс жағылу және жақсылап желімденуі үшін
престің үстіңгі жастығы қатты, ал астыңғысы жұмсақ болуы керек.
Сондықтан, престің астыңғы жастығын киізбен жауып, мақта матамен
қаптаған дұрыс.
Дәнекерлеу. Тігін өндірісінде желімдеу тәсілімен қатар мата- ларды
біріктіруде киім бөлшектерін дәнекерлеу тәсілі қолданылады. Киім
бөлшектеріне арналған материалдарды дәнекерлеу ЦНИИШП толығымен
зерттелген.
Дәнекерлеу-термопластикалық материалдарды қосымша заттар- ды
қолданбай жылудың әсерімен біріктіру. Дәнекерлеудің жылумен түйістіру,
жоғарғы жиілікті және ультардыбысты тәсілдерін қолданады. Жылумен
түйістіру әдісі кезінде біріктірілетін материалдар дәнекерлеу бөлігінде
қыздырғышпен түйіседі, ериді және қысым астында бірге қосылып, тігіс
пайда болады (дәнекерленеді). Материалдарды жоғарғы жиілікті дәнекрелеу
жоғарғы жиілікті токтардың электрлі өрісінде жүргізіледі. Нәтижесінде
бойында физикалық үдерістер тұтқырлы әсерінен ағынды күйге дейін
қыздырылады және берік қосылады.
Ультрадыбысты дәнекерлеу тәсілі кезінде материалдарды қосу
аймағында біріктіру ультрадыбысты жиіліктің серпімді тербелісінің
арқасында жүргізіледі. Бұл тәсіл кезінде материалдар берілген өлшемдегі
дәнекерлеу нүктесін түзу арқылы біріктіріледі.
253
Қабыршақ материалдардың термопластикалық талшықтары бо- латын
және киім үшін жасанды былғарының, маталардың, тоқыма және беймата
төсеменің ассортименттерін кеңейту, киім бөлшектерін дәнекерлеуді
қолдану үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.Сонымен қатар, дамыған
болып ЦНИИШП -да жетілдірілген қалыптау тәсілі және киім бөлшегінде
тікелей фурнитураларды бір уақытта бекітумен ерекшеленеді. Киімде
үздіксіз түймелерді қалыптау тәсілінің, полимердің матамен адгезивті -
механикалық әсерлесу арқасында бекіту беріктігі жоғары болуы қажет.
10-БӨЛІМ
ЖЫЛЫТҚЫШ, ІШТІК ЖӘНЕ АРАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
10.1. ЖЫЛЫТҚЫШ МАТЕРИАЛДАР
10.1.1. Үлбір
Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал бо- лып
есептелінеді. Өзінің жылусақтағыш қасиеттері, жоғары тозуға төзімділігі
және сыртқы келбетінің әдемілігіне қарап, табиғи үлбір қазіргі кезде түрлі
әрлеулерге, өңдеуге және тігін бүйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады.
Қазақстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі база- сы бар:
елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар мен жануарлардың
түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы, қоян өсіру, бағалы
түбітті аңдарды жерсіндіру және қоныстандыруға үлкен көңіл бөлінеді.
Табиғи үлбір ерте кездерден ең жақсы жылусақтағыш материал бо- лып
есептеледі, бірақ жылусақтағыш іштік ретінде сирек қолданылады. Көптеген
табиғи үлбірлер түрлері жоғары жылу сақтағыш қасиетімен қоса әдемі түр
келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімде көбінесе сырт мата ретінде
қолданылады. Тек, табиғи үлбірдің кейбір түрлері, мысалы, қоян, үй
қоянының терісі, күзеннің және кейбір басқа жануарлардың терісін жылуды
өткізбейтін іштік немесе астарды дай- ындауда пайдаланылады.
10.1.2. Мақта
Тағайындалуына байланысты мақта матасы төрт түрге бөлінеді ол:
киімдік, жиһаздық, медициналық және техникалық. Киімдік мақтаны
төменгі сүрыптарынан және (ІУ-УІ сүрып), мақта мамығынан, мақта иіру
және тоқымашылықтан шыққан қалдықтардан өңдейді.
Мақтаның жоғары сүрыптары (люкс, прима) қысқа талшықты мақтаның
мамық қалдықтардың кішкене мөлшерінің қоспасынан дай- ындалады.
«Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдықтардан, ескі талшықтардан және
төменгі сүрып мақтаның кішкене мөлшерінен өңделеді. Түсі бойынша мақта
маталы мақта ақ (люкс), дөрекі (прима) және меланжды (тігін) болып
өңделеді.
Жылу шығармайтын іштікті жоғары серпімді және талшықтардың
жақсы ілінуімен ерекшеленетін қысқа талшықты «түкті»мақтадан жа-
255
сайды. «Түкті» маталар бүйымдарының жылу шығармайтын жақсы
қасиеттері болады.
10.1.3. Ватилин
Бүл бір жағын немесе екі жағын желімді эмульсиямен өңделген белгілі
бір қалыңдықты киімдік мақтаның қабаты. Ватилин өндірісіне шикізат
ретінде мақтаның төменгі сүрыптары, ал желімді жапсыр- ма мақтаны
жылжып кетуден сақтайды. 1м
2
шығарылатын ватилин салмағы 200-225г,
400-440г және 700-750г болады. Желімдік заттардың саны қалың ватилин
салмағынан 1,5 %, жіңішке ватилин 3%-тен аспа- уы қажет.
Ватилин көбінесе қыстық бас киімдерді дайындауда қолданылады.
10.1.4. Күспе
Трикотажды, тоқыма тігісті және тығызды күспе түрлерін бөледі.
Трикотажды күспе желі тоқушы арқау жіпті трико өрімді рашель-
машинасында шығады.
Трикотажды күспе бір жақты немесе екі жақты дөрекі немесе боялған
түкті болып өңделеді. Күспенің сапасын бағалауда техникалық шартта
көрсетілген қасиет көрсеткіштерінің нормаға сәйкестігін белгілейді және
баллмен бағаланатын сыртқы түрінің ақауларын анықтайды. I сүрыпқа 15
балл, II сүрыпқа- 30 балл рүқсат етіледі.
Тоқыма-тігісті күспе тоқыма-тігісті машиналарда 25текс *2(№40/2)
қалыңдықты мақта маталы иірімді белгілі қалыңдықты талшықты қабатты
тігу жолымен алады. Күспе ені 135-150см, салмағы 1м
2
-250- 400г, тігістер
ара-қашықтығы 10мм болып шығарылады. Бүл күспенің стандартты
ылғалдылығы 11% болады.
Тығыз енгізілген күспені жүннің қыл-қыбырынан, мақтаның төменгі
сүрыптарынан және (10см-80 жіп) негіз және арқау бойынша аз тығыздықты
штапель талшықтарынан, сиректілген мақта матасынан жартылай жүнді
мақта тарамын қарау арқылы алады. Өндіріс бір жақты немесе екі жақты
қақпалы күспені шығарады. Тігін өндірісінде көп қолданылатыны салмағы
1м
2
300г болатын, қүрамындажүнталшығынын 30% қақпалы күспе. Мата
қүрамында әлсіз бекітілгендіктен енгізбелі күспені қосымша дәкемен жауып
тігеді.
10.1.5. Поролон
Пенополиуретан - жеңіл, жүмсақ, қатты кеуек, серпімді матери- ал,
жылу сақтау қасиеті жоғары. Киімге салу үшін поролон үзындығы 15-17м,
ені 100 см, қалыңдығы 3-4 мм болып шығарылады. Керекті
256
өлшем қажет болғанда бірнеше қабаттап бүктейді. Жылу сақтау қасиеті
жағынан поролон мақта мен күспеден кем болмайды. Ол мақта мен күспеге
қарағанда ауа өткізгіштігі, гигроскопиялық көрсеткіші төмен болады. Бірақ,
кеуек болғандықтан ылғалды тез сіңіреді, жеңіл сығылады, тез кебеді.
Поролон төсемнің серпімділігінің арқасында киімнің пішіні жақсы
сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді.
Поролон қолданып тігілетін бүйымдарға деген үсыныстарды
I І Н ИИ ІІ ІП жасайды. Поролон бөліктерді бір-бірімен жай тігін маши-
насында тігіп дайындайды. Поролон үйкеліске мықты, көп қайтара
бүктегенде, қысымға, суыққа шыдамды, кигенде үгілмейді. Поролон 150 С
да жүмсарады, ал, 180 С-да балқиды. Қыздырғанда, әсіресе балқығанда, улы
заттар бөледі, сондықтан қауіпсіздік сақтау және арнайы еңбек қорғау
ережелерін қатаң сақтау қажет. Поролонның кемшілігі- ескіргенде
серпімділігін жоғалтады, қүрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды.
Трихлорэтилен, перхлорэтилен және уайт- спиртпен өңдегенде поролон
бүлінеді.
Сондықтан, поролон қасиеті бойынша мақта және күспеден артық, ал
киімде жылу шығармайтын аралық ретінде кең қолданылады. Түрлі
киімдерге қолданылатын поролонмен негізделген беймата материал- дар,
трикотаж маталар шығарады.
10.1.6. Іштік маталар
Іштік маталар сырт киімдерде өңірге, алдыңғы бойға, жағаларға,
жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бүйымның (пальто, пиджак, жакет)
пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады. Іштік маталарды негізгі мата мен
астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жы- лумен өңдеуге жақсы
пластикалы және форма бергенде түрақты болуы керек, сондықтан олар
берік, аз созылатын, қатты және сырт матаның отыруымен сәйкес болады.
Классикалық іштік матаға коленкор, мақта матасы, зығыр және жартылай
зығыр қатырғылар, желімді және ара- лас әдіспен дайындалған беймата
материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе
синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті
табиғи және жасан- ды маталар. Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сүр және
қою сары бола- ды, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі.
Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір
жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балқиды және матаны
іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді. Іштікті
матаның қасиеттеріне қарай таңдайды. Үтікпен ыстық өңдеуге келмейтін
маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді.
Трикотаждық іштік - трикотажды , матаны бекіту үшін қолдана- ды.
Іштік арқасында мата қалыңдайды және аз мыжылады, бірақ жүмсақ
257
17-6313
болып келеді. Трикотажды іштікті бүтін бөлшекке және олардың кейбір
керек тұсына желімдеуге болады.
Арқау жібі қалың іштіктер - көлденең бағытта ғана созыла- ды,
серпімділігі жоғары болады және өзінің бастапқы қалпына қайта келеді.
Мұндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді. Матаны тұрақтандыру
үшін іштікті негіз бойымен, жұмсақ, еркін қынамалық үшін - көлденең
бағытта пішіледі. Арқау жібі қалың іштіктерді жіңішке және орташа
тығыздықты маталарда қолдану керек.
Мөлдір беймата іштік - ең жіңішке, нәзік, жіңішке маталар үшін
арналған. Мұндай іштіктер түрлі-түсті, сонымен қатар дене түстес бо- лып
келеді, бұл іштікті оң бетінен білінбейтін болады.
Маталы іштік - жай маталар сияқты негіз және көлденең жіптерден
тұратындықтан, оларды сырт матамен бірдей бағытта пішеді. Егер іштікті
қиғаш пішсе, мата жұмсақ күлтеленеді.
Жайғақ - орташа тығызды және тығыз маталар үшін маталы желімді
іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материал болады. Жайғақ
қатты, дөңес форманы жақсы сақтайды.
Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі. Олар түрлі
тығыздықты, жұмсақ және қатты қырлы болады. Көлденең бағытта қатты
созылатын желімді беймата іштіктер кездеседі. Созы- лып кететін қасиетті
олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды. Мұндай іштіктер арнайы трикотаж
үшін арналған.
Жиекті беймата іштік - майда бөлшектердің жиектерін қатырмалау
үшін - белдіктерде, қаттамада, өңіржиекті түймеліктерде және етек
қиықтарды бүгуде қолданылады. Іштіктегі тесулерді тігістермен және
матадағы бүгілулерде теңестіреді.
Іштік беймата материалдардың ассортименті әр түрлі және үнемі
кеңейіп отырады. 10.1-кестеде флизелинді іштіктердің негізгі түрлері мен
оларды үтіктеу тәсілдері көрсетілген.
Кесте 10.1- Флизелинді іштіктердің негізгі түрлері
Іштік түрлері
Қатырмалы маталар
Үтіктеу тәсілдері
1
2
3
Ақ,
Н 180
қара, ені
60см
Жіңішке, төгілмелі мата
лар, мысалы жібек, ви-
скоза
«жібек»;
әр
бөлімде
қысыммен баяу сырғытпалы
қозғалыспен 5-6 рет; құрғақ
әдіс, 8 с
Ақ,
Н 200
қара, ені
60см
Жеңіл маталар, мысалы
мақта, полиэстер, ви-
скоза
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен
баяу сырғытпалы қозғалыспен
5-6 рет; құрғақ әдіс, 8 с
258
Ақ,
С405
Графит,ені 90см
Жеңілден жеңілдетілген
маталарға дейін, мыса-
лы жүн, тусса жібегі,
габардин, джерси
«Жүн/мақта»; үтікті қатты
қысыммен
кезекпен
қою;
ылғалды әдіс 10-12с
Ақ,
Н410
графит,
көлденең
түрақты
жіптермен, ені 60см
Жеңілден
ауыр
маталарға дейін, мыса-
лы жүн, жібек, тусса
«Жүн/мақта»; үтікті қатты
қысыммен
кезекпен
қою;
ылғалды әдіс 10-12с
Ақ, графит, бойлық
және
Н415
көлденең
түрақты жіптермен,
ені 60см
Жеңілдетілген және ауыр
маталар, мысалы жүн
«Жүн/мақта»; үтікті қатты қы-
сыммен
кезекпен
қою;
ылғалды әдіс 10-12с
Ақ,
Ғ220
графит, ені.
60см
Жеңіл маталар, мысалы
мақта
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен
баяу сырғытпалы қозғалыспен
5-6 рет; қүрғақ әдіс,8с
Ақ,
Н 250
графит,
ені 60см
Жеңілден жеңілдетілген
маталарға дейін, мыса-
лы мақта, тревира, по-
лиэстер, вискоза
«Жүн»; әр бөлімде қысыммен
баяу сырғытпалы қозғалыспен
5-6 рет; қүрғақ әдіс, 8 с
Дене
^Е420
түстес,
ені. 90см
Наппа терісі, мақпалды
және
жасанды,
термосезімтал
матери-
алдар (лакты)
«Жібек»;
үтікті
жеңіл
қысыммен
кезекпен
қою;
қүрғақ әдіс, 8-10 с
Ақ,
Н 630
ені. 90см
Желімді волюменфлиз,
жеңілден жеңілдетілген
маталарға дейін.
«Жүн/мақта»; үтікті қатты
қысыммен
кезекпен
қою;
ылғалды әдіс 15 с
Ақ
, Х50
ені. 90см
Кез-келген
материал-
дарда тігістерді орындау
үшін желімді қүрамды
ромб сызығы бойымен
жағылған көлемді іштік
материал
«Жібек/жүн»; үтікті жеңіл
қысыммен
кезекпен
қою;
қүрғақ әдіс, 10-12с
Флизелинді матамен берік біріктіру үшін үсынылатын температура мен
үтіктеу уақытын қатаң сақтау керек (кестеден және флизелиндегі
таңбалауды қараңыз).
Егер, таңбалауға сәйкес іштік ылғалды тәсілмен үтіктелетін бол- са
(мысалы, флизелин Н410 және 0405), пішім бөлшектерін іштікке ылғалды
дәкені қолданғанда ғана желімді қабат жақсы еріп іштік біртегіс үтіктеледі.
Сонымен қатар, үтіктің «қүрғақ» ізі арқылы пішім бөліктерінің бар бөлімі
өңделгенін анықтауға болады. Ылғалды әдіспен іштікті үтіктегенде булы
ылғалдатқышты үтікті қолдануға болмайды,
Достарыңызбен бөлісу: |