Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


-БӨЛІМ  ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ФУРНИТУРА



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата01.04.2020
өлшемі6,36 Mb.
#61231
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
9b05049b-3702-11e3-a987-f6d299da70eecgiirbis 64.exe


12-БӨЛІМ 
ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ФУРНИТУРА 
12.1.  ӘРЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ 
Әрлеу,  сәндеу  материалдарына  таспалар,  ызбалар,  баулар,  шілтерлер, 
гипюр,  стеклярус  жатады.  Алуан  түрлі  тігін  бүйымдарын  әрлеу  үшін 
маталар, тері, үлбір, күдері, түймелер қолданылады.
 
Тағайындалуы  бойынша  әрлеу  материалдары  үш  топқа  бөлінеді: 
қолданбалы-бүйымның ішкі бөлімдеріның тігістерінің шеттерін бекіту және 
көмкеру  үшін  таспалар  және  ызбалар,  сәндік  қолданбалы  киімнің  сыртын 
сәнді  көмкеру  үшін  арналған  таспалар,  ызбалар,  баулар,  сәндік-  киімді 
сәндеуге арналған және эстетикалық функцияларды орындай- тын таспалар, 
эмблемалар, ызбалар, баулар және шілтерлер.
 
Таспа  -  бүл  ені  әр  түрлі  болатын  мата  қиындылары,  олар  екі  түрлі 
көлденең жіптерді тоқитын станоктар мен машиналарда өңделеді. Таспалар 
матаға үқсас бір түсті және атластан майда өрнекті болып тоқылып, әр түрлі 
матадан, түкті және шілтерленген түрлері болады.
 
Таспаның  талшықтық  қүрамы  әр  түрлі,  олар  кардалық  және  тарақтық 
мақта  матадан,  вискозды,  штапельді,  синтетикалық  көлемді  иірімдерден, 
қүрамдас  вискозадан,  ацетатты,  жай  капроннан  және  көлемді  жіптерден, 
табиғи  жібек  жіптерден,  сонымен  қатар  эластика-  лы  таспалар  үшін 
резиналы  жіптерден  қүралынады.  Аз  мөлшерде  та-  спаларды  зығырдан, 
жүннен  және  лавсанды  иірімдерден  шығарылады.  Киімге  қолданылатын 
таспалар әрлеуіш және қолданбалы болып бөлінеді.
 
Тігін өндірісінде қолданылуына байланысты қолданбалы таспалар келесі 
түрлерге бөлінеді:
 
Өңірлік жиек таспа - жартылай зығыр, жаймалық өрім, өңделмеген, ені 
9-12мм, созылуын азайту үшін өңірдің, қиықтың жиектеріне салы- нады.
 
Шалбарлық  таспа-  мақта  жіппен,  жартылай  капрон  немесе  капрон 
жіптерден  жаймалық  және  саржалық  айқаспамен  «шыршаға  үқсас»  жиек 
салып  тоқылады  ені-15мм,  шалбардың  төменгі  қиық  жиегін  бекіту  үшін 
қолданылады.
 
Корсаждық  таспа-  жатық  боялған,  өңделмеген  түсті  мақта  жібінен 
жаймалық айқаспамен тоқылған, ені 40,50, 60 мм болады.
 
Киперлік  таспа-  саржалық  өріммен  және  «шыршаға  үқсас»  өріммен 
тоқылған,  жіптері  ағартылған,  өңделмеген,  табиғи  түсінде  немесе  тегіс 
боялған,  киімдер  және  басқа  да  бүйымдарды  біріктіру  үшін  пайдала- 
нылады, ені 11,12,13,14,15,16,18 мм болады.
 
289 
19-6313 

Иілгіш  таспалар-өңделген  мақта,  ағартылған вискоза жіптеріне  резеңке 
талшықтар  немесе  спандекс  жіптерімен  араластырады,  үстағыш  ретінде 
қолданылады, ені 8-10 мм болады. Сәндік-қолданба- лы таспаларға мыналар 
жатады:
 
Аспабау  таспалар-  жартылай  жібек,  вискозды,  капронды,  эла-  стик 
араласқан  капрон  жіптерінен  жаймалық  атластық,  майда  өрнекті  өріммен 
тоқылған, ширатқанға төзімді, ені 5-16 мм болады.
 
Сәндік  иілгіш  таспалар-  штапель  жіптерінен,  жолақты  ала  тоқылған, 
таспалы  резеңке  талшықтардың  тартып  түруының  арқасында  бет  жағында 
ілмектері  бар,  ені  25-30  мм,  шомылу  костюмдері  және  шаңғышылар 
костюміне қолданылады.
 
Иілгіш таспа- вискозды жібектен резина талшықтарын немесе спандекс 
жіптерін араластырып, іш-киімдік бүйымдар мен плавкілерге қолданылады.
 
«Гофре»  иілгіш  таспа-  вискозды  жібектен,  екі  жағынан  резина 
талшықтары  өтетін  ортасы  гофреге  үқсас,  іш  киімдік  бүйымдар  және 
плавкілер үшін қолданылады, ені 7-15 мм болады.
 
Жиектік  таспа-  мақта  немесе  жүн  аралас  жіптерден  саржалық  және 
жалған  репстік  айқаспамен  тоқылады,  ағартылған  және  тегіс  боялған, 
тігістердің  қиылған  жерлерін  тегістеу  үшін  қолданылады,  ені  13-16  мм 
болады.
 
Сәндік таспаларға мыналар жатады:
 
Іш  киімдік  бейка  -  мақта  мата  таспаға  түрлі-түсті  вискоза  жіптерінен 
жаккрдтық  өрнектер  салынған,  ала  тоқылған,  балалар  бүйымдарында 
қолданылады, ені 9-15 мм болады.
 
Әрлеу тасмпалары- түрлі енді вискозды қүрамдас жіптерден жасалатын 
әр түрлі енді майда өрнекті, жаккардты өрімді, түрлі- түсті суретті түрі жиі 
кездеседі, әйелдер және балалар киімдеріне қолданылады.
 
Үлдір  таспа-  жүқа,  мережкаға  үқсас  суретті  болып  келеді,  негіз  жібі 
капрон  жіптерден  және  арқауы  мақта  қағазды,  жүн  жіптерден  және 
текстурленген жіптерден дайындалады.
 
Эмблема  таспасы-  жаккардтық,  тақырыптық  суретті  (штурвал,  якорь, 
аңдар,  геометриялық  орнаменттер,  өрнектер),  вискозды  қүрама  жіптерден 
және  иірілген  штапель  жіптерден  жасалады  және  балалар,  спорттық 
бүйымдарға қолданылады, ені 90-100 мм болады.
 
Таспалар  іш-киімге,  әйелдер  көйлектеріне,  балалар  бүйымына 
қолданылады. Ақ жаймалар үшін арнайы ақ жайма іш-киім бейкала- ры, 12.1 
-  суретте  көрсетілген,  аспабау  үшін  таспалар,  көмкерме  үшін  өңіржиекті 
таспалар, әйелдер көйлектері үшін - түрлі әрлеу таспалары, шілтері тоқылған 
таспалар,  12.2.,  12.3.,  12.4  -  суреттерде  көрсетілген,  Ляке  таспалары, 
шілтерлі  таспалар,  спорттық  киімдер  үшін  -  қарапайым  және  түкті 
эластикалы таспалар қолданылады.
 
290 

 
Сурет 12.2 - Әрлеу таспалары 
291 

 
292 

Қолданбалы  таспа  ретінде  өңірлік  көмкермені,  корсажға  арналған 
таспалар, шалбардың төменгі жағына жиектеме ретінде қолданылады.
 
Ызба. Ызбалар (тесьма) көп жағдайда өрілген болып келеді, ал тоқылған 
түрі сирек кездеседі.
 
Өрілген  ызбада  өрілген  жіптері  бір-біріне  зигзагқа  үқсас  қырларына 
бүрыш  болып  орналасады.  Осы  қүрылым  арқасында  ызба  үзындығы  және 
ені  бойынша  жақсы  созылады  және  онымен  тігіс  шеттерін,  күрделі 
конфигурациялы бөлшектерді жеңіл тігіледі. Ызбаны әйелдер және балалар 
бүйымдарында әшекейлі әрлеу ретінде қолданылады.
 
Өрілген  ызбаны  түрлі  енді  (2,5-25мм)  мақта  матадан  немесе  штапельді 
иірімдерден,  қүрамдас  вискозды  жіптерден  және  резеңке  жіптерден 
класстарға  бөлінетін  ызба  қүрауға  қатысатын  жіптерінің  са-  нына 
байланысты  таспа  тоқитын  машиналарда  дайындалады.  Өрілуіне 
байланысты ызбаны бір шалымнан кейін өрілетін жіптерден  бір өрімді, екі 
шалымнан өрілетін екі өрімді, үш жіп арқылы- үш өрімді болады. Қырларды 
тігуге арналған бір түсті ызбалар бүйымның түсіне байла- нысты таңдалады, 
әрлеу ызбасы тегіс боялған және екі, үш, одан да көп түстерден ала тоқылған 
түрлері болады.
 
Өрілген 
әрлеу 
ызбаларының 
түрлі 
үршықтардың 
жіптерінің 
тартылысының өзгеруіне байланысты пайда болатын толқынға үқсас өрілген 
жолаққа үқсайтын кең тараған түрі «вьюнчик» ызбасы болып саналады.
 
Әрлеу  ызбаларының  жаңа  түрлерін  өрімге  түрлі  суреттер  және 
қүрылымды  бауларды  қосу  арқылы  алынады. Тоқылған  әрлеу  ызбасы  тегіс 
боялған  болып  келеді,  бірақ  тегіс  боялған  және  ала  тоқылған  екі,  үш  және 
одан көп түсті болады.
 
Тоқылған  ызба-  мақта  матаның  иірімінен,  вискозды  штапельді  және 
қүрамдас  жіптерден  тоқу  машиналарында  түрлі  енді  болып  шығарылады. 
Ызба  жасайтын  бүл  машиналарды  үршық  санына  бай-  ланысты  кластарға 
топтайды.  Өрімдерге  байланысты  ызбаларды  бір  өрімді,  екі  өрімді  түрлері 
болады.
 
Әр-түрлі  енді  тоқылған  ызбалар  арқау  тоқитын  машиналарда 
шығарылады.  Ол  бір  түстімен  қатар  түрлі-түсті,  шілтерлі  әсерлі  және 
рельефті қүрылымды көлемді жіптерден, штапельді вискозды және лавсанды 
иірімдерден пайда болады.
 
Баулар - өрілген және оралған болады.
 
Өрілген  бауларды  ызбаға  үқсас  тоқыма  машиналарында  дайындай-  ды. 
Өрілген  баулар  вискозды,  капронды,  мақта  матадан  және  штапельді 
иірімдерден - қүрамдас жіңішке жіптерден өрілетін, бірнеше мақта ма- тадан 
қалың жіптерден (жүректі) өрімдерден пайда болады.
 
Әрлеуіш тоцылган бау-сутаж бау ортасында, өрім арасында қуыс пайда 
болып,  сыртынан  қүрамдас  вискоза  жіптерінен  өрілген  ені  2-3,5  мм  екі 
қалың  мақта  матадан  ширатылған  өрімнен  пайда  болатын  әрлеуіш  өрілген 
бау болады. Сутаждың сыртқы өрімі бір түсті және әр
 
293 

түрлі түсті болады. Сутажды әйелдер және балалар көйлектеріне, со- нымен 
қатар балалар костюмдерін әрлеу үшін қолданылады.
 
Тоқылған бау арнайы дөңгелек тоқыма  машинасында алынады (ШВМ), 
олар  түрлі  енді  және  формалы  болады.  Негізінен  балалар  киімдері  үшін 
әрлеу ретінде қолданылады.
 
Диаметрі 2 мм шамасындағы мақта матадан өрілген өңірлік  баулар- ды 
рельефті ілгекке астар үшін қолданылады.
 
Ілгекті  өрілген  баулардың  ортасы  мақта  маталы,  сыртынан  вискоз-  ды 
және  капронды  жіптерден  өрілген  болып  келеді.  Олардың  диаметрі  4мм 
шамасында болады.
 
Оралган  бауларды  мақта  матадан,  вискозды  және  жүн  жіптерден- 
ширатылған  бірнеше  өрімдерден  алады,  кейбір  кезде  әрлеу  бауларына 
мишура (металлдан жасалған жіптер) қосылады.
 
Шілтерлер  -  деп  жіптерден  дайындалған  мөлдір  тор  өрнекті  қолмен 
немесе машина әдісімен орындалатын бүйымдарды атайды.
 
Қол  шілтерлері  өрілген,  филейные  (тігілген)  және  тоқылған,  жиек 
формасында,  тақырыпты,  кейбір  кезде  жеке  бүйымдарда  -  жағаларда, 
ендірмелерде  болады.  Шілтеріні  әйелдер  және  балалар  іш-киімдеріне, 
көйлектер және блузкаларда қолданылады.
 
Жиек-  қарсы  беті  тісті,  тігілетін  матаға  бірдей  болып  келетін  шілтерлі 
жолақ.
 
Бастыра  тігу-  екі  бүйымның  арасына  тігілетін  бірдей  жиекті  шілтерлі 
жолақ.
 
Тақырыпты- шақпақ, овал, дөңгелек формасындағы шілтерлі ендірме.
 
Қол  жүмысымен  өрілген  шілтерлер  бағалы  болып  келеді,  олардың 
өндірісі  Вологодский,  Рязанский  және  Ресей  Федерациясының  басқа 
аудандарында дамыған көркемөнер саласы.
 
Өрілген  шілтерлерді  мақта  матадан,  дөрекі  зығыр  және  жіптерден 
алынады.  Қол  жүмысы  үдерісі  өте  күрделі  және  қиын  болып  келеді, 
жастықшаға цилиндр пішінді өрнек салынған қағазды түйреуіштермен қадап 
бекітеді.  Ұршықтың  көмегімен-  бір  жағына  жіп  байланған,  бір  жағы  үстау 
үшін  арналған  үшталған  ағаш  таяқшалардың  көмегімен  жіпті  түйреуіштің 
айналасына  орап  белгілі  бір  мөлдір  өрнекті  қүрап  тоқиды.  Бүл  жолмен 
шағылысқан  шілтерлер  алынады.  Тізбекті  шілтерді  дайындағанда  бірінші 
үршық  көмегімен  өрнекті  дайындайды,  содан  кейін  ілгек  қүрайтын  сирек 
тормен  бір-біріне  жалғайды.  Шілтерлер  аса  күрделі  емес,  қайталанбалы 
суретті,  тура  саналған  жіптердің  са-  нымен  жасалатын  айқаспалы  болып 
келеді.  Шілтерлер  санаулы  жіптер  санының  айқаспасымен  дайындалатын 
күрделі емес, қайталанатын суретті болады.
 
Филейные  (тігілген)  шілтерлерді  қалың  жіпті  торда  өрнектерді  инемен 
кестелеу арқылы пайда болады. Тоқылған шілтерлер кроше жіптерінен ілгек 
арқылы тоқиды.
 
294 

Машиналы  шілтерлер  іш-киімдер  және  көйлектерді  әрлеу  үшін  жи- 
ектеме  түрінде,  сонымен  қатар  той  киімдері  және  блузкалар  үшін  бүтін 
шілтерлі  жайма  ретінде  шығарылады.  Шілтерлерді  арнайы  шілтерлі  ма- 
шиналарда өру машиналарында дайындалады. Олар өрілген, тоқылған және 
кестеленген болады.
 
Өрілген  шілтерлер  (басонные)  -  ауыр,  массивті,  анық  бедерлі  суретті 
қалың  өрнекті  (көмкерме)  жіптердің  көмегімен  жасалады.  Екі  жіптер 
жүйесінің  өрім  көмегімен  (негізгі  және  өрнекті)  ілгекті  жаккардты  ма- 
шиналарда мақталы, вискозды және текстурленген жіптерден пайда болады. 
Сонымен  қатар  қалың  өрілген  шілтерлер  шығады,  олар  қолдан  тоқылған 
шілтерге үқсайды.
 
Тоқылған шілтерлер негіз тоқитын көп тарақты шілтерлі машина- ларда 
шығарылады.  Өрілген  шілтерден  айырмашылығы,  грунт  бойын-  ша 
квадратты  немесе  алты  қырлы  үяшық  (тюль)  арқылы  тығыз  емес  өрнек 
өтеді.  Суреттері  геометриялық  немесе  өсімдікті  өрнектер,  өте  күрделі, 
жаккардтты болады.
 
Тоқылған  шілтерлерді  тоқыма  автоматтарында,  тегіс  тюлде  неме-  се 
тоқыма  жаймада  (жіңішке  мақталы  немесе  капронды)  сурет  пайда  болады. 
Суреттері әр-түрлі, вискозды немесе мақта маталы жіптерден дайындалады.
 
Кесте  жайма  бойымен  керекті  жолақ  енімен  арнайы  машиналарда 
кесіледі.  Кестеленген  шілтерлер  трикотаж  бүйымдарын  әрлеу  үшін 
қолданылады.
 
Машиналы  шілтерлі  және  шілтерлі  жаймаларды  мерсерленген 
ширатылған  мақта маталы  иірімдерден,  вискозды  және  капронды  қүрамдас 
жәптерден, ал сирек жағдайда штапельді, лавсанды немесе жүн иірімдерден 
шығарады.
 
Жаккардты  аппаратты  шілтерлі  машиналарда  үш  жүйелі  жіптерден 
түратын шілтерлер мен шілтерлі жаймалар дайындалады ол: негізгі, өрнекті, 
арқаулы  болады.  Шілтер  ені  12,7  мм  болатын  арқау  жіптерінщ  санына 
байланысты шілтер машиналары 7 - 16 топтарға бөлінеді.
 
Шілтерлі  машиналарда  арнайы  шілтерге  біріктіру  жіптерінің  енгізу 
арқылы,  соңғы  әрлеу  кезінде  шығарып  50  -300  дейін  дайын  шілтер 
жолақтарын (еніне байланысты) шығарылады.
 
Шілтерлі машиналарда шығарылатын шілтердің негізгі түріне
 
12.1  -  кестеде  көрсетілген,  жіңішке  (валансьен),  жіңішке  енді  (малин), 
жіңішке  рельефті  (бретон),  рельефті  енді  (брабант),  орыстың  (торшон) 
түрлері жатады.
 
Өрілген  (басонные)  шілтерді  мақта  маталы  иірімді,  вискозды  және 
капронды  қүрамдас  жіптерден  өрнекті  екі  жіптің  жүйелі  айқасынан 
дайындайды.
 
Кестеленген  шілтерлер  тегіс  боялған  мақта  маталы  немесе  жіңішке 
трикотаж  жаймамен,  ал  сирек  капронды  маталарда  кестелеу  автоматта- 
рында кестеленеді. Әр түрлі суреттерді кестелеу автоматтарында мақта
 
295 

маталы,  вискозды  жіптерден  орындайды.  Кесте  бүкіл  жайма  бойы-  мен 
өңделеді,  оны  арнайы  машиналарда  керекті  енді  жолақтарға  кесіледі.  Бүл 
шілтерлерді әйелдер трикотаж іш-киімдеріне қолданылады.
 
Гипюр  (ауалы  кесте).  Кесте  мата  бойымен  мақта  маталы  иіріммен 
орындалады,  ал  кейін  оны  алып  тастайды,  соның  арқасында  кестелен-  ген 
сурет  фонсыз  қалады.  Кестені  термоөңдеуден  және  механикалық  әсерден 
кейін  алып  тасталынатын,  алюминий  түздары  сіңген  мақта  маталы  матада 
кестелеу  автоматында  орындалады.  Жіңішке  гипюрді  өңдеу  кезінде  ерітіп 
жіберілетін  табиғи  жібек  матасынан  кестелеп  жа-  сайды.  Гипюр  -  ауыр, 
массивті шілтер, блузка және көйлектерді әрлеу үшін қолданылады.
 
Тюль  (тор)  -  ағартылған  немесе  түрлі-түсті  алты  қырлы  немесе  төрт 
қырлы үяшықты формалы тор жайма. Қолданылатын шикізатқа байланысты 
тюль  мақтақағазды,  жартылай  жібек  (вискозды  жіптермен)  және 
синтетикалық болады. Тюль тегіс және өрнекті, суреті бар бо- лып бөлінеді, 
тюльді  іш  киімді,  көйлектерді,  блузкаларды  әрлеуге  қолданылады.  12.5., 
12.6., 12.7- суретте кестеленген, гипюр шілтерлер көрсетілген.
 
Кесте 12.1 - Шілтерлі машиналарда шығарылатын шілтерлер
 
Атауы
 
Ені, мм
 
Сипаттамасы
 
Жіңішке (валансьен)
 
10-40
 
Ромбты торда торға қарағанда (12.5-сурет,а) 
қалыңдатылып 
қой- 
ылған 
өсімдікті 
өрнектер мен геомет- риялық фигуралардан 
күрделі  емес  өрнектерден  ширатылған 
мақта мата- лы иіріммен дайындалған.
 
Енді жіңішке (малин)
 
40-120
 
Алты қырлы үяшықты торда мақта маталы 
тарақты  ширатылған  иірімнен  немесе 
капронды  қүрамдас  жіптерден  өтетін  өрнек. 
Шілтер жеңіл, өте мөлдір болады
 
Бедерлі жіңішке (бре- тон)
 
10-40
 
Мақта  матадан  жасалған  анық  белгіленген 
фон және сурет.
 
Бедерлі енді (брабант)
 
45-100
 
Бедерлі 
сурет 
сипаттамасы 
жіңішке 
шілтердегіге үқсас болады
 
Орыстың (торшон)
 
15-100
 
Мақта маталы иірімді бедерлі суретті шілтер 
қолдан өрілген шілтерлерге үқсас болады
 
296 

 
Тігісті - арнайы машинада дайындалған кестеге қосылған тесіктері бар 
ағартылған  жіңішке  мата  жолағы.  Тігісті  түрін  жиек  және  басып  тігілген 
түрінде  шығарылады,  әйелдер  және  балалар  бүйымдарын  әрлеу  үшін 
қолданылады. Тігісті түрін әрлеуіш мата түрімен шатастыр- мау қажет, олар 
тігіс  түріне  үқсас  кестелі  болып  келеді,  бірақ  өлшенген  жайма  түрінде 
шығады.
 
 
 
Сурет 12.5- Машиналы шілтер 
а-
жіңішке (валансьен); б-енді (малин); в-бедерлі 
(брабант); г-грунтты (торшон) 
297 

 
Сурет 12.6- Кестеленген шілтер 
 
Сурет 12.7- Гипюр (ауалы шілтерлер) 
298 

12.2. КИІМ ФУРНИТУРАСЫ 
Фурнитуралар-тігін  өндірісіне  қажетті  көмекші  бүйым.  Фурниту-  ра 
тігін  бүйымдарын  түймелеу,  бекіту,  осы  бүйымдардың  бөлшектерін 
жеңілдету,  сонымен  қатар  киімнің  кигенде  ыңғайлы  болуы  үшін 
қолданылады. Тігін өндірісінің  фурнитураларына:  түймелер, сыдыр- малар, 
кнопкалар, ілгектер, ілгіштер және қапсырмалар жатады.
 
Түймелер  түймелеу  үшін,  сонымен  қатар  киімді  әрлеу  ретінде 
қолданылады. Түймелерді келесі түрлерге бөледі ол: - материалы бойынша-
пластмассалы, металлдан жасалған, керамикалық, аралас, бекіту элементтері 
бойынша-  тесікті,  қүлақшалы,  дайындау  әдісі  бой-  ынша-  қүйылған, 
пресстелген,  механикалық  өңделген,  штампталған,  жиналған,  әрлеу 
бойынша-қорғағыш  сәндік  жабындысыз  және  фоль-  гамен  тығыздалған 
болады.  Пластмассалы  түймелерді  дайындауына  байланысты  келесі 
топтарға  бөледі  ол:  әйелдер,  ерлер  және  балалар  киімдері,  жейделер,  іш 
киімдерге қолданылады.
 
Киімдерге арналған түймелер келесі классификацияларға бөлінеді:
 
-  Дайындалуы 
бойынша 

пальтолық, 
костюмдік, 
көйлек- 
тік,шалбарлық,  іш-  киімдік,  формалық,  балалар  киімдеріне  арналған 
түймелер;
 
-  Түйме диаметрі мм;
 
-  Өңделген  материалына  байланысты  галалитті,  акрилатты,  целлу- 
лоидты,  металдан  жасалған,  әйнекті,  түмсықты,  сүйекті,  перламутрлі, 
ағаштан және пресстеп жасалған;
 
-  Сыртқы  түріне  байланысты,  пішініне  қарай-  домалақ,  сопақ,  со- 
зылған,  дөңгелекке  үқсас,  жартылай  дөңгелекке  үқсас,  иілген,  б)  беткі 
қабатына  қарай  -тегіс  және  бедерлі;  в)  боялуы  бойынша-  қара,  ақ,  түрлі-
түсті, ала, тасбақа тәрізді, рубин тәрізді, янтарь тәрізді болады;
 
-  Киімге бекітілуі бойынша түймелер түйменің ортасында орна- ласқан 
екі  немесе  төрт  тесікті,  бүтін,  нүктелі  немесе  түйменің  төменгі  жағы  сым 
темірлі  ілгекшемен  болады.  Өндіріс  түймелердің  әр  түрлі  өлшемдерін 
шығарады, ол 12.2- кестеде көрсетілген.
 
Кесте 12.2 - Түймелер өлшемдері 
Түймелердің өлшемі мм 
(диаметр)
 
Тесіктер
 
өлшемі
 
Тесіктер 
ортасының ара- 
қашық тығы
 
Қүлақша биіктігі
 
7
 
1,6
 
2,5
 
3,5
 
9-12
 
1,8
 
3
 
3,5
 
13-17
 
1,8
 
3,5
 
3,5
 
18-22
 
2
 
4
 
4
 
23-30
 
2,5
 
4,5
 
4,5
 
30-дан жоғары
 
2,5
 
5
 
5
 
299 

Пальтолық  түймелерді  26мм  өлшеммен  (диаметр)  және  одан  жоғары, 
костюмді  (ерлер  пиджактары,  кеудешелер,  күртешелер,  әйелдер  жакеттері 
үшін) 20-25мм, көйлекті (әйелдер және балалар көйлектері үшін)-12мм және 
одан  жоғары,  шалбарлық  -14-17мм,  іш-  киімдік  (ерлер,  әйелдер,  балалар 
және ақ жайма үшін)- 10-19мм, фор- малы - 14,18,22, 24мм болады.
 
Ерлер  киімдеріне  арналған  түймелер  формасы  және  әрленуі 
қарапайымдылығымен  ерекшеленеді.  Негізінен  олар  домалақ,  жазық,  сәл 
ойыңқы немесе оң беті томпақ болады.
 
Әйелдер  киімдеріне  қолданылатын  түймелер  (пальтолық,  жакеттік. 
көйлектік)  әр  түрлі  формалы  және  әрлеулі:  жазық  (дөңгелек,  овалды,  үш  - 
төрт  бүрышты,  оң  беті  түрліше  өңделген-  тегіс,  томпақ  немесе  бедерлі 
суретті), шар тәрізді, цилиндрлі болып шығарылады.
 
Түймелердің 
негізгі 
қасиеттері 
олардың 
өңделетін 
шикізат 
материалдарының  қасиеттерімен  анықталынады.  Өңделетін  шикізат 
материалға  байланысты  механикалық  әдістерпен  (кесу  арқылы),  штамптау, 
кезекті  әрлеумен  пресстеу  арқылы  өңделеді.  Механикалық  өңдеу  кезінде 
керекті  диаметрлі  дөңгелекшелер  (үлгілер)  кесіп  алы-  нады,  тағылып, 
фрезденіп, өңдейді. Штамптау кезінде үлгілерді оң беті керекті суретпен бір 
мезгілде  штамппен  жонады.  Прессүнтақтан  түймелерді  пресстеу  арқылы 
дайындайды.  Ол  үшін  арнайы  пластика-  лы  үнтақты  қыздырылған  пресс-
формада  салып,  жоғары  температура-  да  қысыммен  балқытылады, 
суығаннан  кейін  пресс-форманың  форма-  сында  қатады.  Пресс  үнтақтан 
жасалған түйме сынығынан түйіршікті қүрылымы анық көрінеді.
 
Түйменің  сапасын  сыртқы  түрімен,  қүрамындағы  негізгі  қасиеттері 
арқылы  анықтайды.Түймелердің  сыртқы  түрінің  формасын  тексерген-  де 
олардың оң бетінің формасының дүрыстығын, өлшемдерін және суреттерін 
қарайды. Түймелердің бетінде сызаттар, шытынаулар, дақтар және жиектері 
өткір үшты болмаулары қажет. Түймелер сапалы және мықты болуы керек. 
Биіктігі  1,5  м  жерден  қүлағанда  зақымданбауы,  судың  әсеріне  де  төзімді 
болулары  қажет.  Суға  төзімділігі  келесі  әдіспен  анықталады  ол:  алдын  ала 
өлшенген  түйме  температурасы  17-  23°С  болатын  суға  24  сағатқа  салып 
қояды, судан алып қайта өлшенеді. Түймелер күн сәулесінің әсерінен өзінің 
түсін,  формасын,  сыртқы  түрін  өзгертпеулері  керек.  Жарыққа  түрақтылық 
қасиетін анықтау үшін түйменің бір бөлігін жарық өткізбейтін қара қағазбен 
тығыздап жауып, бір бөлігін ашық қалдырады.
 
Батырмалар - серіппелі қозғалысты түймелік, қүрастырылуы бой- ынша 
кнопкаларды  сақиналы  серіппелі  кнопкаларға,  омега  тәрізді  серіппелі, 
серіппелі  төлкемен,  материалы  бойынша-  болатты,  жез,  аралас,  жабынды 
түріне  байланысты-  никельмен,  тотықпен,  жезді,  лак  бояқты  болады.  Тігін 
өндірісінде  қолданылатын  кнопкалардың  негізгі  түрлері  және  олардың 
ашылғандағы жүмсалатын күш өлшемі төменде көрсетілген:
 
300 

Кнопкалар типтері 
Ашуға жүмсалатын күш
 
КГ-1,КШ-2 
2-5 
КШ -3,Кш-4 
5-12 
КШ-5,КШ-6,КШ-7,КШ-8 
8-20 
Кнопкаларды арнайы өлшемдермен дайындайды, мм: КШ-2 диаметрі 6,5 
және биіктігі 3, КШ-3-7,5 және 3(Сәйкестігі бойынша), КШ-4 -9, 3,5, КШ-5-
11, 4,5 КШ-7-16, 3, 16, 5,2, КШ-8- 18, 5,5.
 
Сыдырма  ілгек.  Сыдырмалы  ілгек  мақта  маталы  өңірлік  таспаның, 
сыдырманың екі жолағына бекітілген екі қатар звенодан түратын, қозғалыс 
кезінде 
жоғары-  төмен 
сыдырма 
бойымен  жылжып 
ілгектерді 
ағытыпнемесетүйықтапбекітеді.Металлданжасалғансыдырмаілгектер 
төрт 
түрлі болады: А- бір замокты және алынбайтын шектеуішпен; Б-екі замокты; 
В-  бір  замокты  және  алынбалы  шектеуішпен;  Г-екі  замок-  ты  алынбалы 
болады.  Сыдырмалар  әр  түрлі  киімдерде  қолданылады  (көйлектерде, 
костюмдерде,  пәлтелерде),  сыдырмының  екіші  түрі  тек  қана  арнайы 
киімдерде,  спорттық  күртешелерде,  кожгалантереялық  бүйымдарда 
қолданылады.
 
Тігін  өндірісінде  сыдырмалы  ілгектің  металлдан  жасалған  және 
пластмассалы  түрлерін  қолданады.  Механикалық  қасиеттерінің  негізгі 
көрсеткіштері 12.5. кестеде көрсетілген.
 
Звенолар, сыдырма және шектеуіш жезден, болаттан (хромдалған немесе 
никельденген) және пластмассадан болады. Сыдырманың басқа бөлшектері - 
жоғарғы  шектеуіш,  төменгі  шектеуіш,  төменгі  шектеуіштің  корпусы-  сол 
материалдардан,  сонымен  бірге  төменгі  қысымды  полиэтиленнен, 
фенопласттан, полиамид және полистирол шайырынан алуға болады.
 
Сыдырмы ілгектер звеноларының еніне байланысты өте үсақ (3мм), үсақ 
(3-5мм),  орташа  (5-7мм),  үлкен  (7-10мм),  өте  үлкен  (10мм  және  одан 
жоғары) болып бөлінеді. Сыдырмалар үзындығы 120, 150, 180, 200, 250, 300 
мм өңделіп шығарылады.
 
Сыдырмалы ілгектерге келесі талаптар қойылады, олар жылтыр, дақсыз, 
сызатсыз,  датсыз  болуы  керек.  Ілгектің  звеноларының  өлшемі  бойынша 
бірдей  және  таспаға  берік  бекітілуі  керек.  Ілгектің  сыдырма-  сы  жүмысшы 
сыдырма  бойымен  оңай  әрі  еркін  жүруі  қажет.  Өңірлік  таспа  таза  және 
дақсыз болуы керек.
 
Ілгек  пен  ілгіштер.  Тігін  өндірісінде  қолданылатын  ілгектер  мен 
ілгіштер көйлектік, шалбарлық болып бөлінеді.
 
Көйлектік  ілгектер  мен  ілгіштер  12.8.,  12.9  -  суретте  көрсетілген, 
өлшеміне  байланысты  келесі  №  2,3,5,6  және  7  бөлінеді.  Номірленген 
ілгектерге  сол  номірдегі  ілгіш  сәйкес  болуы  керек.  Нөмірленген  ілгектер, 
ілгіштер туралы мәлімдеме 12.3-кестеде көрсетілген. № 6,
 
7  ілгектер мен ілгіштер шешіліп кетпеу үшін арнайы фиксатормен өңделеді.
 
301 

Көйлектік  ілгіштер  мен  ілгектерге  шикізат  ретінде  көміртектігі  төмен 
болат  сым темір немесе мысты-мырыш балқытпалары қол- данылады. Сым 
темірдің  соңғы  түрі  .№5,6  және  7  ілгектер  мен  ілгіштер-  ді  өңдеуде 
қолданылады.
 
Қолданылған  материалдары  бойынша  ілгектер  мен  ілгіштерді  болат 
таспадан,  болаттан  немесе  жез  сымнан  дайындалады.  Жабынды  түріне 
байланысты  никельденген,  боялған  және  алдын  ала  фосфатталған  бетте 
боялған болып бөлінеді. Киімдерге арналған ілгектер мен ілгіштердің негізгі 
типтерінің сипаттамасы 12.4-кестеде берілген.
 
 
Сурет 12.9. Көйлектік фиксаторлы ілгек 
302 

Кесте 12.3- Сыдырмалы ілгектің механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет