160
тән 250-300 г/м
2
салмақты көрсетеді, ал костюмдік триконың ені 142- 150 см
құрайды (кейбірінің ені 70-90 см болады).
Осы топшаның киімдік мата ассортименті костюмді, шалбарды, жаздық
пальтоны, күртешені және басқа бұйымдарды жасауда пайда- ланылады.
Трико - осы топшаның негізгі мата түрі. Трикоға тән сипат - түстік
жіппен немесе өріммен жасалған, бойлық жолақтар мен торлар болып
табылады. Трикода көбіне кешенді химиялық жіптермен ширатылған түстік
жіптен жасалған иірімжіптер (иіруге дейінгі әртүрлі түске боялған
талшықтан жасалған), меланжды иірімжіптер қолданылады. Трико
күшейтілген және сынған саржа өрімінен өндіріледі. Мақта маталы трико
костюмдік жүн матасын боямалайды және арзан ерлер костюмін жасауға
арналған. Трико үлкен мөлшерде шығарылады: костюмдік трико, меланжды
трико және балалар трикосы.
Коверкот - екі түсті ширатылған иірімжіптен жасалған күшейтілген
атластан немесе диагональді өрімнен өндіріледі. Осы матаның негізінің
тығыздығы, негізсінің тызыдығынан едәуір жоғары (екі немесе одан
жоғары).
Диагональ - меланжды мата, негізсі бір жіпті қалың иірімжіпті және
негізі ширатылған кардалы иірімжіпті диагональді өрімді болып келеді,
матаның ені - 145 см.
Джинсалы мата - арқауы кендіржіпті және негізі боялған, біржіпті
кардалы иірімжіпті саржалық өрімнен өндіріледі. Спорттық костюм- дерге,
күртешеге, шалбарға, белдемшеге кеңінен қолданылатын классикалық
джинсалы мата жолақты және торлы суретпен бейнеленетін, түстік жіппен
тігілген. Джинсалы матаның өндірісіне лавсанды талшық, вискозды-лавсан
қосылған иірімжіп қолданылады.
Классикалық маталардың қыстық тобына шұға, күдері және шибарқыт
тон кіреді.
Шұға - жұқалау, жұмсақ және борпылдақ қыстық топшадағы мата.
ТТТүға. күшейтілген сатинді өріммен, негізі бойынша үлкен көлемде
толықтырылған, негіз жүйесіне қарағанда, негіз жүйесінде қалыңырақ
кардалы иірімжіптен жасалады. Матаның беттік жағы қайта-қайта та- ралып
және кесіліп жасалған, жақсы бекітілген түкті, тығыз жабынды мата. Шүға
тегісбоялған, сирек меланжды болып шығарылады.
Күдері - қысқы ассортименттегі табиғи күдеріні боямалайтын, өте қысқа
және жақсы бекітіліп, таралған түкті, ең берік және тығыз мата. Негізі
ширатылған және негізсі біржіпті иірімжіптен өндіріледі, кейде тегісбоялған
және басылған суретті болып келеді.
Вельветон - қүрылымы бойынша күдеріге үқсас, бірақ жүқалау,
тегісбоялған мата. Күшейтілген сатинді өрімді, ширатылған иірімжіптен
жасалады.
Қыстык маталар күртешені, спорттық балалар киімін дайындауға
қолданылады. Оларды пішу кезінде, түктері барлық бөлшектерде тек
161
11-6313
бір бағытта жатуын мүқият қадағалау керек. Сонымен қатар, кейбір
матаның сетінегіштігі мен седіреуін ескеру қажет.
Іштік және астарлық маталар. Іштік топқа жоғарғы сыртқы киімдерді
дайындау кезінде қолданылатын қалта астары, іштігі үшін қолданылатын
маталарды жатқызуға болады.
Коленкор - іштік ретінде қолданылатын, мадаполам мен сисаға үқсас,
бірақ өте қатты жылтыр өңдеумен өңделген, тегісбоялған мата, мата ені - 62
және 75 см.
Жеңдік саржа - орташа сызықтық тығыздықты бір жіпті кардты
иірімжіптен тоқылған саржалық өрімнен өндірілген, жолақ түріндегі баспа
суреті бар ағартылған мата, мата ені - 75 және 80 см.
Қалталық мата - қардалы иірімжіптен жасалған сынған саржаның сирек
өрімімен, маталық өріммен өндірілген, тығыз, мықты, тегісбоялған мата.
Көбіне қалтаның іштігіне қолданылады.
Астарлық топ сыртқы киімде олардың іштік мата ретінде қолданылуы
және тағайындалуы бойынша іріктелген, мақта маталарының ассортиментін
біріктіреді. Осы маталарға қойылатын негізгі талаптар - үйкелуші әсерге
жоғарғы беріктік, ол материалдарды аппреттеумен қамтамасыз етіледі. Осы
топқа қарастырылған жоғарғы топтағы барлық маталар кіреді, бірақ
қүрамында крахмал мөлшері үлкен және көбіне күңгірт түстерге боялады.
Бүл костюм, пальто және басқа киім түрлерін тігу кезінде іштік мата ретінде
қолданылатын және көп мөлшерде аппрет жағылған үсынатын, ағартылған
және тегіс боялған коленкор. Аппрет матаның тығыздығы мен қаттылығын
жоғарылатады, оның созылғыштығын азайтады, нәтижесінде осы мата іштік
матаға үсынылған талапты қанағаттандырады. Бүл топқа ақ немесе ашық
орта- да жолақпен толтырылған суретті, костюмдік бүйымдардың жеңінің
астарына қолданылатын жеңдік саржа мен боялған және аппреттелген
грибсон, тик-ластик және өңірлі мата, қалталық мата жатқызылады. Барлық
маталардың салмағы 97-225 г/м
2
, ені 80-140 см дейін болады.
Бүл маталардың түсін астарлық немесе жоғарғы материал түсіне сәйкес
таңдайды.
Тыстық топ жоғары тығыздықпен сипатталатын, матрацты және
жастық тысы мен көрпе тыстарынан түрады. Бірінші мата қауырсынға
арналған өткізбеушілікті қамтамасыз етеді, ал екіншісі бойлық жолақта ала
шүбар суретті немесе баспа суретпен сипатталады. Бүл материал- дар
олардың жыртылуына жоғары беріктігін және үйкелуге төзімділігін
қамтамасыз ететін, негізі және арқауы бойынша жоғарғы тығыздықты,
орташа сызықтық тығыздықты кардалы иірімжіптен өндіріледі.
Тыстық маталар тобының 1 м
2
матаның салмағы 152-240 г/м
2
ені 80-100
см, матаның аталуы оның тағайындалуын көрсетеді.
Түктік маталар тобы үш жүйелі жібі бар (негізі және негізсі мақта мен мақта
маталы жіптің түкті жүйесінен жасалған грунтты жіптер), түктік өріммен
өндіру үстанымы бойынша бөлінген. Бүл матаның беті
162
тегіс түкті түрді (жартылай барқыт), жіңішке ши-ши (шибарқыт) немесе кең
қалың (шибарқыт-корд) түрді болып келетін, түктік жабынды бола- ды.
Кейбір шибарқытта түк әртүрлі пішінді түрде болуы мүмкін, яғни бұл
шибарқыт түрі фасонды шибарқыт деп аталады. Барлық осы мата- лар
негізінде қосылған иірімжіпті және арқауы біржіпті құрайды. Мата түгінің
қатты бекітілуі үшін негізіне қарағанда, негізінің жібін жоғары тығыздықпен
жасалады (2-3 есе). Жартылай барқыт және шибарқыт түгінің биіктігі 2 мм
дейін, ал шибарқыт-корд түгінің биіктігі - 2 мм жоғары болады.
Түкті матаның басты бөлігі тегісбоялған түрде, кейбірі баспа суретті
немесе өрнекті суретті түрінде шығарылады. 1м
2
түкті матаның салмағы 545-
385 г дейін, ал ені - 152 мм ауытқиды. Үлкен қалыңдығы мен кеуектілігінің
арқасында түкті маталар жақсы жылу сақтағыштык қасиетімен
сипатталады және әртүрлі сырт киімдерде кеңінен қолданылады. Олардан
әйелдер және балалар көйлегін, костюмдерді, белдемшелерді, шалбарларды,
пальто, бас киімдерді және басқа бұйымдарды жасайды. Бұл матаның
кемшілігі жобалауда қосымша тігісті қажет ететін, олардың енінің тар
екендігін ескеру қажет, бірақ бұл кейбір киім үлгілерін үлгілеуде қажет емес.
Түкті маталар мақта маталы иірімжіптің үш жүйесінен жасалған түкті
өрімнен өндіріледі. Матаның үстіңгі бетінде мақта талшығының қысқа
вертикальді тұратын арқауынан кесілген және негізінен кесілген түктер
орналасқан. Түкті кескеннен кейін негізлік жүйе әлсіремеу үшін, негізлік
түкті мата негізсі бойынша үлкен тығыздықпен жасай- ды. Түкті топқа
барқыт, жартылай барқыт және шибарқыттар жатады.
Барқыт және жартылай барқыт тарақты иірімжіптен өндіріледі, беттік
жағында тегіс түкпен жасалған, тегіс боялған және баспа суретті болып
келеді. Барқыт негізлік және негіздік жүйеде орташа сызықтьщ тығыздықты
тарақты ширатылған иірімжіптен жасалады. Жарты- лай барқыттың
барқыттан айырмашылығы негізлік жүйеде біржіпті иірімжіп болады.
Шибарқыттың матаның бойымен жүргізілген беттік жағында түкті
жолағы болады. Шибарқыт жіңішке түкті жолақпен, ал шибарқыт- корд кең
қалың түкті жолақтарымен ажыратылады. Шибарқыттардың ассортименті
тұрақты мақталавсанды шибарқыттардан, кең (1см дейін) түкті жолақты
шибарқыттардан, жіңішке және қалың жолақтың кезектескен, фасонды
кесілген түкті жолақты шибарқыттардан тұрады.
Шибарқыт-корд 3-5 см енмен ши-ши жолақтармен орналасқан,
1,5 мм-ге дейінгі ұзындықтағы түкті бетті болып келеді. Негізі кар- далы
ширатылған және негізсінде біржіпті иірімжіптен өндіріледі. Шибарқыт-
кордтың кейбір артикулдары көбіне ширатылған, таралған иірімжіптен
жасалады. Мақта лавсанды шибарқыт-кордтың бірнеше артикулы
шығарылды. Шибарқыт-корд жұмсақ, ашық түсті болады,
163
кейде баспа суретті болып келеді. Шибарқыт-корд көйлекті, пальтоны,
белдемшені, шалбарды дайындауға қолданылады.
Түкті маталар тігінмен өңдеуде өте күрделі. Пішу кезінде барлық
бөлшекте төменнен жоғары бағытталуын қадағалау керек. Тығыз ма- талар
тігін инелерімен тесіліп кетуі мүмкін, сетінеген кезде тесілген орындарда түк
төгіледі. Ылғалды-жылумен өңдеу кардолентада жүргізілуі тиіс, жуу кезінде
бүйымды бүрап сығу қажет емес.
Сұрып тобына тоқыма станогынан алынған және әрлеуден өтпеген мақта
матасы (бомази, бөз, миткаль, жайма, саржа, қалталық мата) жа- тады. Олар
жоғарғы сырт киімдерді дайындау кезінде тек қолданбалы материал ретінде
және кейде киімді қүрастырудың муляжды тәсілінде көмекші материал
ретінде қолданылады.
Жиһаздық-әшекейлі топ екі немесе үш-бес жіп жүйесінен өндірілген
маталардан түрады. Бүл әшекейлеу мақсатында және жиһазды қаптау үшін
қолданылатын, түсті кілемді, жиһазды, әшекейлі, портьерлі және басқа
маталардың әртүрлі түрі. Олар әртүрлі салмақты және қалыңдықты, баспа
суретті, ала шүбар және тегісбоялған болуы мүмкін. Жиһаздық
материалдардың үйкелуге төзімділігі жоғары. 1 м
2
маталардың салмағы 208-
640 г дейін ауытқиды. Негізінен бүл енді маталар - 150 және 160 см. Осы
маталардың қыжым сияқты кейбір түрлері визкозалы штапельді
талшықтан жасалған иірімжіпті қолдану арқылы кесілген түкті өрімнен
өндіріледі.
Жәшікті және орауыш маталар тобы олардың аталуына сәйкес
қолданылатын, қаптық және орауыш маталар жейдесін қүрайды. Олар
толық өңделмеген, ағартылған және тегісбоялған болуы мүмкін.
Дәке мен дәкелік бұйымдар тобы аз салмақты және төмен тығыздықпен
сипатталатын, дәкелік маталардан түрады. Бүл маталар тобы қыстық киімде
мақталық астарды дайындау кезінде қолданылады. Олар ағартылған, ылғал
жүтқыштық және тігіндік болуы мүмкін. Дәкенің ені - 65-90см дейін, тігін
өнеркәсібінде дәкелік бүйымдар қолданыл-майды.
6.4. ЗЫҒЫР МАТАЛАРДЫҢ АССОРТИМЕНТІ
Зығыр матасының ассортиментінің басқалардан ерекшелігі жеке дана
бүйымдарды көптеп шығаруы, мысалы сүлгі, дастархан. Зығыр матасының
ассортименті он алты топқа бөлінеді, бүл топтың әрқайсысы зығыр және
жартылай зығыр матасының топшасын қүрайды. Бар ассортименттің ішінен
киімді жасау үшін матаның шекті саны қолданылады. Топқа бөлінген зығыр
маталарының негізгі белгісі олардың қүрылымының немесе арналуының
ерекшелігі болып табыла- ды, ал топшаларға олар талшықтық қүрамы
бойынша бөлінеді.
164
Зығыр матасының ассортиментінің барлығы тігін өнеркәсібінде
қолданбайды, сондықтан зығыр матасының кейбір топтары ғана
қарастырылады. Зығыр матасының ассортиментін зерттеу барысында,
олардың артикуляция жүйесінің барын ескеру керек, яғни алғашқы екі саны
топтың нөмірін, ал үшіншісі - топша нөмірін көрсетеді.
Зығыр маталары таза зығырлы және жартылай зығырлы бо- лып
өндіріледі. Жартылай зығыр матасында әдетте мақта иірімжібін негізінде,
кейде арқауында пайдаланады. Соңғы кездері негізгі виско- залы жібекпен,
50-70% лавсаннан түратын, зығыр иірімжібінен мата- лар өндіріле
басталынды.
Зығыр маталардың мақта матасынан айырмашылығы қалыңырақ
иірімжіптен жасалған (18-166 текс), олар негізі және арқауы бойынша бірдей,
көбінесе жаймалық өрімнен, ал жаккардты және үсақ өрнекті өрімдерден
сирек өндіріледі.
Зығыр маталары негізінде ағартылған, жартылай ағартылған және
сүрыпты, меланжды, ала шүбар, тегісбоялған, баспа суретті болып
шығарылады.
Зығыр маталары жоғары салмақты, қалың, қатты, берік және
созылғыштығы аз болады. Олардың гигиеналық қасиеті жақсы, бірақ жылу
сақтағыштығы өте төмен, осыған байланысты бүл матаны қыстық
киімдерде қолданбайды. Матаның беті тегіс және жылтыр. Тегістіктің
арқасында пішу кезінде мата беті жылжуға қабілетті. Қаттылығына бай-
ланысты зығыр маталары кесуде үлкен қарсылық көрсетеді. Бүйымды тігу
барысында олар қиындық туғызбайды, бірақ қаттылығының сал- дарынан
қүрылымы инемен бүзылуы мүмкін.
Зығыр маталарының кемшілігі оның қатты қыртыстануы, сондықтанда
олардың қасиетін жақсарту үшін штапельді лавсанды қоспаға қоса бастады.
Лавсанды зығырлы маталар (50-67 %) сыртқы түрі әдемі, аз
қыртыстанғыш және жуу кезінде отырмайды (1% аз емес), олардың тозуға
төзімділігі едәуір жоғары. Ылғалды-жылумен өңдеуде зығыр лавсанды
маталар 140-180°С температура кезінде жүмсақ ылғалды әлсіз үтіктеуден
өтеді. Температураның жоғарылауы және ылғалдыльщ түстің өзгертуі және
қатты кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін.
Жайма - классикалық зығыр матасы. Мақта негізінде алынатын
жартылай зығыр және зығыр матасы.
Таза зығырлы жайма қаттырақ, тегіс, жылтыр және жартылай зығырға
қарағанда тез жуылады. Таза зығыр жаймасы 18-166 текс ылғалды иірулі
иірімжіптен алынады және сызықтық тығыздығына байланысты
қолданылған иірімжіптер өте жүқа, орташа жартылай дөрекі және дөрекі
болып бөлінеді. Өте жүқа зығыр жаймасы зығырлы бәтес деп аталынады.
Жіңішке жайманың ені - 80-90 см, ал қалың
165
кең жайманың ені - 138-200 см, зығыр жаймасының үстіңгі бетінің
тығыздығы - 106-300 г/м
2
.
Жартылай зығырлы жайма арқауында 25-29 текс сызықтық
тығыздықты мақта иірімжібі, негізсіне
45-71,5 текс зығыр иірімжібі пайдаланылады, олардың үстіңгі бетінің
тығыздығы- 140-210 г/м
2
, ені - 90-180 см.
Өңделуі мен түстік дайындамасына байланысты жаймалар сұрыпталған,
ақ, жартылай ақ, жолақты, торлы және ақ түспен боялған иірімжіптің
кезектескен ала шұбарлы болып бөлінеді. Жайманың жаңа ассортиментіне
ашық баспалы суретті сұрыпты, ақ және жартылай ақ жаймалар кіреді.
Зығырлы жаймалар қалыңдығына, боялуына және өңделуіне қарай
қолданылады. Ең кең тараған жайма төсек-орын тыстары. Жұқа жаймалар
бет орамал мен ішкиімдерде, ал тығыз ала шұбар маталар мен баспалы
суретті жаймалар көйлекке, костюмге және күртешеге пайдаланылады.
Тұрақты ырғақта ірі жолақтағы ала шұбарлы зығыр жаймасы сатылы деп
аталады. Сәнді төсек жаймасына, дастарханға, сүрткішке, сүлгіге арналған
ірі өрнекті өрімді маталар қамқалы бо- лады.
Тігін өндірісінде зығыр жаймалары көп қиындық туғызбайды: яғни олар
жеңіл төселеді, созылмайды, бояуы жұқпайды, бірақ дөрекі жай- ма кескенде
көп қарсылық көрсетеді. Біріктіруші инешаншымға № 110-130 инелері және
№ 30-60 мақта жіптері қолданылады. Құрылымы бойынша жайма біртегіс
тығыз, сол үшін олардың негізі мен арқауы бағытындағы отыруы бірдей
және 3-7 % құрайды.
Костюмдік-көйлекті маталар - зығыр матасының ассортиментінің ең көп
тез дамыған түрінің бірі. Костюмді матаның беттік тығыздығы - 250-290 г/м
2
,
көйлектікі - 100-220 г/м
2
.
Костюмді-көйлекті маталар тегіс боялған, ағартылған жартылай ақ түсті
(кенеп, рогожка) болып шығарылады, ал атласты және ұсақ өрнекті өрімді,
45-85 текс сызықтық тығыздықты ылғалды иірілген иірімжіптен өндіріледі.
Бұл артикулдар қатары сақталған, таза зығыр матасының үлкен тобы.
Жартылай зығырлы костюмді-көйлекті матаның екінші топ- шасы
бірінші топтан көп және әртүрлі. Соңғы жылдары әсіресе көйлекке, жейдеге,
ерлер жейдесіне, костюмге, джинсаға, жастар мен балалардың спорттық
киімдеріне арналған жаңа құрылымды маталар ассортименттері кеңінен
таралған.
Жұқа ерлер жейдесі және әйелдер көйлегінің жеңілдетілген құрылымды
матасы төменгі сызықты тығыздықты иірімжіптен өндіріледі. Зығырлы,
мақталы иірімжіп пен химиялық жіптің әртүрлі үйлесімділігі қолданылады.
Бұл маталар жаймалық өріммен жасала- тын тегіс бетті немесе өрімді және
әртүрлі сызықтық тығыздықты ара- лас жіптен жасалған ұсақ құрылымды
бетті түзеді.
166
Жеңілдетілген көйлектік маталар тығыз және сирек кезекте- скен
жолақты, орташа сызықтық тығыздықты, үсақ өрнекті өрімнен жасалған
зығырлавсанды және мақталы иірімжіптен өндіріледі. Ме- ланжды әсерлі
маталар бояуларды әртүрлі қабылдайтын, талшықтар қоспасын пайдалану
арқасында алынады. Бүдырлы әсерлі маталарды жіпке штопортүріндегі
бүйралықты беретін, өзінің серпімділігінің арқасында зығыр иірімжібін
жинайтын, капронды жіппен ширатылған, зығыр жібінен өндіреді.
Екінші топшаға әйелдер жазғы пальтосына арналған, біршама ауыр,
дөрекі қүрылымды, түстік лавсан қосылған, зығырлавсанды иірімжіптен
жасалған, жүнге үқсас созылымды әсем немесе кедір- бүдыр бетті маталар,
әртүрлі қүрылымды - қалың және жүқа, оты- руы жоғары қүрылымды
зығырлы, мақталы, вискозды, синтетикалық жіптермен жасалған маталар.
Әртүрлі өрімді маталар, оның ішінде ірі өрнекті, нақты көрінбеген жуылған
жолақты ала шүбар суретті, фото- фильмбаспа әдісімен жағылған баспа
суретті маталар және саржалық өрімді жоғары тығыздықты джинсалы
маталар жатады.
Қатырма мата тобы тігін өндірісінде костюмнің, пальтоның алдыңғы
бойына және басқа бөлшектерінде іштікретінде қолданылатын, қатырғы
маталардың әртүрлі түрінің ассортиментін біріктіреді. Ма- талар бүйымның
негізгі қаңкасының пішінін сақтауды қаматамасыз ететін жоғары
қаттылықпен,
аз
созылымдылықпен,
бүйымды
созылу
кезінде
деформациядан сақтаушы қасиеттер сипатталады, мата ауа мен буды жақсы
өткізеді.
Қатырманың ассортименті сызықтық тығыздығы жоғары зығыр
иірімжібінен жасалған, жаймалық өрімді сүрыпты матадан өндіріледі.
Қатырмалар сүрыпты аппреттелмеген және аппреттелген болады, олардың
кейбірі отыруын азайтатын, арнайы әрлеуден өткізіледі. 1 м
2
қатырғының
салмағы 230-362 г дейін ауытқиды. Бүл жағдай жоғарғы материалға сәйкес
қатырманы таңдау кезінде ескерілуі қажет. Жоғарғы жеңіл мата үшін
жеңілірек қатырғы таңдап алынады. Жеңіл қатырманы қалың пальтолық
матаға пайдаланбайды, себебі қаттылықтың жетіспеушілігінен ол бүйым
пішіннің сақталуын қамтамасыз етпейді, ал қалың ауыр қатырғыны сыртқы
жеңіл матаға қолданса, ол артық ауырлық береді және дөрекі көрінеді.
Қатырманың ені 66-150 см шекте ауытқиды.
Парусин тобы жоғары тығыздықпен және массамен сипаттала- тын,
жоғары сызықтық тығыздықты зығыр иірімжібінен жасалған, жаймалық
өрімді, ауыр, суға төзімді маталар ассортиментін біріктіреді. 1 м
2
матаның
салмағы 742г жетеді, ені 70-95 см.
Осы топқа жадағайлық, ангарлық, теңіздік парусиннің әртүрлі арти-
кулдары енеді. Олардың көпшілігі қосымша суға төзімділікті әрлеуден өтеді.
Парусиндер сүрыпты және тегісбоялған, зығырлы, жартылай зығырлы
болады. Кейбір парусиндер, бес қабатты ширатылған, негізінде
167
және арқауында мақта иірімжібі бар, жоғары тозуға төзімділікті беретін
мақтадан жасалады, олардың кейбір бөлігіде суға төзімділік әрлеуінен
өткізіледі.
Зығыр матасының қалған ассортименті - яғни екі жіпті, равентух- тар,
олардан ораушы және қаптық маталарға қолданылады.
6.5. ЖІБЕК МАТАЛАРДЫҢ АССОРТИМЕНТІ
Жібек матасының ассортиментінің материалдары шамалы қалыңдықты
және салмақты, тегіс және жылтыр бетті, қүрамында үзындығы шексіз
талшықтан немесе жібек талшығынан түратын ма- таларды жатқызуға
Достарыңызбен бөлісу: |