Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


талшықты қой тұқымы терілерінің ауданы 400 см^ және мойнындағы түкті



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата01.04.2020
өлшемі6,36 Mb.
#61231
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
9b05049b-3702-11e3-a987-f6d299da70eecgiirbis 64.exe


талшықты қой тұқымы терілерінің ауданы 400 см^ және мойнындағы түкті 
жабынының ұзындығы 2см. 
Трясок  сак  сактан  түкті  жабынының  түсімен  және  құйрығының 
пішінімен;  елтіріден  терісінің  өлшемінің  ірілігімен,  өскінді  ша-  шымен, 
тондық қой терісінен аса жұмсақ түкті жабынымен ерек- шеленеді. 
Үлбірлік  және  тондық  қой  терілері.  Елімізде  қойдың  60-қа  жуық 
тұқымдас түрлері бар, 30 астамы соңғы жылдары құрылған. 
Үлбірлік және тондық қой терілерін биязы, жартылай бязы, жарты- лай 
қылшықты  және  қылшықты  қой  тұқымдарын  өсіретін  аудандарда 
дайындайды. 
212 

Қой терісінің үлбір және тон шикізатын өндірудің бір түрі ретіндегі мәні 
зор. Бұл теріні, үлбірлі шикізатты жалпы өндірудегі 60 % аса үлесін құрайды. 
Бұлғын  терілері.  Бұлғын  (сурет  8.1)  тынық  мұхитының  жағалауына 
дейінгі ормандарда мекен етеді. Сондай-ақ, бұлғын Солтүстік Қазақстанның 
тайгалы ормандарында, Камчаткада, Сахалинде және Шантар аралдарында 
мекен етеді. 
Бұлғын ең әдемі және бағалы тері береді, сондықтан ол «үлбір пат- шасы» 
деп танылған. 
 
Сурет 8.1 - Бұлғын 
Бұлғын  терісі  түкті  жабынының  нәзіктігі,  қалыңдығы,  түсі  және 
жылтыры бойынша әлем нарығында ең жақсы деп танылған. 
Бұлғын  терісінің  ең  бағалы  сапасы  -  бұл  мойын,  құрсақ,  желке 
жатысының салыстырмалы теңдігінде. 
Бұлғын  терісінің  түкті  жабыны  қалың,  өте  жібекті,  орташа  биіктікті. 
Терісінің ұзындығы 30-55 см дейін, құйрығы - 10-18 см аралығында. Жалпы 
бояуы құмды сары түстен қанық құба түске дейін құбылады. Құйрығы және 
аяғы  қара,  басы  және  құлағы  арқасынан  ашығырақ  түсте.  Аяқ 
жастықшалары  бәсеңдетілген.  Құйрығы  үлпілдекті.  Тырнағы  қысқа,  өткір 
қара түсті. 
Ормандық  сусар  (сурет  8.2)  еліміздің  орманды,  орманды-далалы 
аймақтарында мекен етеді. 
Кидус  жұмсақ  сусар  мен  бұлғынның  будандасуынан  шыққан.  Бұлғын 
дамыған аудандарда және тайгалы ормандарда мекен етеді. 
Харза,  алыс  шығыс  сусары,  ол  тек  Алыс  шығыс  елінің  оңтүстік 
аудандарындағы ормандарда ғана кездеседі. 
213 

 
Сурет 8.2- Ормандық сусар 
Сусар  терісіне  ішкі  және  сыртқы  нарықта  үлкен  сүраныс  бар.  Әсіресе 
жүмсақ  сусар  терісі  өте  бағалы.  Сусар  терісінің  дайындамасын  дайындау 
жылына 20 мың дананы қүрайды. 
Сусардың  түкті  жабынының  түсі  қүмды  түстен  қанық  каштан  түсіне 
дейін  үлпілдекті  және  жібекті  болып  келеді.  Тамақ  астындағы  түгінің  түсі 
ашық сары, қүйрығы үзын (бүлғынға қарағанда), сусардан қысқа. 
Сібір күзені және күзен терілері. (сурет 8.3 а) Сібір күзені Сібір және Алыс 
шығыс  облысының  Орталық  және  Оңтүстік  облысында,  ТМД  елдерінің 
Шығыс аудандарында, Солтүстік Қазақстанда мекен етеді. 
Күзен  (сурет  8.3  б)  Алтай  өлкесінің,  Тәжік  елінің  оңтүстігінде,  Қырғыз 
және  Қазақстанның  шығыс  бөлігінде,  Иркутск,  Бурят,  Чи-  тин,  Амур 
облысының оңтүстік және шығыс аудандарында және теңіз жағалауындағы 
өлкелерде кездеседі. 
Сібір  күзені  және  күзен  терілерінің  экономикалық  мәні  аз.  Соңғы 
жылдары  сібір  күзенінің  терілерін  жылына  70-80  мың  дана,  ал  күзенді 
айтарлықтай аз мөлшерде дайындайды. 
 
а 
214 

 
б 
Сурет 8.3. Сібір күзені (а) және күзен (б) 
Белгілері. Сібір күзенінің түкті жабыны қалың, жұмсақ орташа биіктікті, 
терісінің барлық ауданы бойынша ашық  - сары немесе ашық сары бояулы, 
тек  тұмсығының  жоғарысы  күңгірт,  ал  ерні  және  тамақ  асты  ақ  түсті.  Көз 
тесіктері  қара  шашпен,  ал  аузы  -  ақ  шаштармен  шеңберленген.  Қысқы 
терілерінің  түкті  жабынының  биіктігі  3-4  см  дейін  жетеді.  Құйрығының 
ұзындығы 15-20 см, төмен орналасқан, ашық 
-  сары түсті. Еркегінің терісінің ұзындығы 30-40 см, ұрғашысының терісінің 
ұзындығы одан кішірек. Күзен терісінің өлшемі және жалпы түрі бойынша ақ 
тышқанға ұқсас. Дене ұзындығы 20-29 см, құйрығы 10- 14 см. Түкті жабыны 
сирек,  былғары  өзеңі  жұқа.  Қыстыкүні  денесінің  жоғары  бөлігіндегі  түкті 
жабыны кресті - қоңыр немесе құмды - сары түсті, төменгі жағы ашығырақ 
түсті.  Басы  арқасынан  қаралау.  Аузының  және  тамақ  астының  ақ  бояуы 
бірте - бірте денесінің төменгі бөлігінің жалпы бояуына еніп кетеді. Құйрығы 
сарылау. 
Ақ  тышқан  терілері.  (сурет  8.4  а,  б)  Ақ  тышқандар  еліміздің  көптеген 
территориясында көптеп кездеседі. 
Ақ тышқан  терілері  халықаралық  және  ішкі  нарықта үлкен сұранысқа 
ие. Жыл сайын ақ тышқан терілерінің 100 мың данасы дай- ындалады. 
Белгілері. Ақ тышқанның  түкті қабаты аласа  (1,5-2 см), қалың,  жұмсақ 
және жібекті. Терісінің ұзындығы 18-28 см, құйрығы 6-11 см. Қыста терісінің 
түсі  ақ, ал  жазда  жон арқасы қоңыр, қара- ақ  түсті бо- лады. Құйрық  соңы 
бүкіл жыл бойы қара түсті. 
Ақ  тышқан  (ласка).  Ласка  терісі  ақ  тышқан  терісіне  өте  ұқсас,  бірақ 
өлшемі  бойынша кішірек,  түкті  жабыны аса  аласа, былғары өзеңі өте  жұқа 
болып  келеді.  Ақ  тышқанға  қарағанда  құйрығы  қысқа,  ақ  түсті.  Тері 
ұзындығы 13-25 см дейін, құйрығы 2-6 см. Жазда ласканың 
215 

жон  арқасының  түкті  жабынының  түсі  қоңыр,  басы  ақ  түстес  болады. 
Солтүстік аудандарда ласка қыста ағарады, ал оңтүстік аудандарда өз түсін 
сақтайды.  Ақ  тышқан  мен  ласка  терілерін  басынан  аяғына  қарай  шұлық 
секілді сылып алады.
 
Ақ және қара күзен терілері. Ақ күзен (сурет 8.5 а,б) далада, жарты- лай 
бос  жерлерде,  шөлдалада,  көгалды  жерлерде,  орманды  қорғалатын  егіс 
алқабында,  орманды  далаларда,  Ресей,  Сібір,  Казақстан,  Орта  Азия 
аймағында өмір сүреді.
 
 
а 
 
Сурет 8.4 - Ақ тышқан түрлері 
216 

 
а 
Сурет 8.5 - Ақ күзен түрлері а 
 
■Г 
д. 
б 
Сурет 8.5 - Ақ күзен түрлері б 
Қара күзен (сурет 8.6) еліміздің бүкіл европа бөлігінде таралған. Ақ 
күзені (альбинос) аң шаруашылығындағы жабайы түрлерімен будандастыру 
арқылы өсіріледі.
 
217 

 
Сурет 8.6 -Қара күзен 
Жемдеу  және  өсіру  жағдайына  қарамастан,  күзендерді  өсіру  аң 
шаруашылығына тиімді, өнімділігі жоғары.
 
Күзен  терілері  қара  күзен  төмен  бағаланады,  дегенмен  оларды  үлбір 
киімдерін  дайындағанда  кеңінен  қолдануға  болады.  Ақ  және  қара  күзен 
терілеріне  айтарлықтай  сұраныс  бар.  Олардың  дайындама-  сын  дайындау 
жылына 20 мың дананы құрайды.
 
Белгілері.  Ақ  күзен  терілерінің  ұзындығы  30-56  см,  құйрығы  10-17  см. 
Ақ  күзен  терілерінің  түсі  өте  жылтыр  келеді.  Қара  күзен  терілерінің 
ұзындығы 30-50 см, құйрығы 10-16 см. Қысты күндері ақ және қара күзеннің 
жон арқасындағы үлпілі 2 см жетеді, ең биігі  4-5 см құрайды. Ақ күзеннің 
құйрығы  екі  түсті:  негізінде  -  ақ  сары,  ұшы  -  қара-қоңыр  түсті.  Қара 
күзеннің құйрығы жаппай қанық қоңыр.
 
Қара  күзен  терілері.  ТМД  елдерінде  қара  күзенннің  екі  түрі  ғана  өмір 
сүреді.  ТМД  елдерінің  европа  бөлігінде  кең  тараған.  Қазақстанның  Сібір 
және  батыс  бөлігінде  кең  тараған.  Америкалық  күзен  ТМД  елдеріне  1928 
жылы  Солтүстік  Америкадан  аң  шаруашылығына  өсіру  үшін  әкелген 
болатын.  Жабайы  қара  күзеннің  экономикалық  мәні  (су-  рет  8.7)  аз  ғана. 
Дайындамаға терілердің ондаған мыңы ғана түседі.
 
Белгілері.  Европалықтан  бөлек  америкалық  қара  күзендер  айтарлықтай 
ірі,  жоғары  сапалы  болып  келеді.  Өлшемі  бойынша  қара  күзен  -  кішкене 
ғана аң. Дене ұзындығы еркегінікі 50-70 см, ал ұрғашы күзендікі - 40-60 см.
 
Түсі  тұнық  -  қоңыр  болатын  қара  күзендерді  стандартты  деп  атай-  ды. 
Стандарттыдан  басқа  түсті  күзендерді  де  өсіреді.  Ондай  түсті  күзендерді 
будандастыру арқылы алады. Қазіргі  уақытта  2000 түсті күзен түрлері  бар, 
өнеркәсіптік  өндірісі  үшін  оның  30  түрі  қолданылады.  Өзінің  түкті 
қабатының түсінің алуан түрлілігінің, әсемдігі, беріктігі
 
218 

және  әдемілігі  бойынша,  сондай-ақ  осы  үлбірден  жасалатын  әртүрлі 
бұйымдардың  көптігіне  байланысты  қара  күзен  «үлбір  патшасы»  деп 
танылған.  Клеткалы  қара  күзен  түкті  жабының  бояуы  бойынша  өте  көп 
алуан түрлі және сипаты келесі 8.4-кестеде көрсетілген.
 
Кәмшат терілері. Кәмшат ТМД елінің барлық территориясында кездеседі 
(сурет  8.8).  Тек,  Завольже,  Шығыс  Сібір,  Қазақстан,  сондай-  ақ  Орта 
Азияның шөл далаларында жоқ.
 
Кәмшат  жартылай суда өмір сүреді, сондықтан тұщы су қоймаларының 
жағалауында  қоныстанады.  Кәмшат  терісі  әдемілігі  бойынша  ең  жақсы 
киюге  төзімділігі  өте  жоғары  тері  береді.  Кәмшат  жер  ауысуына 
шалдықпаған, бірақ Сібір кәмшаттарының терілері ірі, түкті жабыны қалың, 
әсем, биік, ал кавказ кәмшаттары ұсақ болып келеді.
 
 
б 
Сурет 8.7 - Қара күзен түрлері а, б. 
Кәмшат  терісі  бағалы  -  үлбір  шикізатын  дайындаудағы  мәні  аз,  себебі 
дайындауға жылына бірнеше мың дана ғана келіп түседі.
 
219 

8.4- 
Кесте Әр түрлі кряжды жабайы қара күзендердің 
терілерінің сипаты 
Кряж
 
Тері
 
өлшемі
 
Түкті жабынның 
сипаты
 
Түсі
 
Қылшығы
 
түбіті
 
Сібірлік
 
 
Аса үлпілдек 
жібекті
 
Қанық қоңыр 
жә не қоңыр
 
Сүр көгілдір
 
Солтүстік
 
Ірі,  орта  ша 
және үсақ
 
Үлпілдек, жібекті, 
жылтыр
 
'
 
'
 
Кавказдық
 
ірі
 
Үлпілдектігі аз, 
қылшық ты
 
Сары рең 
беретін ашық 
қоңыр, қоңыр
 
Ашық сүр
 
Кәмшатқа  деген  аңшылық  лицензия  бойынша  рүқсат  етіледі.  Өзінің 
жоғары  беріктікке  және  әдемілікке  иелігіне  байланысты  кәмшат  сыртқы 
және ішкі нарыққа үлкен сүранысқа ие.
 
Белгілері. Кәмшат терілерінің үзындығы (қүйрығымен бірге) 100-150 см. 
Түкті  жабыны  төмен,  тығыз  және  тегіс  қанық  қоңыр,  ашық  қоңыр,  немесе 
қоңыр  түсті.  Үлпілдек  түгі  тығыз  жібекті  қанық  көгілдір  немесе  сары  көк 
түсті.
 
Құну  терілері  (сурет  8.9).  Қүну  Сібір  және  Алыс  Шығыстың  тайга 
аймағының бар бөлігінде, ТМД елінің европа бөлігінің Солтүстік ор- манды 
аудандарында өмір сүреді.
 
 
220 
Сурет 8.8 - Кәмшат 

 
Сурет 8.9. Құну 
Терінің  экономикалық  мәні  аз.  Соңғы  уақыттары  бұл  аңның  терісін  аз 
мөлшерде дайындайды.
 
Белгілері.  Құнудың  түбіті  биік,  қалың,  жылтыр,  қоңыр  немесе  сары 
қоңыр  түсті.  Иықтан  құйрығына  қарай  жақтауы  бойынша  түкті  жабыны 
ашық жолақ түрінде жон арқасындағы қоңыр түбіттерін көмкерген.
 
Күміс  қара,  ақ  тұмсықты,  платиналы, платиналы-тұмсықты,  ақшақарлы 
және  қара  қоңыр  түлкі  терілері.  Күміс  қара,  ақ  тұмсықты,  платиналы, 
платиналы-тұмсықты,  ақшақарлы  түлкіні  аң  өсіретін  шаруашылығында 
өсіреді немесе олардың терісі аң өсіру өнімі болып табылады.
 
Қара-сұр  түлкі  аз  мөлшерде  тайгалы  аймақта  Якутияда  және  Алыс 
Шығыс елінің солтүстігінде жиі кездеседі. Қара-сұр түлкі терілері аң аулау 
кәсібінің өнімі.
 
Күміс  қара  түлкі  (сурет  8.10)  жабайы  канадалық  қызыл  түлкінің  бір 
формасы  болып  табылады.  Ұрғашысының  дене  ұзындығы  63-67  см, 
еркегініңкі 66-70 см және одан да көп тербеледі. Көгілдір - қара түлкілердің 
негізгі бояуы қара - қоңыр түстен көгілдір - қара түс аралығында құбылады. 
Аймақты  боялған  ақ  сақинасы  бар,  құйрығының  ұшы  ақ,  көкірегінде, 
құрсағында, аяғында ақ дағы бар.
 
Түлкілердің  арасында,  басқа  жануарлар  секілді  альбиностар  кездеседі. 
Олардың түсі таза - ақ, тұмсық және тырнақ ұшы дақты, көзі ашық -көгілдір 
қызыл дақты болып келеді. Күміс қара және қызыл түлкілерді будандастыру 
кезінде аралық тұқымдарындағы бояулар байқалады.
 
Күміс  қара  түлкілерде  бірнеше  будандастырылуы  бекіген,  кейбіреулері 
аң өсіру шаруашылығында платиналы, ақ тұмсықты, және
 
221 

ақшақарлы  түлкілерді  өсіреді.  Қара-қоңыр  түлкілердің  терілерін  аздап 
өндіреді, ол 8.11суретте көрсетілген.
 
Белгілері.  Күміс-қара  түлкі  өзінің  атауын  ерекше  түсіне  қарай  алған. 
Терінің  түкті  жабыны  қарадан  ашық-күміс  түске  дейін,  зоналы  бояуымен 
ажыратылады:  тегі  қара  немесе  қоңыр-сұр,  ортасы  күміс  шеңберлі  және 
соңы  қара  болып  келеді.  Осының  нәтижесінде  түкті  жа-  быны  күміс  түсте 
болады.  Түбітті  түгінің  түсі  әр  түрлі.  Тұмсығы  ак  күміс  қара  түлкінің 
терісінің  негізгі  бояуы,  күміс-қара  түлкінің  бояуы  секілді,  бірақ  ақ  шашты 
тұмсығындағы,  мойнындағы,  көкірегіндегі  және  аяғындағы  суреттерімен 
ажыратылады.
 
 
б 
Сурет 8.10 - Қызыл түлкі (а) және қарсақ (б) 
222 

 
г 
■ 
Сурет 8.11 - Күміс-қара түлкі 
Платиналы түлкі терілерінің түкті қабатының түсі сүр немесе ашық-сүр. 
Қылшық түбіттері платиналы, қоңыр-сүр, қара және ақ түсті. Түбіті көгілдір 
ашық  көгілдір  түсті  немесе  қүйрығы  қанық  сүр  түсті.  Көкірегіндегі  немесе 
аяғындағы  түкті  жабынында  ақ  дақтардан  түскен  суреттері  болуы  мүмкін. 
Платиналы  -  ақ  түмсық-  ты  түлкілердің  терілерінің  түсі  платиналы 
түлкініңкідей болып келеді. Ақ дақтан көкірегінде, аяғында сурет, сондай-ақ 
басында және мойнында жолақ болуы мүмкін. Ақша қарлы түлкінің терілері 
таза ақ түсті немесе реңі жеңіл ғана кремді болады. Қара-сүр түлкі терілері 
әр  түрлі  өнімді,  қара  түсті  болып  келеді  және  оған  сүр  не-  месе  сүр  рең 
беретін түстілердіде жатқызуға болады.
 
Ақ  түлкі  терілері  (сурет  8.12).  Ақ  түлкі  -  бүл  типті  полярлы  жануар. 
Мекендейтін  орны  Солтүстік  Америка  және  Евразия  тун-  драсы,  сондай-ақ 
Солтүстік  мүзды  мүхит  және  Тынық  мүхитының  солтүстік  бөлігінде. 
Жынысына  қарай  ақ  түлкінің  үзындығы  60-70  см.  Табиғатта  негізгі  түс 
пішіні  -  ақ  түлкі  болып  табылады.  Қыста  ол  ақ  түске,  жазда  сүр  түске 
түлейді. Ақ түлкіден басқада көгілдір түлкі де кездеседі.
 

 
а 
 
б 
Сурет 8.12 - Ақ түлкінің қысқы (а) және (б) жазғы түрі 
Белгілері. Ақ түлкінің түсі жазда жон арқасы қоңыр - сұр, көгілдір сұр, 
қоңыр  немесе  кофе  секілді  бояуға,  желкесі  -  сары,  ал  қыста  аппақ  түсте 
болады.  Терінің  ұзындығы  60-90  см,  құйрығының  ұзындығы  30  см 
аралығында.  Көгілдір  түлкінің  түкті  жабынының  түсі  қысы-жазы  кофе 
түстес, ал түбіті көгілдір болады.
 
Ақ түлкінің терісі түкті жабынының бояуы (ақ түлкі де ол ақ, сұр және 
қоңыр),  қалың,  жұмсақ  және  жібек  түгі,  көлемділігі,  құйрығының 
қысқалығымен ажыратылады.
 
Көгілдір түлкі терілері. Көгілдір түлкі аңдар арасындағы саны жағынан 
қара  күзеннен  кейінгі  екінші  орында,  терілерінің  дайында-  малары  үлкен 
сұранысқа ие және мамықтарды дайындауда алдыңғы орынды алады.
 
224 

Белгілері.  Көгілдір  түлкінің  бір-бірінен  ажырайтын  бірнеше  түрі  бар: 
күміс, көгілдір, платиналы және  інжу. Күміс түлкінің түбіті тұнық  көгілдір 
ден  ашық  көгілдірге  дейін  құбылады.  Қылшық  шашта-  ры  ашық  түсті. 
Шашының  бөлігі  толығымен  пигменттелген.  Мұндай  шаштардың  саны 
бояуы бойынша 3-5% - 100% дейін тербеледі.
 
Көгілдір  түлкінің  түбіті  айтарлықтай  ашық  түсті.  Көгілдір  түлкі  күміс 
түлкіге қарағанда, айтарлықтай қалың көп қылшықты шашы бар, аса қалың 
емес түкті жабынды.
 
Платиналы түлкі жеңіл крем реңті немесе ашық көгілдір таза түсті түкті 
жабынды болып келеді.
 
Басында, мойнында, тамақ астында және аяқтарында анық айқындалған 
ақ дақ немесе шаштары болады. Түбіті ашық - көгілдір немесе ақ түсті.
 
Інжулі  түлкі  жон  арқасы  бойынша  жаздық  вуальді  көгілдір  түстен  ақ 
түске дейінгі түкті жабынды. Түбіті ақ. Түлкінің топографиялық бөлігі 8.13-
суретте  көрсетілген.  Көгілдір  түлкінің  терілерін  түстері  (1-ші,  2-ші,  3-ші), 
өлшемі  (1-ші  ұзындығы  80  см  және  одан  да  жоғары,  ені  12,5  см  аз  емес, 
екіншісі ұзындығы 50-79 см, ені 12,5 см), сорты бой- ынша (I және II) және 
ақаулар тобымен жіктейді.
 
Сурет 8.13 - Топографиялық бөлігі 
түлкі терілері; 1- тұмсыгы; 2 - жағы; 3-көзаралыгы; 4- маңдайы; 
5- құлақтары: 6 - мойыны; 7- душка; 8- шоқтыгы; 9-аяғы; 
10- алдыңгы аяғы; 11 жақтары; 12-жон арқасы; 13- бауыры; 14- саны; 15- 
шап; 16- құйымшағы; 17- артқы аяғы; 18,19- құйрығы. 
225 
15-6313 

Түсі  түкті  жабынының  жалпы  түсі  және  түбітті  шаштарының  боя-  уы 
арқылы  анықталады.  Көгілдір  түлкілер  ақ  түлкілер  секілді  екі  рет  түлейді: 
күздік,  жаздық  түкті  жабыны  келе  -  келе  толығымен  қыстық  түске  және 
көктемдік қыстық түкті жабыны жаздықпен алмастырыла- ды.
 
Қасқыр  және  шибөрі  терілері.  Қасқыр  және  шибөрі  аңдары  еліміздің 
барлық  түкпір  -  түкпірлерінде  өмір  сүреді.  Олар  ормандарда,  ашық 
далаларда, орманды далаларда, тауларда өмір сүреді (сурет 8.14).
 
 
Сурет 8.14 - Қасқыр 
Қасқыр мен шибөрінің терілерінің экономикалық мәні аз ғана, жы- лына 
тағайындалатын терілер саны 32 және 23 мың дана.
 
Белгілері.  Қасқырдың  түкті  жабынының  түсі  ақ-сұрдан  құмды-  сарыға 
дейін болады, көбінесе сұр, сары немесе қара реңді түрі көп кездеседі. Жон 
арқасының  алдыңғы  бөлігінің  түкті  жабынының  түсі  аса  тұнық.  Желкесі, 
аяғы,  жон  арқасынан  ашығырақ.  Түкті  жабыны  қылшықты,  қалың  және 
үлпілдекті.
 
Шибөрінің бояуының негізгі түрі арқасында қара рең беретін сары  -сұр 
түсті болып келеді. Басы және аяғы сары. Шибөрінің терісі қасқыр терісінен 
кішірек,  аяқтары  жіңішке,  түкті  жабыны  сирек  және  талшықты  болып 
келеді.
 
Қасқыр  терісінің  ұзындығы  100-160  см,  құйрығының  ұзындығы  35-  50 
см  аралығында.  Шибөрі  терісінің  ұзындығы  70-85  см,  құйрығының 
ұзындығы 22-25 см аралығында.
 
Қасқыр  терілерін  қасқыр  терілеріне  ұқсас  ит  терілерімен  сирек 
шатастырады.  Мұндай  терілерді  келесі  белгілері  бойынша  ажыратуға 
болады:
 
226 

қасқыр  терілерінде  жон  арқасы  мен  төбесіндегі  қылшық  шаштарының 
анық айқындалған зоналылығы бар: тұнық және ашық зоналары кезектеседі. 
Бұл зоналық иттерде жоқ;
 
иттердің  терілерінің  артқы  жағындағы  санындағы  шаштары  ұзын.  Ал 
қасқырда  бұл  жоқ;  иттерге  қарағанда,  қасқырлардың  терілерінің  маңдай 
бөлігі өте кең, көз тесіктерінің аралығы өте үлкен;
 
иттердің тырнақтары аса өтпейтін, кең ақ түсті. Қасқырлардың тырнағы 
жіңішкерек өте өткір, қанық және қара түсті;
 
қасқырлардың  мойнының  түкті  жабыны  жұмсақ,  ал  иттердікі  өскінді 
талшықты.
 
Жанат  тәрізді  иттер  және  жанат  терілері.  Жанат  тәрізді  ит-  тер  және 
жанат  климаты  жақсы  қалыптасқан  европа  елдерінде  және  Сібірде 
мекендейді.
 
Жанат  тәрізді  иттер  (сурет  8.15)  аң  шаруашылығының  дамыған 
обьектісіінің  бірі.  Ол  өте  жоғары  сапалы  ұзын  шашақты  мамық  береді. 
Сыртқы түрі түлкіні еске түсіреді.
 
 
Сурет 8.15 -Жанат тәрізді иттер 
Жанат тәрізді иттердің отаны Азияның Шығыс және оңтүстік бөлігі.
 
Жанат тәрізді иттер басқа түрлеріне қарағанда кейбір аудандарда қысқы 
ұйқыға кетеді.
 
Жанат отаны Солтүстік Америка. Сондай - ақ, бұл аң Закавка- зья және 
Беларусь  елдерінде  жақсы  климатталған.  Бұл  аңдардың  терілерінің 
экономикалық мәні аз.
 
Белгілері. Жанат тәрізді иттердің түкті жабыны өте үлпілдек келеді, түсі 
қанық, сұр, құмды. Мамығы түбітті, қалың көгілдір. Құйрығы
 
227 

қысқа,  түкті  жабыны  аса  қысқа,  серпімді  және  ұзын  құйрықты  және  кесе 
көлденең қара шеңберлі сурет түзе бейнеленген.
 
Жанат тәрізді иттердің терілерінің ұзындығы 65-80 мм, ал құйрығы 15-
25 см аралығында. Жанат терілерінің ұзындығы 50-60 см, ал құйрығы 25-28 
см аралығында.
 
Ірі  жабайы  мысық  терілері.  Қазіргі  уақытта  біздің  елімізде  жа-  байы 
мысықтардың  бірнеше  түрін  ғана  дайындайды:  сілеусін,  қамысты, 
ормандық, далалық және амур мысықтары.
 
Бұл түрлерінің терісі аз мөлшерде дайындалатындықтан экономи- калық 
мәні аз.
 
 
Сурет 8.16 - Сілеусін 
Белгілері.  Жолбарыс  үлкен  өлшемімен  ерекшеленеді.  Тері  ұзындығы  2 
м,  ені  1,25  м.  Жон  арқасы  мен  жанжағы  қызыл  сары,  желкесі  ақ,  жон 
арқасында  қара  көлденең  жолақты  сурет  бейнеленген.  Түкті  жабынының 
ұзындығы қысқы уақытта 5 см жетеді.
 
Жолбарыстың  түгі  қабылан,  барс,  және  сілеусін  түкті  жабынының 
ерекшелігі қара жолақ түріндегі суретінің болуы.
 
Қарлы барс, немесе ирбис шашыраған ірі қара дақты суреті, сұр көгілдір 
түсті  түкті  жабыны  бар.  Түбітінің  биіктігі  4,5  см,  қылшық  шашы  5,5см, 
терісінің үзыңдығы 110-150 см. Күйрығының үзыңдығы терісінің % бөлігіне 
тең. Күйрығы ақ түсті.
 
Барс  қабыланнан  ерекшелігі  сүр  түсті,  қалың  және  үлпілдекті  түкті 
жабынды,  қүйрығы  жуан;  жолбарыстан  ерекшелігі  дақты  болуы. 
Қабыланн^ің түкті жабыны аласа, қызыл сары және қара шеңбер тәрізді
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет