Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Ең  қалың  түкті  жабынды  терілер  бүл  түлкі,  қоян,  қүндыз,  солтүстік



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата01.04.2020
өлшемі6,36 Mb.
#61231
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
9b05049b-3702-11e3-a987-f6d299da70eecgiirbis 64.exe


Ең  қалың  түкті  жабынды  терілер  бүл  түлкі,  қоян,  қүндыз,  солтүстік 
бүғысы  және  қой.  Келесі  8.1-кестеде  кейбір  мамық-үлбір  жартылай 
фабрикаттарының түгінің орташа саны көрсетілген. 
Кесте 8.1 - Мамық-үлбір жартылай фабрикаттарының түгінің орташа саны 
Мамық - үлбір жартылай фабрикаты
 
1 см
2
 орташа түк саны, мың
 
Кәмшат
 
34,0
 
Көлдік қүндыз
 
30,0
 
Ақ қоян
 
22,0
 
Ақ түлкі
 
21,5
 
Шиншилла қояны
 
17,0
 
Тиін
 
10,0
 
Ондатра
 
10,0
 
Солтүстік түлкісі
 
7,6
 
Түкті жабынының қалыңдығы терінің белгілі бір көлем бірлігіне келетін 
түк  санымен  сипатталады.  Сонымен  қатар  түкті  жабынның  қалыңдығына 
түктің үзындығы әсер етеді. Ол келесі 8.2 кестеде көрсетілген. 
Кесте 8.2 - Мамық-үлбір жартылай фабрикатының кейбір түрлерінің 
түктерінің ұзындығы 
Мамық-үлбір жартылай фабрикаты
 
Түгінің үзындығы, мм
 
қылшық
 
Мамық
 
1
 
2
 
3
 
Көртышқан
 
13
 
10
 
205 

Кәмшат
 
29
 
15
 
Тиін
 
28
 
19
 
Қоян
 
36
 
24
 
Сусар
 
46
 
30
 
Түлкі
 
60-69
 
38-43
 
Ақ түлкі
 
69
 
50
 
Қасқыр
 
73
 
65
 
Кию  мерзімі  -  бұл  үлбірдің  пайдалану  кезінде  сыртқы  орта  әсеріне 
ұшырау 
қабілетін 
анықтайды. 
Бұл 
механикалық 
күш 
түсіру. 
температураның әсері және ылғал. 
Төменде үлбірдің кию көрсеткіштері көрсетілген: 
-созылу  кезіндегі  түк  беріктігі  жануар  түріне,  және  түк  құрылымына 
тәуелді болады; 
-түктің  бекітілу  беріктігі  -  әр  түрлі  жануарларда  әркелкі  және  жыл 
уақытына,  бірінші  ретті  өңдеуге,  сондай-ақ  жасалуына  (өңделуіне)  тәуелді 
болады; 
-түс төзімділігі киюдің барлық кезеңіндегі түстің өңін сақтау қабілеті; 
-тері өзеңінің қалыңдығы үзілу кезіндегі беріктігін көрсетеді; 
-тері  өзеңінің  беріктігі  оның  қалыңдығына  және  терінің  гистологиялық 
құрылымына тәуелді болады; 
-тері  өзеңінің  ылғалдануы  -  ылғал  жұту  қабілеті,  ылғал  өткізгіштігі 
өңдеуден тәуелді болады, яғни аз ылғал өткізетін терілер иленген және жақсы 
майланған терілер болып табылады; 
-пісіру  температурасы  терінің  иленгендігінен  тәуелді  болады.  Иленген 
терілердің температурасы 80°С, ашытылған немесе пикелден- ген терілердің 
температурасы 40°С. 
Терілердің  салмағы  айтарлықтай  алуан  түрлі  және  көптеген 
факторлардан  тәуелді:  жануар  түрінен,  географиялық  ауданынан,  тері 
көлемінен, түкті жабынының үлпілдігінен және тері өзеңінің қалыңдығынан. 
Тері  өлшемі  ең  маңызды  көрсеткіштердің  бірі.  Аса  бағалы  терілер,  бұл 
сорттау  кезінде  ескерілетін  ірі  терілер  болып  табылады.  Өлшемі  бойынша 
терілерді өте ірі, ірі, орташа  және ұсақ деп бөледі. Тері өлшемін ұзындығын 
еніне  көбейту  арқылы  немесе  планиметрмен  анықтайды.  Бұйымға  кететін 
шығын тері өлшемінен тәуелді болады. Кейбір терілердің ауданы 8.3-кестеде 
көрсетілген. 
Мамық  -  үлбір  жартылай  фабрикатының  эстетикалық  қасиеті  келесі 
көрсеткіштермен анықталады: 
түкті 
жабынының 
түсі, 
жылтырлылығы, 
жұмсақтығы, 
жібектігі, 
үлпілдектігі 
және 
құлпырмалылығы бойынша. 
206 

Түсі - мамық-үлбір жартылай фабрикатының маңызды көрсеткіштерінің 
бірі. Үлбір  табиғи түстес  және боялған  түсте болады. Өз түсіндегі  жартылай 
фабрикат аң терілері - үлбірлер қара, қоңыр, сары, ақ және сұр түсті болып 
келеді.  Боялған  үлбірлер  кейде  көгілдір,  қызғылт  түсте  болады.  Үлбірдің 
бағалылығы түсі бойынша сәнмен байланысты анықталады. 
Үлбірдің  жұмсақтыгы  деп,  оның  сығу  кезіндегі  серпімділігін  айтуға 
болады.  Түкті  қабаты  нәзік  жұмсақ  терілер  қатты  түкке  қарағанда  жоғары 
бағаланады. 
Кесте 8.3 - Мамық-үлбір жартылай фабрикатының терілерінің кейбір 
түрлерінің ауданы. 
Тері түрлері
 
Ауданы, см
2
 
Тері түрлері
 
Ауданы, см^
 
Тиін
 
350-400
 
Сібір күзені
 
300-600
 
Қасқыр
 
4000-6000
 
Ешкі, лақ
 
500-1100
 
Кәмшат
 
2000-3000
 
Таукүзені
 
150-300
 
Ақ тышқан
 
150-350
 
Қарсақ
 
1500-2000
 
Жанат
 
2000-3000
 
Мысық
 
350-1300
 
құлын
 
3000-5000
 
Су тышқаны
 
120-250
 
қоян
 
1200-2000
 
Көр тышқан
 
50-100
 
Түлкі
 
2000-4000
 
Ақ тышқан
 
80-150
 
Елтірі
 
400-1300
 
Сілеусін
 
2500-4500
 
Қара күзен
 
600-800
 
Бұлғын
 
500-1000
 
Саз құндызы
 
600-2000
 
Ит
 
1000-5000
 
Ондатра
 
450-700
 
Саршұнақ
 
50-300
 
Қой
 
2500-7000
 
Күзен
 
300-800
 
Ақ түлкі
 
2000-3000
 
Тышқан
 
200-350
 
Қоян
 
700-1500
 
Шибөрі
 
1500-2000
 
Сусар
 
700-1100
 
тышқан
 
100-250
 
Қаракөл
 
400-1500
 
 
 
Түкті  жабынының  үлпілдектігі  мамықтың  ең  жақсы  белгісі  болып 
табылады және биіктігі, қалыңдығы және серпімділігінен тәуелді бо- лады. 
Мамық-үлбір  терісінің  құбылмалылығы.  Мамық  -  үлбір  терісі  табиғи 
шығатын өнім. Жартылай фабрикатта тері шикізатының түкті жабынының 
қасиеті  өңдеуден  кейін  өзгермейді.  Сондықтан  шикізат  ретінде  және 
жартылай фабрикат ретінде сорттау негізіне, тіршілік 
207 

ету  барысындағы  биологиялық  факторларға  тәуелді  түкті  жабынының 
негізгі сапалы белгілерін жатқызуға болады. 
Түкті  жабынының  қалыптасуын  және  оның  өзгергіштігіне  әсер  ететін 
факторларға келесілер жатады: аңның тіршілік ету түрі, өмір сүру жағдайы, 
өмір сүру аймағы, жыл мезгілі, жынысы, жасы және жеке ерекшеліктері. 
Аңның өмір сүру жағдайынан тәуелді терілердің құбылма- лылығы. 
Бағалы  аңдарды  төрт  топқа  бөлуге  болады:  жерде,  жерастында, 
жартылай суда және суда мекендейтіндер. 
Жер  бетінде  және  ағаштарға  жорғалап  өмір  сүретін  аңдардың  түкті 
жабыны қалың, үлпілдек және топографиялық аудандары бойынша біркелкі 
емес  (түлкі,  тиін,  бүлғын,  сусар,  қасқыр,  мысық,  сілеусін):  жон  арқа 
бөлігіндегі  түкті  жабыны  аса  қалың  және  биік,  тері  өзеңі  аса  жуан  және 
тығыз. 
Өмірінің  аса  көп  бөлігі  жер  астында  өтетін  аңдардың  түкті  жа-  быны 
топографиялық  бөлігі  бойынша  тегістігімен  сипатталады.  Көр  тышқанның 
түгінің  шашы  1см^  10  мыңды,  жонарқасында  -  12  мыңды  қүрайды,  түкті 
жабынының биіктігі 1-1,5 мм. Бүл аңдардың түкті жабыны биіктігі бойынша 
біртегіс бархатты, ал терілері түтастай қолданылады. 
Терінің  географиялық  өзгермелілігімен  байланысты  көптеген  түрлі 
аңдардың түрлерін кряжасы бойынша жіктеу қабылданған. 
Кряж  -  қалыңдығы,  биіктігі,  жібектігі,  бояуы,  өлшемі  белгілі  бір 
географиялық аймақта ауланған, белгілі бір түрдегі түбітті тері үшін сипатты 
сапа белгілерінің жиынтығы. 
Терінің  мерзімді  өзгермелілігі.  Аңның  мекендейтін  аймағындағы 
мерзімдік  климатты  өзгеруімен  байланысты  терінің  түкті  жабынының 
сапасының  өзгеруі  маусымдық  өзгеру  деп  аталацы.  Өзгеру  алдымен  түкті 
жабынының түлеуі кезінде білінеді. Қысқы үйқыға кетпейтін аңдардың және 
үй  жануарларының  түлеуі  жылына  екі  рет  болады:  көктемде  және  күзде 
(тиін, түлкі, ит). Көктемде қысқы қалың, жүмсақ, биік, түкті жабы- ны түсіп 
орнына  жазғы  қысқы  және  сирек  аса  қылшықты  түкті  жабыны  өсіп 
шығады.  Жазғы  уақытта  тері  өзгеріп  аса  қанық  және  бос  болады.  Күзде, 
керісінше, жазғы түскен түкті жабын орнына қыстық шығады. 
Қысқы үйқыға кетететін аңдардың түлеуі  жылына бір рет болады  және 
жаз бойы созылады (сурок, саршүнақ). 
Әртүрлі  аңдардың  түлеуі  әр  түрлі  болады:  бірақ  белгілі  бір 
топографиялық тізбек бойынша қатаң жүреді: белгілі бір бөліктен басталып, 
белгілі  бір  жерден  аяқталады.  Түлеу  жиірек  түмсығынан  қүрсағына  дейін 
болады. 
Терінің  экономикалылық  өзгермелілігі.  Аңдардың  және  жануарлардың 
жасы өсе келе, олардың түкті жабынында және өзеңінде өзгерістер жүреді. 
208 

Түбітті  аңдардың  барлығына  дерлік  және  үй  жануарларының  кейбір 
бөлігінің (мысық, ит, қоян) жастауының терілері аз бағалы, себебі, олардың 
алғашқы  түкті  жабыны  өте  жұмсақ,  төмен,  жеңіл  құлайтын  болғандықтан 
бағалылығы  аз.  Қылшық  шаштары  жұқа,  бос,  және  берік  емес.  Жасы  өсе 
келе  бірінші  түкті  жабыны  екіншісімен  ауысып,  тері  өзеңі  қатаяды.  Белгілі 
бір  түрдегі  аңның  түкті  жабынының  және  тері  өзеңінің  сапасы  белгілі  бір 
жасқа  дейін  жақсарады,  одан  кейін  үлбірі  күміскеленіп  қылшықтана 
бастайды.  Мысалы,  күміс  қара  түлкілердің  сапасы  бойынша  терілері  2-3 
жаста болады. 
Үй  жануарларының  (қаракөл  қойы,  ат),  теңіз  аңдарының  (тюлень)  жас 
терілері керісінше өте бағалы деп саналады. 
Терінің жеке өзгермелілігі. Бір түрдегі аңдардың түкті жабыны және тері 
өлшемі  ретінде  айырмашылығы,  жоғарыда  қарастырылған  факторлардан 
тәуелсіз,  терінің  жеке  өзгешелігі  деп  аталады.  Бұл  айырмашылық  жиірек 
түкті  жабынының  болуында,  биіктігінде,  жібектігінде  және  тері  өлшемінде 
сирек көрінеді. 
Мамық  үлбір  жартылай  фабрикатын  сорттау.  Мамық  үлбір  жартылай 
фабрикатты физикалық, механикалық және химиялық қасиеттері бойынша 
мемлекеттік  стандарттар  талаптарына  сәйкес  бо-  луы  керек.  Одан  басқа 
әрбір  түрдегі  үлбірлі  терілер,  түкті  жабынының  қалыңдығы,  биіктігі, 
жібектігі,  бояы  және  жылтырлығы  бойынша,  тері  өзеңінің  қалыңдығы, 
өлшемі  және  басқа  белгілері  бойынша  сортта-  луы  тиіс.  Алдымен  үлбір 
өңдеуде  стандартты  сорттау,  содан  соң  тері  өндірісінде  өндірістік  сорттау 
жүргізіледі. 
Стандартты  сорттауда  барлық  терілерді  қарастырып  және  тұқымы, 
бояуы,  сорты,  ақаулары  және  өлшемі  бойынша  топтайды.  Тері  өндірісінің 
операциясы  болып  табылатын  өндірістік  сорттауда,  терілерді  түк 
жабынының  биіктігі,  қалыңдығы,  жібектігі,  бояуының  реңі  және  тері 
өзеңінің қалыңдығы бойынша аса ұқыпты топтау іске асырылады. 
Жартылай  фабрикаттарды  стандартты  сорттау,  көптеген  жартылай 
фабрикаттар  үшін  жалпы  және  келесі  талаптардан  тұратын  мемлекеттік 
стандарттарға сәйкес жүргізіледі: тері өзеңі жұмсақ, таза, жақсы кептірілген, 
қылшықсыз,  түк  қалташасын  жалаңаштанғанша  ойып  алма-  уы,  барлық 
бағыттары  бойынша  тартпа  беруі  тиіс;  түкті  жабынын  шаңнан  жақсы 
тазалауы,  оралмауы  және  тері  өзеңімен  берік  байланысқан  болуы  тиіс. 
Алынған  терілер  жылтыр,  тегіс  боялған,  дақсыз,  мыжылмаған, 
қырқылғандарында  таяқ  ізі  және  ойылмаған  болуы  тиіс;  тесіктері, 
жыртылған  және  қырылған  бөлігі  жойылуы  тиіс.  Сонымен  қатар  әртүрлі 
қойылымдар,  жалғаулар  негізгі  тері  сапасымен  толық  сәйкес  түрде  таңдап 
алынуы  тиіс;  тігістер  түкті  жіппен  орамай,  жан  жағын  үзбей  және  берік 
тігістермен тігілуі және жақсы үтіктелуі тиіс. 
Жартылай  фабрикаттарды  көрсетілген  талаптарымен  сәйкес  келме-  се 
стандартты емес деп санайды. 
209 
14-6313 

Мамық  жартылай  фабриаттарды  сорттау.  Көптеген  мамық  жарттылай 
фабрикаттарды стандартты сорттау кезінде тұқымы, түкті жабынының түсі, 
сорты, өлшемі және ақау топтары бойынша жіктеледі. 
Тұқымын  сорттау  кезінде  боялмаған  жартылай  фабрикаттар  үшін 
тұқым  саны  және  аталуы,  тері  шикізатының  саны  мен  аталуына  сәйкес 
келеді.  Боялған  жартылай  фабрикаттар  үшін  тұқым  саны  азаяды.  Кейде 
кряж аталуы орнына реттік нөмір қойылады; нөмір кіші болған сайын, тері 
сапасы жоғары болады. 
Түкті жабынын түсі бойынша сорттау, табиғи және боялған жарты- лай 
фабрикаттар үшін орындалады. 
Теріні  сортына  қарай  жіктегенде  (бөлгенде)  түкті  жабынының  да- 
муынан  тәуелді  бағаланады.  Түкті  жабынының  даму  дәрежесі  тері  дай- 
ындау уақытына тәуелді болады (маусымдық өзгергіштігімен). Қысқы үлбір 
аса қанық, биік, жібекті түкті тері өзеңінде берік ұсталып тұрады. Көктемде, 
күзде  түлеу  кезінде  дайындалған  терілердің  түкті  жабы-  ны  өсу  сатысында 
болғандықтан  сапасы  төмендеу.  Сапасы  ең  төмен  терілер,  бұл  жазда 
дайындалған терілер, бұл уақыттағы аңдардың түкті жабыны өте сирек және 
қысқа. 
I  сортқа  түкті  жабыны  аса  қалың,  биік  терілер,  ал  II  сортқа  түкті 
жабыны  аз  қалыңдықты,  биік  остік  және  түбітті  шаштары  дамымаған 
терілер, IV сортқа түбітсіз, аса сирек түкті жабынды терілер жатады. 
Өлшемі  бойынша  сорттау  берілген  түрдің  ауданынан  тәуелді 
орындалады,  сонымен  қатар  өлшемді  топтардың  белгілі  саны  қарас- 
тырылады.  Терінің  ауданын  тері  ұзындығын  еніне  көбейту  арқылы 
анықтайды. 
Тері  ауданы  квадрат  сантиметрмен  немесе  дециметрмен  терінің  өзеңі 
жағынан көрсетіледі. 
Тобы  бойынша  сорттау  жартылай  фабрикаттардың  ақауларының 
сыртқы  түрімен  тәуелді  іске  асырылады.  Терілердің  келесідей  сыртқы 
ақаулары  болады:  бойлық  және  көлденең  тігістер,  былғары  матасын 
ойылуы,  шаштардың  шатасуы.  Осы  немесе  басқада  ақаулар  балл  саны-  на 
стандартқа сәйкес бағаланады. 
Мамық жартылай фабрикаттар үшін төрт топ қарастырылған. Әрбір топ 
үшін өлшемдері көрсетілген белгілі бір ақау қойылған. 
Үлбір,  қаракөл  елтірі,  қой  тондық  және  қой  үлбірлік  жартылай 
фабрикаттарды  сорттау.  Бұл  түрлердің  жартылай  фабрикаттарының 
өлшемі,  түкті  жабынының  түсі,  сырты  және  тобы  бойынша  ақауларымен 
тәуелді сорттайды. Оларды тұқымы бойынша сорттамайды. Оның ор- нына, 
мысалы қоян терісі үшін тұқымы, құлыншақ және бұзау терілері үшін жасы 
бойынша бөлу арқылы сорттау енгізілген. 
Құлыншақ, бұзау, лақ терілері түкті жабынының құлпырмалылы- ғына 
және  тегістігіне,  суретіне,  түріне  тәуелді  сортталады.  Құлпырмалы  терілер 
тегістерден жоғары бағаланады. 
210 

8.5.  МАМЫҚ- ҮЛБІР ШИКІЗАТТАРЫНЫҢ 
АССОРТИМЕНТТЕРІ 
Қаракөл  елтірісі  және  елтірі  шикізаты.  Қаракөл  өмірі  үш  күндік  таза 
түқымды  қаракөл  қойының  қозыларының  терілері.  Қаракөл  түкті 
жабынының  өзіне  тән  пішін,  жібектігі  және  жылтырлылығымен 
ерекшеленеді.  Ертеректе  қаракөл  түқымы  елімізге  Өзбекстан  тер- 
риториясынан  әкелінген.  Бүл  түқымдас  қойлар  шөлдаланың  қатаң 
жағдайына бейімделген. 
Қаракөлді  өсіру  мал  шаруашылығының  ірі  саласының  бірі.  Қаракөлді 
негізгі  өндірушілер  болып  Өзбекстан,  Түркменстан,  Қазақстан,  Тәжікстан, 
Молдавия болып табылады. 
Қаракөл  шаруашылығында  көптеген  будандастыру  жүмыстары 
жүргізіліп, қойдың жаңа түқымдас топтары шығарылады. 
Қаракөл  түқымдас  қойлардың  жасынан  тәуелді  үлбірлі  және  тондық 
шикізаттың әртүрін атады: қаракөл, қаракөлше, қаракөл-қаракөлше, мәліш 
қой қозысының терісі, трясок және тондық қой терісі. 
Қаракөл  түқымдастардың  қозыларының  түкті  жабыны  туылғаннан 
кейінгі алғашқы күндері бүйраланған  түрде болады. Олар  спиральға иілген 
былғары  бетінде  параллель  орналасқан  түтіктерден  түрады.  Қозылардың 
терілерінің  түкті  жабыны  үш  күнен  соң  ажыраған  және  қопсыған  түрде 
болады.  Өсе  келе  жеке  бүрамға  түседі.  Бүйралылығы  бойынша  бағалы 
(бүршақ, ірі бүршақ, жал түрінде), аз бағалы (сақина, жартылай сақина) және 
содырлы (моншақ бүйра, деформациялан-ған бүйра) деп ажыратылады. 
Қаракөл  сапасын  бағалауда  түкті  жабынның  қалыңдығына,  бүйралану 
түріне және тығыздығына, түкті жабынының жылтырына көңіл бөлінеді. 
Түкті  жабынының  қалыңдыгы  -  қаракөлдің  терісінің  бағалы  сортының 
айтқысыз қасиеті. 
Бұйралылыгының тыгыздыгы  деп  -  олардың  өзгертуге  тырысқан  әртүрлі 
механикалық әсерлерден күйін, формасын сақтау қабілетін айтуға болады. 
Бүйралылығының  бүл  қасиеті  көп  дамыған  болса,  қаракөл  жоғары 
бағаланады.  Әдетте  аса  тығыз  болып,  киізденген  және  ірі  бүршақ  түріндегі 
бүйралылығы табылады.  Тығыздығы аз бүйралықтар  түрі  бүл -  ірі сақина, 
моншақ бүйра, бүршақ және үсақ сақина. 
Түкті  жабынының  жылтырлыгы  қаракөл  елтірісінінің  сапасын  си- 
паттайтын негізгі қасиеттерінің бірі. 
Жоғарғы  сортты  терілер  түкті  жабынының  жылтырлығымен 
ерекшеленеді. 
Елтірі  -  түкті  жабыны  қысқа  жібекті  жылтыр  былғары  өзеңіне  тығыз 
жанасқан, оның қүлпырмалы суреті бар тері. 
211 

Жас қозы терісі. Елтірі елтірі тұқымдас қойдың қозыларынан ала- 
ды. 
Белгілері.  Бұл  терілердің  түкті  жабыны  шыны  секілді  жылтыр,  әлсіз 
жылтыр  және  әртүрлі  бұйраланған  күңгіртті,  мойны  қопсыған,  таралған 
бұйра басы, құйрығы, аяғы тегіс түкпен жабылған, құйрығы жіңішке. 
Елтірі  шикізаты  және  лақ  терілері.  Белгілері.  Алғашқы  түкті 
жабынымен  өлі  туылған,  өлген  және  сойылған  қозылардың  немесе 
лақтардың  терілері,  жылбысқы  және  түсікті  қой  және  ешкі  терілері 
тұқымына  қарай,  жасына,  түкті  жабынының  сипатына  қарай  келесі 
түрлерге  бөлінеді:  мәліш  елтірісі,  құйрықты  қойлардың  қозысының  терісі 
(далалық  елтірі)  қылшық  жүнді  қойлардың  қозыларының  терілері  (орыс 
елтірісі), үлбірлік терілер (ляшка), тон терілері (сак сак, трясок) қысқа және 
ұзын жүнді ешкі терілері. 
Мәліш  елтірісі  қойдың  жылбысқы  және  түсік  терісінің  ауданы  300  см, 
көп созылған кездегі мойнының шашының ұзындығы 2см аспауы тиіс. 
Мәліш  елтірісі  құйрықты  қойлардың  қозысынан  алынады.  Басқа  қой 
тұқымдастарынан  ерекшелігі  ең  жақсы  қасиеттерге  ие,  және  құйрығының 
жоқтығы.  Қаракөл  елтірісінен  түкті  жабынының  аздығымен,  муарлы 
суретінің  анық  еместігінен,  құйрық  орнына  доға  тәрізді  жиектерінің 
болуымен ерекшеленеді. 
Далалық  елтірі  -  құйрықты  қой  тұқымдарының  қозысының  терісі, 
ауданы 400 см
2
 аз, түкті жабынының ұзындығы 5см. 
Орыс  елтірісі  қылшық  жүнді  тұқымдастарының  қозыларының  терісі, 
өлшемі 400 см  және  түкті  жабынының созған  кездегі күйі 5 см асатын тері. 
Далалық  елтірісінің  ерекшелігі  мойнының  жуан  болуы  және  құйрығының 
жоқтығы. 
Трясок  және  сак  сак  романовский  тұқымынан  басқа  қылшық  жүнді 
тұқымдасты,  еметін  қозылар  терілері  түкті  жабыны  жұмсақ  және  штопр 
түрінде шығарылады. Ұзындығы 5см, терілердің ауданы 400 см^ кем емес. 
Биязы  жүнді  мәліш  елтірісі,  жартылай  биязы  жүнді  және  жартылай 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет