Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075)


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет6/33
Дата25.12.2016
өлшемі11,49 Mb.
#4420
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Логопедиялық тексерудің принциптерін атаңыздар.

2. Логопедиялық тексерудің мақсаты.

3. Сенсомоторлы дағдыларын тексеру.

4. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру.

5. Сөйлеу тілінің лексикалық жағдайын тексеру.

6. Сөйлеу тілі анықтамасының үлгісін құрастырыңыздар.
Ұсынылған әдебиеттер


  1. Коноваленко В.В., Коноваленко С.В. Экспресс-обследование

звукопроизношения у детей дошкольного и младшего школьного возраста. Пособие для логопеда. М., 1998.

  1. Өмірбекова Қ.Қ, Өмірбекова С.Ж. Сөйлеу тілін тексеру әдістері.

Алматыкітап, 2002.

  1. Выявление и преодоление речевых нарушений в дошкольном возрасте. И.Ю. Кондратенко. М., Айрис Пресс, 2005.

6. Грибова О.Е. Технология логопедического обследования. Методическое пособие. М. Айрис Пресс, 2005.

  1. Калягин В.А., Овчиникова Т.С. Энциклопедия методов психолого-

педагогической диагностики лиц с нарушениями речи. С.-П., 2004.
5 БӨЛІМ. ТІЛ КЕМІСТІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Логопедияда сөйлеу тілінің қалыпты дамуы мен бұзылысын ажырату ең маңызды болып табылады. Сөйлеу тілінің нормасы - көпшілік мақұлдаған сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілін қолданудың жалпы нұсқалары деп білеміз. Қалыпты сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмідері сақтаулы болады.

Тіл кемістігі деп сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады. Коммуникативті теория бойынша сөйлеу тілі бұзылысы – ол вербальды қатынастың бұзылуы деп есептеледі.

Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей белгілерімен сипатталады:

• өз бетінше жоғалмайды, қайта бекиді;

• логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;

• сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді,

• баланың одан ары дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.

• тіл білмейтіндік, диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.

Мұндай сипаттама сөйлеу тілінің бұзылыстарын баланың жас ерекшеліктерінен, бала мен ересектердің уақытша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан, диалектілерден ажыратуға мүмкіндік береді.

Логопедияда тіл бұзылысын білдіретін «сөйлеу тіл кемістігі», «тіл ақаулығы», «сөйлеу патологиясы», «сөйлеу тілінің ауытқуы, «сөйлеу тілінің бұзылысы» және «сөйлеу тіл дамымауы» деген ұғымдар қолданылады.

Сөйлеу тілінің дамымауы - кейбір сөйлеу функцияларының немесе сөйлеу жүйесінің қалыптасуының төмен денгейі.

Сөйлеу тілінің бұзылысы - сөйлеу әрекетінің механизмдерінің жұмысының қалыптан ауытқуы, бұзылуы. Мәселен, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілмеуінде тілдің морфологиялық жүйесін менгеру, сөйлемнің синтаксистік құрылысы денгейі өте төмен болады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының бұзылуы оның аномальды қалыптасуымен және аграмматизмдермен сипатталады. Жалпы сөйлеу тілі дамымауында сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы байқалады (фонетика-фонематикалық, лексикалық, грамматикалық жағының). Жалпы сөйлеу тілі дамымауының механизмі әр түрлі болуы мүмкін, соған байланысты ауытқудың құрылысы да әртүрлі болуі мүмкін. Ол дизартрияда, алалияда, т.б. тіл кемістіктерде байқалуы мүмкін.

Логопедияда «сөйлеу тілі дамуының бұзылуы» және «сөйлеу тілінің тежелуі» деген ұғымдар қолданылады. Сөйлеу тілінің дамуының бұзылуы кезінде сөйлеу процесінің онтогенезде бұзылуы байқалса, ал сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз сөйлеу тілінің дамуының темпінің тежелуі. Бұл жағдайда баланың сөйлеу тілінің даму денгейі жасына сай келмейді.

«Сөйлеу тілінің жойылуы» деген ұғым бас миының оқшауланған немесе диффузды зақымының салдарынан қалыптасқан сөйлеу дағдыларының және қатынас икемділігінің жойылуын білдіреді.

Сөйлеу тілі ақауларының алуан түрлі себептерін қарастырған кезде ақаулықтың пайда болу процесін талдау, жас ерекшеліктің әр кезеңінде сөйлеу тілі дамуының жалпы заңдылықтарын ескеруге негізделген (И. М. Сеченов, Л. С. Выготский, В. И. Лубовский) эволюциялық-динамикалық негіз қолданылады.

«Этиология» термині (грек тілінде «этио» - себеп, «логос» - ғылым, ілім) – ауырудың пайда болуының себебі немесе патологиялық жағдайын білдіреді. Себептілік мәселесі ежелден адам баласының ықыласын аударған. Этиологияның ғылым ретінде дамуы бірқатар медициналық және жаратылыс пәндердің жалпы ғылыми прогрессіне байланысты.

Сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы да дерттілік себептері туралы жалпы ілімінің тарихи даму жолдарын өтті.

Көне заманның грек философы және дәрігері Гиппократ (б, ғ.д. 460—377 жж.) сөйлеу тіл кемістіктерінің, атап айтқанда, тұтықпаның себебі бас ми жарақаттануында деп айтып кеткен. Басқа грек философы Аристотель (б, ғ.д. 384—322 жж), сөйлеу тілінің пайда болуын шеткі сөйлеу аппаратының анатомиялық құрылысымен байланыстырып, сөйлеу тіл бұзылыстарының себебін соның ақаулығынан деп білген.

Сонымен, көне заман ғылымдарының зерттеулерінде де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін түсінуде екі бағыт белгіленді. Біріншісі Гиппократтан бастап шыққан – сөйлеу тілі бұзылыстарының пайда болуында бас мидың зақымдалуы басшы болса; ал екіншісі - Аристотельден басталған – перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылыстары басшы болады деп мақұлдайды. Кейін де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін зерттеу кезінде осы екі көзқарас сақталған.

Гиппократтың ойын француз дәрігері Поль Брока тек 1861 жылы ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол бас миында сөйлеу тілге қатысты арнайы бөлік бар екенін көрсетіп, сөйлеу тілінің жойылуын сонымен байланыстырды. 1874ж. Вернике осыған ұқсас жаңалық ашты: түсіну мен ми қыртысының белгілі бір бөлігінің сақтаулы болуы арасындағы байланыс. Осы кезден бастап сөйлеу тілі бұзылыстары мен ми қыртысының белгілі бөліктерінің морфологиялық өзгерістері өзара байланысты екені дәлелденді.

Сөйлеу тілі бұзылыстары этиологиясы мәселесінің қарқынды дамуы ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында басталды. Осы жылдары ғалымдардың сөйлеу тіл бұзылыстарын пайда болу себептеріне қарай топтастыруға алғашқы әрекеттенді. Осылай, С. М. Доброгаев (1922) сөйлеу тілі бұзылыстарының себептері ретінде «жоғары жүйке жүйесінің ауыруларын», сөйлеу аппаратының патологиялық өзгерістерін, бала кезіндегі тәрбиенің жетіспеушілігін, сонымен қатар «ағзаның жалпы невропатиялық күйін» атайды.

М. Е. Хватцев сөйлеу тіл бұзылыстарының барлық себептерін бір бірімен тығыз байланыста болатын ішкі және сыртқы деп бөлді. Сонымен қатар ол органикалық (анатомиялық-физиологиялық, морфологиялық), функционалды (психогенді), әлеуметтік-психологиялық және психоневрологиялық себептерді де ажыратты.

Органикалық себептерге бала миының құрсақтағы даму жағдайы, анасының босанып жатқан кезде зақымдалуы, туылғаннан кейін зақымдалуы және жетік дамымауы, сонымен қатар перифериялық сөйлеу мүшелерінің әр түрлі органикалық бұзылыстары жатады. М. Е. Хватцев органикалық орталық (ми жарақаттары) және органикалық перифериялық (есту мүшелерінің зақымдалуы, таңдай жарықтары және артикуляциялық аппараттың басқа да морфологиялық өзгерістері) себептерін белгіледі.

М. Е. Хватцев функционалды себептерді И. П. Павловтың орталық жүйке жүйесіндегі қоздырғыш және тежелу процестерінің арақатынасының бұзылыстары туралы ілімімен түсіндіреді. Функционалды себептер сөйлеу аппаратының құрылымын өзгертпейді, тек оның қалыпты жұмысын (функциясын) бұзады. Мұндай себептерге әр түрлі стресстік жағдайларды, баланың жүйке жүйесіне әсер ететін ерте жасынан жиі және ұзақ мерзімге созылған ауыруларды, қоршаған ортасында сөйлеу тілі дұрыс болмауды, т.б. себептерді жатқызуға болады.

Ұзаққа созылған функционалды бұзылыстар органикалық бұзылыстарға айналуы мүмкін екенін ескерген жөн. Тағы да айтып кететін бір жағдай, сөйлеу аппаратының бір бөлігінде кездесетін органикалық бұзылыстар басқа бөліктерінде екіншіреттік функционалды бұзылыстар пайда болуына әсер етеді. Мысалы, сөйлеу аппараты құрылымының органикалық бұзылыстарының салдарынан балада тек дыбыс айтуының ақаулары байқалады. Бірақ, бала өзінің күнделікті қате айтқан дыбыстарын естуі сөйлеу-есту анализаторының екіншіреттік функционалды бұзылысына әкеледі - бала дыбыстың бұзылып айтылуын қалыпты ретінде қабылдайды. Ал, егер бала сөйлеу барысында бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып айтатын болса («шананың» орнына «сана»), сауат ашуға үйрету кезінде үшіншіреттік бұзылыс пайда болуы мүмкін- алмастырып айтылатын дыбыстар жазуында әріптермен алмастырып жазылады. Нәтижесінде бір емес, үш кемістікті түзетуге тура келеді.

М. Е. Хватцев органикалық және функционалды, орталық және шеткі себептердің өзара әрекеттестігіне көңіл аударған. Психоневрологиялық себептерге ақыл-ойы кемістігін, есінің, зейінінің бұзылуын және басқа да психикалық қызметтерінің бұзылуын жатқызған. Ол әлеуметтік-психологиялық себептерге аса назар аударған. Бұл себептерді қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз факторлары деп білген. Сонымен, ол сөйлеу тілі бұзылыстарының себеп-салдарын анықтауда алғашқы рет диалектикалық тұрғы негізінде сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясын түсінуін дәлелдеді.

Соңғы жылдары биология, эмбриология, теориялық медицина саласындағы, медициналық генетика, иммунология және басқа да пәндердің көптеген жетістіктері сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы туралы түсініктерді тереңдетіп, олардың пайда болуында экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) зияндылықтардың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін ғана біліп қоймай, сонымен қатар баланың ағзасына әсер ететін жағымсыз факторлардың әсерінен сөйлеу тіл бұзылыстарының механизмін білу қажет. Бұл сөйлеу бұзылыстарын түзетуде тиімді жолдары мен әдістерін анықтауға мүмкіндік туғызады.



Сөйлеу тіл бұзылыстарының себептері – ағзаға сөйлеу тілі бұзылыстарының ерекшеліктерін дәйектейтін сыртқы немесе ішкі зиянды факторлардың әсері болып табылады.

Бала дамуының қай кезеңінде және қандай жағдайларда сөйлеу тілінің бұзылыстары пайда болады?

Әлі туылмаған баланың сөйлеу тілі дамуына және ауытқуына әсер ететін жағымсыз факторлар әсерін тигізуі мүмкін. Оны баланың денсаулығына және сөйлеу тілі дамуына жағымсыз тұқым қуалаушылық және болашақ ата-аналарының дұрыс емес өмір салты әсер ететінімен түсіндіруге болады. Балаға ата-аналарынан психикалық-жүйке ерекшеліктері, сөйлеу аппаратының перифериялық және орталық бөлімдерінің құрылымының ерекшеліктері (мысалы, артикуляциялық мүшелерінің құрылымының ерекшеліктері, т.б.) балаға берілуі мүмкін. Бірақ, сөйлеу тілі бұзылыстары тұқымқуалаушылық арқылы берілетін мәселеге бірдей көзқарас жоқ.

Ұрықтың іштей қалыпты дамымауы, яғни сөйлеу аппаратының перифериялық және орталық бөліктері дұрыс қалаптаспауы, келесі жағымсыз факторлардың салдарынан болуы мүмкін:

• жүктіліктін бірінші-екінші жартылығындағы токсикоздар;

• жүктілік кезіндегі анасының созылмалы ауырулары (тұмау, қызамық, эндокринды бұзылыстары, бүйрек және жүрек ауырулары, т.б.);

• резус-конфликт;

• анасының жүктілік кезіндегі әр түрлі жарақаттары;

• жағымсыз кәсіби жағдайлар (жоғарыда аталған факторлардан басқа болашақ анаға ауыр физикалық жүмыс және түнгі ауысымда істеуге болмайтынын айтқан жөн);

• анасының жүктілік кезінде шылым шегуі және ішімдікке құмар болуы;

• стресстік жағдайлар (ажырасу, жақын адамдарының қаза болуы, т.б.);

• тастанды түсік жасауға әрекеттену, бірақ оның нәтижелі болмауы.

Анасының жүктілік кезінде шылым шегуінің балаға тигізетін әсеріне ерекше тоқталып кеткен жөн. Көптеген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар шылым шегудің ұрықтың дамуына тигізетін жағымсыз әсерін анықтаған. Эхографияның көрсеткіштері бойынша, анасының шылым шеккен кезінде баланың жүрек қағысы жиілейді, ал баланың өз бетімен қимылы (спонтанды) бірте-бірте тоқталады-бала тұншыға бастайды. Шылым шегетін анадан туған балалар өмірінің алғашқы 3 айында тыныс алу мүшелерінің ауыруына бейім болады. Олардың өкпелерінің көлемі шамадан 5% , ал салмағы 70-140 граммға аз болады. Егер анасы күніне 10 шылым (сигарет) шегетін болса, баланың интелектісінің коэффициенті 9 пунктке төмен болады, өйткені темекі бас миына баратын оттегін және көректі заттарды азайтады. Соның нәтижесінде бас мидың дамуына кері әсерін тигізеді. Темекі түтінінің құрамындағы химиялық элементтер әлі дүниеге келмеген баланың жүйке жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.

Баланың құрсақ ішіндегі дамуының кезкелген бұзылыстары босанудың алдын ала ауыр болуын болжайды. Туатын кезде бала толық дамымаған болады, сондықтан ол туу процесіне белсенді қатыса алмайды. Осындай жағдайлар әр түрлі көмекші құралдарды қолдануға мәжбүр етеді. Соның салдарынан әр түрлі жағымсыз бұзылыстар болуы мүмкін (баланың бас миінің механикалық зақымдалуына дейін).

Баланың ерте жас кезеңінде сөйлеу тілінің қалыптасуына келесі жағдайлар кері әсерін тигізуі мүмкін:

• бас жарақаттары, ми шайқалуы;

• бас миының асқыну ауырулары (менингит, менингоэнцефалит)

• естуінің төмендеуіне немесе мүлдем естімей қалуына себеп болатын аяғына дейін емделмеген ортаңғы және ішкі құлағының асқыну ауырулары

• сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін сөйлеу аппаратының перифериялық бөліктерінің зақымдалуы (әр түрлі жарақаттар, баланың үнемі саусақ емуінің салдарынан болған тіс және жақ сүйектерінің ауытқулары, т.б.);

• баланың сөйлеу тілі дамуына ересектердің жеткілікті көңіл бөлмеуі немесе айналасындағы адамдардың сөйлеу тіл ақаулары.

Сонымен, бала өмірінің алғашқы жылдарының жүйке-психикалық ауырулары әдетте сөйлеу тіл бұзылыстарымен қабаттасады. Осыған байланысты сөйлеу тілінің қалаптасуындағы ақаулармен қатар оның қалыптасқан кезіндегі ақауларды ажыратқан заңды.

Сөйлеу тілі бұзылыстарын сараптау барысында баланың сөйлеу жүйесінің бөліктерінің қарқынды даму кезеңін ескерген маңызды. Бұл кезеңді «қауіпті» кезең деп атайды. Өйткені бұл кезде экзогенді зияндылықтарды сөйлеу әрекетінің жүйке механизмінің жоғары жарақаттанғыштығы және бұзылыстарының қызметі, бұл жағдайда сөйлеу тілінің дамуының «қатерлі» кезеңі сөйлеу тілі бұзылыстарының бейімдеуші шарты болып келеді.

Сөйлеу тілінің бұзылуының пайда болу себептерін анықтау кезінде сөйлеу тілінің ақаулығы мен сақтаулы анализаторларының және коррекциялық жұмыста мүмкін болатын компенсацияның өзара қатынастығын ескерген жөн.

Сөйлеу тілінің дамуындағы әр түрлі ақауларды ерте жастан диагностикалаудың маңызы зор. Егер балада сөйлеу тілі ақаулары мектепке барған кезде немесе бастауыш сыныпта анықталса, олар баланың сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Ал, егер бұл ақаулар баланың ерте жасында анықталса, оған көрсетілген медициналық және педагогикалық түзету жұмысы арқасында мектепте толық бағалы білім алуына мүмкіндік береді.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Сөйлеу тілі бұзылыстарының негізгі себептерін атаңыздар.

2. Сөйлеу тілі бұзылыстарының пайда болуының бейімдеуші факторларын сипаттап беріңіздер.

3. Сөйлеу тілі бұзылыстарының пайда болуында әлеуметтік факторлардың орны.

4. Сөйлеу тілі бұзылыстарының пайда болуында тұқым қуалаушылық факторлардың орны.
Ұсынылған әдебиеттер

1. Бадалян Л. О. Невропатология. – М., 1987.

2. Беккер К. П., Совак М. Логопедия. – М., 1981.

3. Мастюкова Е. М. Ребенок с отклонениями в развитии. – М., 1992.

4. Логопедия / Қ. Қ.Өмірбекова, Қ. Серкебаев.-Алматы, 1996.

5. Қ. Қ.Өмірбекова Логопедиялық терминологиялық сөздігі. Алматы, 2005

4. Понятийно-терминологический словарь логопеда /В. И. Селиверстовтың ред. – М. 1997.

5. Хватцев М. Е. Логопедия // Р. И. Лалаева мен С. Н. Шаховскаяның ғылыми ред. 1кіт. – М., 2010.



6 БӨЛІМ. СӨЙЛЕУ ТІЛІ КЕМІСТІКТЕРІН ТОПТАСТЫРУ
Логопедия ғылымында көп уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі - жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден, тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде болуы. Сонымен қатар сөйлеу тіл бұзылыстарының себептеріне деген ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болуы. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп, топтастыруды қиындатады. Сондықтан қазіргі таңда сөйлеу тілінің бұзылыстарын топтастыру мәселесі әлі де өзекті деуге болады.

Логопедия өзінің алғашқы қалыптасу кезінде жеке классификациясы болмаған және осы классификация жайында мәселе көтерілмеген де. Өйткені сол кезде логопедия еуропалық медицинаның тіл кемістіктерін зерттеуіндегі үлкен жетістіктерінің әсерінде болды және ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында солардың қалыптасқан классификациясына сүйенетін. Алғашқы классификациялардың бірін Куссмауль (1877) құрастырған. Ол тіл кемістіктерінің түрлері жайында бұрыннан қалыптасқан көзқарастарға сындық талдау жасап, тіл кемістіктері туралы түсініктерді жүйелеп, терминологиясын ретке келтірді. Бұл топтастыру кейіннен клиникалық деп аталды. Осы топтастыру ХХ ғасырдың басында көптеген шетелдік, рессейлік ғалымдардың жүргізген зерттеу жұмыстарының модификацияларының негізіне алынды: В. Олтушевскийдың, Г. Гуцманның, Э. Фрешельстің , С. М. Доброгаевтың.

Бұл классификациялардың көптеген ортақ белгілері болды: клиникалық көзқарас, бұзылыстардың түрлерін белгілі біл сырқаттың түрлерімен байланыстыру (тіл кемістіктерін белгілі бір ауырудың симптомы ретінде қарастыру), ортақ терминдерді қолдану (көптеген терминдер әлі күнге дейін қолдануда). Классификациялардың арасында көптеген сәйкессіздіктер де кездескен. Олардың тіл кемістіктерді топтастыру кезінде әр қайсысы әр түрлі принциптерге сүйенуі және белгілі бір критерийдің, тіл кемістіктерін топтастырудың қажеттілігіне бір ынғай көз қарастын болмауы. Бір де бір автор белгілі бір принципке сүйене отырып топтастыра алмады. Осыған байланысты сөйлеу тіл бұзылыстарың көрінісі толық емес, кейбір жағдайда бір-біріне қарама-қайшы көрсетілген болды. Бір топқа жататын бұзылыстар әр түрлі топта, ал әр түрлі көріністер – бір топқа жатқызылды. ХХ ғасырда неврологияда тіл кемістігінің түрлері жайында көптеген түсініктер қайта қарастырылды. Логопедия осы тенденциядан шетте қалған жоқ. Логопедияда М. Е. Хватцев, Ф. А. Рау, кейінірек О. В. Правдина, С. С. Ляпидевский, Б. М. Гриншпун, т.б. клиникалық топтастыруға көптеген өзгерістер еңгізді. Бұл өзгерістер терминдерді түсінуінде қайшылық туғызды. Даму принципіне сүйену және балалардың тіл кемістіктерін терең талдау барысында даму кезінде пайда болған тіл кемістікті сөйлеу тіл жүйесі қалыптасқаннан кейін пайда болған тіл кемістігімен бірдей қарастыруға болмайтындығы дәлелденді. Балаларда кездесетін тіл кемістіктері мен олардың типологиясы клиникалық топтастырудың негізіне алынған принциптерден басқа талдау принциптеріне негізделген болуы керек. Бұл топтастыруда балалар мен ересектердің тіл бұзылыстары ажыратылмаған. Балаларда кездесетін тіл кемістіктерін талдауының жаңа принциптерін Р.Е. Левина құрастырып, логопедияның жаңа бөлімінің негізін құрады. Ол балалар логопедиясы. Балалар логопедиясы педагогикалық ғылым саласының жеке бөлігіне айланды. Соған қатысты ақаудың бірінші-екінші реттік критерийлерінің негізінде балалардың сөйлеу тіл бұзылыстарын түсіндіруде белгілі шектеу еңгізілді.

Ол әртүрлі ақаулары бар балаларда алуан түрлі тіл кемістіктер арасынан сөйлеу, психологиялық және физиологиялық механизмдерінің қалыптаспауының немесе ерте онтогенезде бұзылуының салдарынан пайда болған сөйлеу тілі бұзылыстары бар бастапқы есту, көру, зияты сақтаулы балаларды өзінің зерттеу нысаны ретінде алған. Р.Е. Левина мұндай бұзылыстарды бастапқы сөйлеу тілі дамымаған категорияға жатқызған.

Кейін де, сөйлеу тілі бұзылыстарының топтастыру мәселесі бастапқы бұзылыстарына қатысты қарастырылатын болды.

Дамуында басқа ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары негізгі, жетекші ауытқушылықпен тығыз байластырылып, зерттелетін болды.

Сөйлеу тілі бұзылыстарын топтастыру мәселесін қарастыру барысында ғылымдар екі бағытқа бөлініп кетті: бірінші бағыттағы ғалымдар сөйлеу тілі бұзылыстарының дәстүрлі номенклатурасын сақтап, бірақ оны жаңа мазмұнмен толықтырса, екінші бағыттағы ғалымдар сөйлеу тілі бұзылыстарының дәстүрлі номенклатурасынан бас тартып, бұзылыстардың жаңадан жіктеуін еңгізді.

Сонымен, қазіргі кездегі логопедияда бір-бірін толықтыратын тіл кемістіктерін топтастырудың екі түрі бар: клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық (Р. Е. Левина бойынша).

Аталған классификациялар тіл кемістіктерін топтастыруда әр түрлі көз қараста болса да, олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді, бір-бірін толықтырады. Өйткені олар логопедиялық көмек көрсету процесінің әр түрлі міндеттерін шешуге бағытталған. Тіл кемістіктерін топтастыру мәселесі шетелдік ғалымдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, АҚШ ғалымы Бердайнның 1985ж. «Мамандыққа кіріспе» атты кітабі жарық көрді. Мұнда автор тіл кемістіктерінің классификациясын беріп, оларды келесі топтарға бөледі:

1. артикуляциялық бұзылыстар;

2. дауыстың бұзылуы:

а) дауыстың жоғарлығының бұзылуы:

- дауыстың бұзылуы (ломка)

- дауыстың вариациясының болмауы.

б) дауыстың қаттылығының бұзылуы

в) мұрындық ренкпен сөйлеу (гнусавость)

г) тыныс алудың бұзылуы

д) дауыстың қырылдап шығуы



3. Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы – тұтықпа.

Бұл классификацияның құрылу критерийлері рессейлік классификацияға қарағанда басқаша. Бірақ, қандай классификация болмасын, барлығы логопедиялық жұмысты жаңартуға бағытталған. Сонымен, тіл кемістіктерін талдау, топтастыру мәселесі әліде өзекті мәселе деуге болады.

Сөйлеу тіл кемістіктері ұзақ уақыт медициналық-биологиялық пәндер циклының зерттеу пәні болғандықтан сөйлеу тілі бұзылыстарының клиникалық топтастыру кең таралған (М. Е. Хватцев, Ф. A. Pay, О. В. Правдина, С. С. Ляпидевский, Б. М. Гриншпун және т.б).

Клиникалық-педагогикалық топтастыру тіл кемістіктерінің анатомиялық- физиологиялық механизміне және осы кемістіктерінің пайда болу себептеріне негізделген.

Бұл топтастыру тіл кемістіктерін бір белгілі сырқатпен байланыстырмайды, түзету жолдарын қарастырады. Топтастырудың негізіне психологиялық - лингвистикалық және клиникалық өлшемдері (критерийлері) алынған. С.С. Ляпидевскийдің айтуы бойынша клиникалық-педагогикалық топтастыруда тіл кемістіктерін үш жақтан қарастыруға болады: медициналық аспекті сөйлеу анализаторының қайсысы зақымдалған, қай бөлігінде және күрделігі қандай денгейде екенін қарастырады.

Осыған байланысты тіл кемістіктері орталық немесе шеткі; фукционалды немесе органикалық бұзылыстар деп бөлінеді.

Сөйлеу тілінің бұзылуы қай уақыттан бері болғаны ескеріледі ( баланың тілі шыққанға дейін (алалия), сөйлеу тілі қалыптасу кезінде, әлде шықаннан кейін - афазия).



Психологиялық аспектісөйлеу тілінің коммуникативтік қызметі қаншалықты бұзылғанын; әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың тұлғалық ерекшеліктерін; болжауы қандай болатынын қарастырады.

Логопедиялық аспекті – сөйлеу тілінің қай құрылымы зақымдалғанын қарастырады.

Бұл топтастыру бойынша барлық сөйлеу тілі бұзылыстары екі топқа бөлінеді: 1-ші топ - ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы, 2-ші топ - жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы.



Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы өзара екі топқа бөлінеді:

1. сөйлеу тілінің сыртқы ( фонациялық ) өңделуінің бұзылуы;

2. сөйлеу тілінің ішкі ( семантикалық ) өңделуінің бұзылуы;

Сөйлеу тілінің сыртқы (фонациялық) өңдеуінің бұзылуы бұзылған бөлігіне қарай төменгідегідей топтарға бөлінеді: а) дауыс шығару, ә) сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының ұйымдастырылуы, б) интонациялық-әуенді, в) дыбыс айтуының ұйымдастырылуы. Бұл бұзылыстар жеке немесе әр түрлі комбинацияларда кездесуі мүмкін. Осыған байланысты логопедияда дәстүрлі бекітілген терминдермен аталған келесі сөйлеу тілі бұзылыстары ажыратылады:

а) Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения).

Дауыстың бұзылуы дауыс аппаратының патологиялық өзгерістерінің салдарынан болуы мүмкін. Бұл кемістіктің әртүрлі белгілері болады: фонацияның мүлдем болмауы (афония), дауыс күшінің, тембрінің, биіктілігінің бұзылуы (дисфония), дауыстың шаршағыштығының, оның қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы (фонестения).

Дауыстың бұзылуы дауыстың пайда болатын механизмінің органикалық немесе функционалды бұзылыстардың салдарынан орталық немесе шеткі болады. Ол бала дамуының кез-келген кезеңінде болуы мүмкін. Дауыстың бұзылуы өз бетінше жеке немесе басқа сөйлеу тілінің бұзылуы мен бірге кездеседі (ринолалия, дизартрия).

ә) Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия, брадилалия, тұтықпа).



Тахилалия («tachys» - тез, «lalio» - сөйлеу тілі) – сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да, сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі. Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады.

Брадилалия ( «bradys» -баяу, «lalio» - сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы шығады.

Аталған бұзылыстарда (тахилалия, брадилалия) ішкі де сыртқы да сөйлеу тілінің бұзылуы байқалады. Бұл бұзылыстар әр түрлі деңгейде көрінеді, күрделі жағдайда коммуникативті процесі зақымдалады. Бірақ, баланың ерте жасынан осы бұзылыстарды жою жұмысын қолға алса, олар баланың әрі қарай дамуына және сөйлеу тілінің қалыптасуына жағымсыз жағдай тудырмайды.



Тұтықпасөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады.

б) Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия).



Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дислалия сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтуы байқалады. Анатомиялық ауытқушылықтар болса органикалық , жоқ болса - функционалды деп аталады.

Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық ауытқушылықтарының салдарынан дауыс әуезділігі (тембрі) және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуымен сипатталады. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.

Дизартрия – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және просодикасының бұзылуы байқалады.

Дизартрия сал ауыруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия бала дамуының кез-келген кезеңінде пайда болуы мүмкін.

Сөйлеу тілі бұзылуының екінші тобына /ішкі (семантикалық) өндеуінің бұзылуы/ алалия және афазия кіреді.

Алалиябаланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).



Афазия – бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтіретін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекциялар, бас мидың ісіктері.

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия, дисграфия, дизорфография

Дислексия- оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дисграфия –жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дизорфография - «Қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдыларды қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлерін дизорфография деп атауға болады» (А.Н. Корнев).

«Дизорфография әр түрлі қателермен сипатталатын орфографиялық морфологиялық және дәстүрлі принциптерін менгеру мен пайдаланудың тұрақты және ерекше бұзылуы» (Р.И. Лалаева)

Негізгі қиыншылықтар – балалар керек орфограмманы жаза алмайды және орфографиялық тапсырмаларды орындай алмайды. Сонымен, логопедияда әр түрлі тіл кемістіктердің бірнеше түрін ажыратады. Оның ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстары (дисфония (афония), тахилалия, брадилалия, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия (анартрия), алалия, афазия), ал жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы (дислексия (алексия), дисграфия (аграфия) және дизорфография.



Қорытынды: клиникалық–педагогикалық классификация медицина мен логопедияның әрекеттестігіне негізделген. Бұл классификацияда психологиялық – лингвистикалық критерийлер бастапқы роль атқарады. Солардың негізінде негізгі топтар, тіл кемістіктерінің түрлері, формалары ажыратылады. Осы критерийлер тіл кемістіктер жайында толық көрініс береді.

Қазір ғылымның қарқынды дамуына байланысты сөйлеу тілі, психикалық, физиологиялық механизмдері туралы білімнің нығаюына және логопедиядағы жаңа зерттеулерге байланысты сөйлеу тілі бұзылыстарын топтастыруда өзгерістер еңгізілді.

Қазіргі таңда логопедиялық мекемелерді құру негізі ретінде және түзету жұмысының фронтальды әдістерін қолдану үшін сөйлеу тілі бұзылыстарының психологиялық-педагогикалық классификациясы пайдаланылады. Оны Р. Е. Левина құрастырған.

Психологиялық- педагогикалык топтастыру кейіннен сөйлеу тілінің бұзылыстарын клиникалық тұрғыдан қарастырып, талдау нәтижесінде пайда болған. Бұл топтастырудың негізіне сөйлеу тілі жүйесінің құрылым компоненттері (сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық жағы), сонымен қатар сөйлеу әрекетінің түрлерінің қатынасы (ауызша және жазбаша түрі) ескерілген.

Осы топтастыру бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары екі топқа бөлінеді:



  1. қарым-қатынас құралының бұзылуы;

  2. қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы.

Бірінші топқа келесі бұзылыстар кіреді:

- фонетикалық бұзылыстар. Балалар кейбір дыбыстарды бұзып айтады немесе мүлдем айтпайды. Бұл баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына әсерін тигізбейді, коммуникативті функциялары сақталады;

- сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі (ФФЖ) - фонемді қабылдау және айтуындағы ауытқушылықтарының салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы. Ол балаларда есту және ойлау қабілеті сақталған.

ФФЖ кезінде балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың ерекшеліктері байқалады: дыбыстарды анық айтпауы, дыбыстарды алмастырып айтуы, сыңар дыбыстарды ажырата алмауы, дыбыстарды артикуляциясы жеңіл дыбыстармен алмастыру, дыбыстардың айтылуының тұрақсыздығы. Дыбыстарды талдау, жинақтау процесі қалыптаспаған болады.

- жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Бұл кемістікте ақыл ойы және есту қабілеті қалыпты балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы (фонетика, лексика, грамматика). Бұл бұзылыс тұрақтылығымен сипатталады және түзету жұмысында арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді. Аталған кемістік сөйлеу тілінің мүлдем жоқ болуынан толық дамуына дейінгі деңгейде болуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексика-грамматикалық дамымаудың нышаны сақталады.

Р.Е. Левина бойынша ЖСТД үш денгейге бөлінеді.



Бірінші денгейдегі балаларда тілдің мүлдем қалыптаспауы байқалады. Мұндай балаларды мақау деп атайды. Бала былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, дыбыстық кешендер қолданады. Дыбыстардың айтуы қате, тұрақсыз болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеше рет қайталанған, таныс ситуацияда түсінеді.

Екінші денгей: баланың сөйлеу мүмкіншіліктерінің өсуінде қолайлы динамика байқалады. Жалпы қолданбалы сөздер пайда болады, бірақ олар бұрмаланып айтылады. Көбінесе балалар зат есім мен етістікті қолданады. Әлі де жест ере жүреді. Көптеген дыбыстарды бұзып айтады (ысқырық, ызың, сонорлы). Бала өзі, жанұясы жайында әнгімелеп бере алады, бірақ сөйлемдерінде аграмматизм байқалады.

Үшінші денгей: Балалар қарым - қатынас құралдарын кеңінен қолдана алады. Сөйлеу тілінде фонетика, лексика, грамматикасында күрделі жетіспеушілік байқалмайды, бірақ кейбір қателер болады.Сөздік қорының кедейлігінен балалар керекті сөзді тауып айтуда қиналады. Айтылуы және мағынасы ұқсас сөздерді шатастырады. Сөзжасам және сөзөзгерту дағдылары қалыптаспаған. Сөйлемнің жай конструкциялары қолданылады. Сөйлеу тілді түсінуі жақсартылған.

Бір денгейден келесі денгейге ауысуы сөйлеу тілінің бұзылуының тереңдігіне, коррекциялық ықпалдың уақытына және мазмұнына байланысты.

Бұзылыстың екінші тобына тұтықпа жатады. Тұтықпа жалпы сөйлеу тілі дамымауымен тіркесіп, байқалуы да мүмкін.

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дисграфия, дислексия, дизорфография) бұл топтастыру бойынша фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктің немесе жалпы сөйлеу тілі дамымауының құрамында қарастырылады.

Сонымен, психологиялық-педагогикалық классификация логопедиялық тәжірибеде ғылыми тұрғыдан негізделген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарына және басқа да психикалық функцияларына әсер ететін коррекциялық фронтальды әдістерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашты. Психологиялық-педагогикалық классификация бойынша ең маңызды мәселе - сөйлеу тілі жүйесінің дәл қай компоненті бұзылған немесе жетілмегенін ескеру болып табылады. Осы қағиданы ұстанып, педагог ауытқудың әр түрінде түзету жұмысының дұрыс және тиімді бағытын анықтай алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.Қазіргі сөйлеу тілінің бұзылуын топтастыру негізінде қандай критерийлер жатыр?

2. Әр түрлі тіл кемістіктерді үш аспектіден талдап көріңіздер.

3. Психологиялық-педагогикалық топтастырудың сипаттамасын беріңіздер.


Ұсынылған әдебиеттер

1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред . М., 1989.

2. Основы теории практики логопедии. Р.Е.Левинаның ред . М., 1969.

3. Өмірбекова Қ. Қ.,Серкебаев Қ. Логопедия. Алматы, 1996.

4. Ляпидевский С. С., Гриншпун Б. М. О классификации речевых расстройств. Расстройства речи у детей и подростков кіт..-М., 1968.

5. Преодоление общего недоразвития речи дошкольников. Т.В. Волосовец ред. Оқу-әдістемелік құрал. М., 2002.



II ТАРАУ. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ


  1. БӨЛІМ . ДИСЛАЛИЯ


Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.

В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды.

20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған.

Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады (Ф.Ф.Рау).

Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).

Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.



Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова).

Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% - нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі.

Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады.

Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады. Фонетикалық естудің жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады.

Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А. Токарева, О. В. Правдина және т.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді.

Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы сөйлеу тілін зерттейтін әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін (фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.

Аталған критерийлер бойынша дислалияның негізгі үш түрін ажыратады: акустикалық-фонематикалық, артикуляторлық-фонематикалық, артикуляторлық -фонетикалық.

Акустикалық-фонематикалық дислалия: дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі.

Артикуляторлы-фонематикалық дислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады.

2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады.

Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып, шатастырылып айтылады. (ц-ч,р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).

Дислалияның осы түрінде баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады. Сондықтан бұл ақаулықтар түзету барысында жойылады.

Мысалы, [Р] - [Л] алмастыру 5 жастағы баланың арасында 42% кездеседі (Р дыбысы бұзылыстарының ішінде), 6ж - 34%, 7ж - 18%, 8-9ж - 18%

ал [л]→[р] алмастыру 5ж - 9%, 6ж - 5%, 7ж-жоқ

Мұндай мағлұматтар А. Н. Гвоздевтің, В. И. Бельтюковтың, О. В. Правдинаның жұмыстарынан кездестіруге болады. Бірақ, дыбыс айтудың бұзылуы барлық балаларда түзетілмейді. Жалпы білім беретін мектепте 1 сынып оқушыларының ішінде фонематикалық жетіспеушілігі бар балалар саны 15% -ды көрсеткен. Бастауыш мектепті аяқтаған кезде ондай балалар бірен – саран болады.

Дыбысты бұзып айту моторлы бұзылыстарға байланысты емес. Ол фонемаларды артикуляторлық белгілеріне байланысты іріктейтін операцияларына (әрекетіне) байланысты.



Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар.

Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін.

Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.

Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:

1.дыбысты мүлдем айтпауы;

2.дыбысты алмастырып айтуы;

3.дыбысты бұзып айтуы;

4.дыбысты шатастырып айтуы.

Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.

Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады. Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.

Олар: 1.сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 %

2. ротоцизм (р-р′) – 26 %

3. ламбдацизм (л-л′) – 10 %

4. каппацизм (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 %

5. йотоцизм (j) – 1,5 %

6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш,

г-ғ, к-қ)

Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі кездеседі.

7.жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р.

Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М. А. Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л. Г. Парамонованың (1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм -71,6%; ламбдацизм -54 %; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 42 %; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы -45,4%. Қазақ тілді қалыпты дамыған мектеп жасына дейінгі (5-6жас) балалардың дыбыс айтуын тексеру нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас); ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 38% (5 жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының айтылуының бұзылуы – 30,5% (5 жас), 29,9 % (6жас) (Тулебиева Г.Н., 2010). Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында дыбыстардың айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетініні байқалады.



Қорытынды: Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Бұл бұзылыс функционалды және органикалық болады.

К. П. Беккер және М. Совак дыбыстық, буындық және сөздік дислалияны ажыратады. Бірақ, Л. С. Волкова дислалияны түрлері бойынша емес, денгей бойынша бөлген жөн деп санайды. Өйткені, ауытқудың әр түрінде дағдылардың қалыптасуының денгейі жайында айтылады. Жоғарыда аталған дислалияның әр түрінде дағдыларының қалыптасуының әр түрлі денгейі байқалуы мүмкін.



Жай және күрделі дислалия
Бұзылған дыбыстың санына байланысты дислалия жай (мономорфты) және күрделі (полиморфты) болып бөлінеді.

Мономорфты дислалияда бір немесе артикуляциясы бірыңғай дыбыстардың айтуы бұзылады, ал, полиморфты дислалияда әртүрлі топтағы (ысқырық және сонор) дыбыстардың айтылуының бұзылуы байқалады.

Тәжірибеде дислалияың «таза» түрлерімен қатар акустикалық-фонематикалық, артикуляторлық-фонематикалық және артикуляторлық-фонетикалық дислалиялардың құрама түрлері кездеседі. Бұндай бұзылыстарды М. Е. Хватцев жалпы тіл мүкістігі («козноязычие») деп атап, сөйлеу тілі бұзылыстарымен байланыстырған. Бұндай құрамалар сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жеке бұзылыстарына жатпайтын ерекше топ құрайды. Олар сөйлеу тілінің басқа жағының жетіспеушілігімен үйлеседі және орталық жүйке жүйеснің, психикалық дамуының органикалық зақымдалуында байқалады. Себебіне байланысты дислалия функционалды және табиғи (органикалық) деп бөлінеді. Соңғы термин перифериялық сөйлеу аппаратында морфологиялық өзгерістердің барлығына нұсқайды.

Механикалық (органикалық) дислалия – сөйлеу тілінің перифериялық аппаратының (артикуляциялық мүшелерінің) анатомиялық ақаулары салдарынан дыбыс айтудың бұзылуы.

Механикалық дислалияның себептері: 1) жақ-сүйек жүйесінің ақаулары, алдыңғы тістер арасындағы диастемалар; 2) күрек тістердің жоқ болуы немесе олардың ақаулары; 3) тістену ақаулары. Бұл дамуының ақаулары немесе әртүрлі жарақаттар, тіс аурулары немесе адамның жасына байланысты өзгерістерінің салдарынан жүре пайда болған ақаулары болуы мүмкін. Осы себептерден пайда болған дыбыс айтуының бұзылуы жиі кездеседі. Кейбір жағдайда қатты таңдайдың ақаулары (биік орналасуы) кездеседі. Бұндай жағдайда ызың, ысқырық, еріндік-тістік, тіс алды дыбыстарының бұзылыстары жиі кездеседі.

Бірақ, кез келген тіс ақаулары дыбыс айтуының бұзылуына әкелмейді. Кейбір кезде тістердің деформациясы кезінде дыбыс айтуы қалыпты болып қалады.

Тілдің патологиялық өзгерістерінің (өте үлкен, көлемді немесе кішкентей тіл, тіл асты желбезегінің қысқа болуы) салдарынан дыбыс айтуының бұзылуы таралуы бойынша екінші қатарда тұр. Бұндай ақаулықтарда ызың, ысқырық және вибрант дыбыстардың айтылуы бұзылады. Кейбір жағдайда сөздің жалпы анықтығы бұзылады.

Бірақ, лингвисттер (Р. О. Якобсон, М. В. Панов) және арнайы мамандардың (Г. Гутцман, Р. А. Юрова және б.) айтуы бойынша тілдің патологиялық кемістіктері айтуына барлық жағдайда әсер ете бермейді.

Тіл және тіс ақаулары бола тұра баланың дыбысты дұрыс айтуы компенсаторлы мүмкіндіктерді дәлелдейді.

Еріннің ақауларынан дыбыс айтуының бұзылуы сирек кездеседі. Өйткені туа біткен ерін жарықтары хирургиялық жолдармен ерте жаста емделеді. Сондықтан, логопед өз жұмысында жарақаттардан кейін болған деформация салдарымен кездеседі. Осындай жағдайда еріннің толық қабыстауынан еріндік дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сонымен қатар еріндік-тістік дыбыстардың да айтылуы бұзылады.

Механикалық дислалия функционалды және фонематикалық дислалиямен қосарлануы мүмкін. Механикалық дислалияның барлық жағдайында хирург және ортодонт мамандарының кеңесі, ал кейбір жағдайда емдеуі қажет.

Функционалды дислалияның табиғи негізі болмайды. Мысалы, еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Себебі сөйлеу өзінің бастапқы даму кезінде еліктеу негізінде айтарлықтай дәрежеде қалыптасады, сонымен қатар оның бұзылу себебінің бірі ретінде баланы қоршаған адамдарда дыбысты айту кемшілігі бар болуы мүмкін.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Дислалияның негізгі түрлерін атаңыздар.

2. Әр түрлі дыбыстардың бұзылыстарын атаңыздар.
Ұсынылған әдебиеттер.

1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред.-М., 2007.

2. Основы теории и практики логопедии. Р.Е.Левинаның ред. –М.,1968.

3. Қ. Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев. Логопедия. - Алматы, 1996.

4. Григоренко Н. В., Синяева М. Л. Логопедические и медицинские аспекты органической дислалии и способы ее коррекции. Дефектология, 2000, №4.
Дислалия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі
Дислалияда логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тіл дыбыстарын (фонемаларды) дұрыс айту үшін бала келесіні білуі тиіс: дыбысты акустикалық белгілері бойынша тану; бұзылып айтылған дыбысты дұрыс нұсқасынан ажырату; өз сөзін есту арқылы бақылау және оған сапалы баға беру; қажетті артикуляциялық позицияларды келтіру; сөйлеудің кезкелген түрінде қажетті дыбысты қолдана білу.

Логопед баланың дыбыс айтуын дұрыс қалыптастыру үшін үнемді және тиімді жолдарын табу керек. Егер логопедиялық жұмыс дұрыс ұйымдастырылған болса дислалияның барлық түрлерін түзетуде оң нәтижеге қол жеткізуге болады.

Кейбір жағдайда механикалық дислалия кезінде бірлескен логопедиялық жұмыспен медициналық ықпалдың арқасында нәтиже алуға болады.

Дыбыс айтуын жоюға бағытталған жұмысқа қолайлы жағдай жасау логопедиялық ықпалдың нәтижелі болуының алғы шарттары болып табылады: логопедтің баламен эмоционалды қарым-қатынас орнатуы; баланың басшы әрекетін ескере отырып, қызығушылық тудыратын сабақ формаларын ұйымдастыру; т.б.

Логопедиялық сабақтар жүйелі түрде аптасына 3 рет өткізіледі. Логопедтің тапсырмасы бойынша ата-аналарының қатысуымен үй тапсырмаларын орындау қажет. Оларды күні бойы 2-3 рет, 5-15 мин. дейін қысқаша жаттығулар түрінде өткізу керек.

Дыбыс айтуын түзетуде дидактикалық материалдар кеңінен пайдаланылады. Дыбыстарды түзету мерзімі келесі факторларға байланысты: ақаудың денгейінің күрделілігіне, баланың жеке және жас ерекшеліктеріне, сабақты жүйелі өткізуіне, ата-аналар тарапынан көрсетілген көмегіне. Жай дислалия болса түзету жұмысы 1 айдан 3 айға дейін, ал күрделі дислалия кезінде – 3 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі балаларда дыбыс айту бұзылыстары мектеп жасындағы балаларға қарағанда қысқа мерзімде түзетіледі, ал бастауыш сынып оқушыларында жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда тезірек түзетіледі.



Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс

кезеңдері.
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф. Ф. Рау екі кезеңге бөлсе, О. В. Правдина, О. Ф. Токарева үш, ал М. Е. Хветцев төрт кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:

Дайындық кезеңі

Дыбысты қою кезеңі



Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі

Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі

Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді.

Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары:

- баланы түзету жұмысына ынталандыру,

- саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету,

- зейінін, тыңдау есте сақтау ойлау қабілетін дамыту,

- артикуляцияны дұрыс калыптастыру,

- дыбысты қабылдау, ажырату жатады.

Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар колданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:

- «Күрекше» жалпақ тілді шығарып астынғы ерінге ұстап тұру


керек.

- «Инеше» ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп


шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

- «Төбешік» Ауызды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін


жоғарғы азу тістерге жабыстырып, тілдің ұшын астынғы тіске тіреп
ұстау.

- «Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, тілдің бүйір


жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

- «Ожау». Ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғарғы тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

- «Сағат». Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

- «Саңырауқұлақ». Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

- «Алтыбақан». Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

- «Тәтті тосап». Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

- «Сылақшы». Ауызды кең ашып тұрып тілдің ұшын жоғарғы таңдайға тигізіп алға артқа қозғалту. /10 рет қайталау/.

- «Тоқылдақ». Ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарғы


альвеолаға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау
керек.

- «Ат шауып келеді». Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-


айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр
дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет