Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  Сӛйлеуі бҧзылған балалардың жеке тҧлға ретінде



Pdf көрінісі
бет114/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

8.6.  Сӛйлеуі бҧзылған балалардың жеке тҧлға ретінде 
қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы 
 
Сӛйлеу 
бҧзылуындағы 
тҧлғалық 
қалыптасу 
мен 
эмоционалды  ерікті  саласын  зерттеуге  арналған  еңбектердің 
ішінде, В. М. Шкловский, В. И. Селиверстов, Л. А. Зайцева, О. С. 
Орлова,  Л.  Е.  Гончарук,  Г.  А.  Волкова  сияқты  ғалымдардың 
еңбектерін атауға болады. 
Сӛйлеуі бҧзылған балаларға арналған мектептердегі 1-сынып 
оқушыларының  жҧмыс  істеу  қабілеттері  тӛмен,  айқын  стресстік 
реакциялар жиі кездеседі, кері эмоциялар жетекші  рӛл атқарады. 
Арнайы  мектепте  оқудың  2  жылында,  балалардың  жҧмысқа 
қабілеті жоғарылайды, эмоционалды реакцияның қолайлы деңгейі 
жоғарылайды,  стресс  кҥйлерге  бейімділік  тӛмендейді.  Сӛйлеу 
патологиясы  бар  балалардың,  эмоционалды  кҥйлерінің  бҧлай 
жақсаруы,  мектеп  тәртібіне  бейімделумен,  қҧрбыларымен 
тҧрақты қарым-қатынас орнатуымен байланысты емес, сондай-ақ, 
дҧрыс  ҧйымдастырылған  тҥзету-педагогикалық  жҧмыстардың 
кӛмегімен,  ӛзін-ӛзі  бақылау,  ӛз  тәртібін  реттей  білу  қабілетінің 
дамуы болып табылады.  
«Сӛйлеуі бҧзылған балалар мен сау балалардың, ӛзін-ӛзі  
 
------------------------ 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.463. 


 
162 
және  бірін-бірі  бағалау  деңгейі,  «полярлық  профиль»  тестінің 
кӛмегімен  анықталды.  Мысалы,  сӛйлеуі  бҧзылған  қыз  балалар 
ҥшін,  денсаулық,  адалдық,  кӛпшілдік,  сияқты  қасиеттер  қҧнды, 
олар  жанжалдан  аулақ  болуға  тырысады,  бос  ӛкпелемейді.  Осы 
жастың  ӛзінде,  олар  ӛздерінің  сырт  келбеттері  туралы  кӛп 
ойланады,  ӛздерін  кӛрікті,  кӛріксіз  деп  анық  бағалай  алмайды. 
«Білмеймін»  немесе  «кӛріксіз  шығармын»  деп  жауап  береді. 
Сӛйлеуі  бҧзылған  қыз  балалар,  барлық  салыстырмалы 
параметрлер  бойынша,  сау  қыз  балаларға  қарағанда,  ӛз 
мҥмкіндіктерін  асыра  бағалайтындықтары  анықталды.  Сонымен 
бірге,  олар  ӛздерін  дені  сау  деп  есептемейтіндігі,  осыған  орай, 
кӛпшіл еместіктерінің себебі анықталды.  
Ҧл  балалардың  екі  тобында  –  қалыпты  және  сӛйлеуі 
бҧзылған  бар  балалардағы,  ӛзін-ӛзі  бағалау  кӛрсеткіштерінің 
арасында,  қыз балаларға қарағанда айырмашылықтар аз. Демек, 
жалпы  мектепте  оқитын  ҧл  балалар,  ӛздерін  кӛңілді,  бақытты, 
адал және кейбіреулері мейірімді, кӛпшіл, дені сау деп есептейді. 
Ал, арнайы мектеп оқушылары, ӛздерін адал, батыл, жанжалшыл 
емес,  бірақ  ӛте  бақытты  емес,  кӛпшіл  емес  деп  санайды.  Қыз 
балалар  сияқты,  олар  ӛздерінің  кӛпшіл  болмау  себебі  –  тіл 
кемістігі  екенін  жақсы  біледі,  бірақ,  қыздар  сияқты,  ӛздері  сол 
ҥшін  кӛп  зиян  шегеміз  деп  ойламайды.  Ҧл  балалар  ӛздерінің 
кемістіктерін, 
қыз 
балаларға 
қарағанда, 
объективті  
бағалайтындықтары байқалды.  
Кӛп  жағдайда,  тілінің  ауыр  бҧзылуы  бар  балалар,  ӛздерінің 
мінез-қҧлық  белгілерін  дҧрыс  бағалай  алмайды,  сыни 
кӛзқарастың  болмауынан  ӛз  мҥмкіндіктерін  асыра  бағалайды.  
Мынадай  ҥрдіс  кӛзге  тҥседі,  бҧл  балалар  ӛздерін идеалға  жақын 
санайды.  1-2  сынып  оқушыларының  мінез-қҧлық  қасиеттерін 
асыра бағалауы, жасқа сай заңдылықтармен тҥсіндіріледі (мҧндай 
қҧбылыс қалыпты дамуда кездеседі),  
3  сынып  оқушыларында  кездесетін  осындай  қҧбылыс,  бҧл 
балалардың жеке тҧлғалық ерекшеліктерімен тҥсіндіріледі. 
Ынта  деңгейін  зерттеу  нәтижелері,  сӛйлеуі  ауыр  бҧзылған 
балалардың  сәтсіздіктерге  жасайтын  реакциясы,  қалыпты 
дамудағы  балаларға  қарағанда,  ӛзгеше  екені  анықталды.  Сәтті, 
дҧрыс  орындалған  тапсырмадан  кейін,  одан  гӛрі  кҥрделірек 
тапсырмаға  ауысудың  орнына,  бҧл  балалар  керісінше,  жеңілі 


 
163 
тапсырмаға  қарай  ҧмтылады.  Бҧл  дерек,  олардың  қорғаныс 
реакциясы  ретінде  қабылданады.  Бҧл балалардың беделін сақтап 
қалуға  деген  ҧмтылысы  немесе  қорғаныс  реакциясы.  Әсіресе, 
ынта  деңгейінің  ӛте  тӛмендігі,  1  сынып  оқушыларында  жиі 
кездеседі.  2  сыныпта  одан  гӛрі  жоғарырақ,  ал  3  сыныпта 
оқушылар  мақсатты,  қажетті  іс-әрекетке  деген  ынталарын 
жоғарылата  біледі.  Демек,  оқушылардың  жасына  сәйкес,  нақты 
ынта деңгейі қалыптасады.   
В. И. Селиверстов балалардың ӛз кемістігін сезінудің келесі 
ҥш дәрежесін кӛрсетеді:  
1)  Ӛз  кемістігін  мҥлдем  сезінбеу.  Балалар  ӛздерінің 
сӛйлеудегі  кемшіліктерін  аңғармайды,  одан  қысылмайды.  Олар 
ересектермен,  қҧрбыларымен,  тіпті  бӛтен  адамдармен  еркін 
сӛйлесе береді. Оларда ҧялу немесе ӛкпелеу сезімдері жоқ.  
2)  Орташа  дәреже  –  балалар  ӛз  кемістіктерін  біледі, 
қапаланады,  бірақ  сӛйлеуде  ӛз  кемістіктерін,  асқан  шеберлікпен 
бҥркемелей  біледі,  оны  жасыруға  тырысады.  Бірақ,  олардың 
қысылу кҥйі ҥнемі сақталмайды, олар ӛздерінің тіл кемістіктеріне 
бола, ӛздерін кем санамайды. 
3)  Айқын  дәреже  –  балалар  ҥнемі  ӛз  кемістіктерін  ойлап 
қатты  уайымдайды,  барлық  іс-әрекеттеріндегі  сәтсіздіктерді  тіл 
мҥкістігімен  байланыстырады.  Оларға  сӛйлеу  қорқынышы, 
міншілдік, «ӛзін-ӛзі жеу», тҧйықтық тәрізді мінез-қҧлық тән»
1
.
 
Сӛйлеуі  бҧзылған  балалардың  эмоционалды  ерікті  және 
жекетҧлғалық  саласындағы  бҧзылулар,  олардың  жҧмыс  істеу 
қабілетін  тӛмендетіп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге,  мінез-
қҧлықтың  ӛзгеруіне,  әлеуметтік  дезадаптацияға  әкеліп  соғады. 
Сондықтан, дифференциалды психологиялық алдын-алу жҧмысы, 
бҧл 
балаларда 
кездесетін 
эмоционалды-тҧлғалық 
даму 
ерекшеліктеріне  орай,  психокоррекция  жҧмыстарын  жҥргізу  ӛте 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет