197
кӛмегімен бағдар жасау мҥмкіндігінен айырады. Соқыр-саңырау
баланың барлық жағынан, жеке ӛзінің қимыл-қозғалыс және
сипап-сезу тәжірибесіне сҥйенуіне тура келеді. Сондықтан, бала
неғҧрлым ерте жастан ӛздігінен қозғалуға ҥйренсе – аударылып
жату, созылу, ҧстау, отыру, тҧру, еңбектеу т.б., соғҧрлым ол
келешекте, кеңістікте еркін қозғала алады. Соқыр-саңырау
баланың қимыл-қозғалысын ерте сәбилік шақтан дамыту ӛте
маңызды.
Тактильдік сезім, бҧл балалардың айналаны танудағы негізгі
қабілеттерінің бірі, яғни затпен тікелей жанасу арқылы, оларды
қабылдауға
болады.
Бҧл
балалар
заттың
пішінімен,
текстурасымен, салмағымен, температурасымен сипап-сезу
арқылы танысады. Сол сияқты, адам затпен белгілі бір
арақашықтықта таныса алады. Бірқатар авторлар, бҧл категорияға
жататын балалардың, иіс сезу қабілеті, әсіресе, жақсы
жетілгендігін атап ӛтеді.
Тактильдік-вибрациялық сезімдердің кӛмегімен, адамдар мен
заттардың
қозғалысын,
дыбыстарды,
олардың
қандай
қашықтықта екендігін біле алады. Айналасында болып жатқан
оқиғаларды, маңайындағы адамдарды ажыратады. Музыканы,
қатты дыбыстарды табанымен сезінеді, адамдарды жҥрісінен
таниды. Вибрациялық сезім, соқыр-саңырау балалардың сӛйлеу
тілін қабылдауда және қалыптастыруда негіз болуы мҥмкін.
Мысалы,
Петербургтегі
соқыр-саңыраулар
мектептерінде,
балаларды сӛйлеуді, қолды сӛйлеушінің тамағына қойып
қабылдау жолын ҥйретеді. Әрі олардың ӛз сӛйлеу тілдерін де,
осылайша бақылауына болады.
Жоғарыда аталған, сау сақталған иіс сезу, дәм сезу, сипап-
сезу, тактильдік-вибрациялық сезімталдық мҥмкіндіктерімен
бірге, соқыр-саңырау балалар, қалдық есту және кӛру
мҥмкіндіктерін барынша пайдалануы керек. Ерте жаста
жҥргізілген аудиометрлік тексеру мен есту аппараттарын (екі
қҧлаққа да) тағайындау, балалардың есту мҥмкіндігін
айтарлықтай кеңейтеді және дамытады. Қазіргі заманғы медицина
жетістіктері, кейбір соқыр-саңырау балаларға кохлеарлық
имплантация кӛмегімен есту қабілетін қайтара алады.
Достарыңызбен бөлісу: