12. ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІ
«Жантану ғылымында ойлау – бҧл тҧлғаның шындықты
жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық
әрекеті»
1
.
Ойлау – айнала қоршаған ортаны, санада бейнелеудің
жоғары формасы. Ойлау – нақты ӛмірді тануды, сӛздің кӛмегімен
қорыту, топтау. Ойлау заттар мен қҧбылыстардың мәнін білуге
мҥмкіндік береді. Ойлаудың кӛмегімен, бір әрекеттің нәтижесін
болжауға болады, шығармашылық, мақсатты әрекетті жҥзеге
асыруға болады. Баланы салыстыру, тҧжырымдау, топтау, қорыту
(азайту, бӛлу, қосу, кӛбейту амалдары) сияқты ойлау
операцияларына ересектер ҥйретеді. Мысал ҥшін, тәжірибелік
кӛрнекі ситуациялар алады. Бала алдымен оны бағдарлайды,
әрекет етеді, одан соң мҧның барлығын, сӛзбен бір формулаға
келтіреді. Біртіндеп бала әрбір кҥрделі әрекетті «ойша»
орындауға дағдыланады. Мҧндағы маңызды кезең, тәжірибелік
әрекеттің «ойша» әрекетке ауысуының сӛзбен жеткізілуі.
Ойлау – бҧл шынайы ӛмірді қорытындылау мен бейнелеп
кӛрсететін танымдық ҥдеріс. Қазіргі кезде, балалар ойлауының 3
негізгі сатысы анықталған: кӛрнекі-әрекеттік, кӛрнекі-бейнелік
және сӛздік-логикалық ойлау.
---------------------------
1
Сәбет Бап–Баба. Жантану негіздері.- Алматы: Заң әдебиеті, 2007.-Б. 176
218
Достарыңызбен бөлісу: |