Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  Кӛру қабілеті зақымданған балалардың сӛйлеуі



Pdf көрінісі
бет158/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

13.4.  Кӛру қабілеті зақымданған балалардың сӛйлеуі 
 
Тумысынан соқыр балалардың тілінде кемістіктер кездеседі. 
Тілдік  бҧзылу  жазба  тілінде,  ӛзінше  кӛрініс  табады.  Сондай-ақ, 
бҧл  кемістіктер  балалардың  тҧйық  болуына,  аутизмнің, 
негативизмнің пайда болуына әкеліп соғады. Сӛйлеудің дамуына, 
кӛру қабілетінің жағдайы тікелей әсер етеді. Себебі, оқу мен жазу 
жылдамдығы, 
кӛру 
деңгейіне 
байланысты. 
Сӛйлеудің 
компенсаторлық  қызметі,  нашар  кӛретіндердің  сезімдік  таным 
саласында жҥзеге асады. Сезімдік таным аясын, ата-аналар,  
----------------- 
1
Специальная  психология  /    Под  ред.  В.И.Лубовского.  2-е  изд.,  испр.  –  М.:Изд.  центр 
«Академия», 2005- С.177. 


 
242 
мҧғалімдер  мен  дәрігерлер  кеңейтеді  (сӛздің,  бейненің 
кӛмегімен).  Соқырлар  ҥшін,  сӛз  ҧғым  ретінде  қабылдануға 
бағытталады.  Сӛз,  заттардың  белгілері  мен  сапаларын, 
мағыналарын нақтылайды.  
Жалпы  кӛретін  балалар  мен  кӛрмейтін  балалардың 
сӛйлеуінің  қалыптасуы  бірдей  жҥзеге  асады,  бірақ,  мҥлдем 
кӛрмеу  немесе  кӛрудің    ауыр  бҧзылуы,  анализаторлардың  ӛзара 
әрекетін  ӛзгертеді,  байланыстар  қайта  қҧрылады,  сӛйтіп, 
сӛйлеудің қалыптасуы кезінде басқа  байланыстар   жҥйесіне  еніп 
кетеді.  Соқыр  немесе  нашар  кӛретін  баланың  сӛйлеуі, 
спецификалық  адами  қарым-қатынастар  барысында  дамиды, 
бірақ  ӛзіндік  ерекшеліктермен  қалыптасадығ  даму  қарқыны 
ӛзгереді,  сӛйлеудің  сӛздік--семантикалық  жағы  бҧзылады,  нақты 
мағынасымен  байланысы  жоқ  сӛздер  тобы  жинақталады, 
ережелерді мағынасыз жаттайды.  
Белсенді  сӛздік  қарым-қатынасқа  сҥйену,  соқыр  баланың 
психикалық  дамуын  алға  жылжытатын  жол,  ол  заттық  іс-
әрекеттің  қалыптасуындағы қиындықтарды жоюды, психикалық 
дамуды қамтамасыз етеді.  
Ересек  адамдардың  заттық  іс-әрекеттермен  бірге,  сӛздік 
нҧсқауларды  қатар  қолдануы,  бір  жағынан,  баланың  меңгерген 
сӛздерін, 
қоршаған 
ортадағы 
нақты 
іс-әрекеттермен 
сәйкестендіруіне  стимул  жасайды,  екінші  жағынан,  заттармен 
белсенді  операциялар  жасау  ҥдерісінде  шынайы  мәнісіндегі 
ӛмірді жақсы танудың шарты болып табылады.  
Кӛру  қабілеті  бҧзылған  балалардың  сӛйлеуінің  дамуына  Л. 
С.  Волкованың  жасаған  логопедиялық  талдаудың  ӛзіндік 
ерекшеліктердің бар екенін дәлелдейді.  Бҧл балаларда кездесетін 
жҥйелі  тілдің  дамымауы,  типтік  белгіге  жатады,  әрі  олар 
қҧрылымы  жағынан,  әртҥрлі  және  кӛретін  балаларға  қарағанда 
ӛте  кӛп.  Бҧл,  сӛздердің  мағыналық  жағын  тҥсінбеу,  заттың 
сезімдік  бейнесімен  ҥйлеспейтін  сӛздер,  таза  вербальды  жолмен 
меңгерілген  сӛздерді  пайдалану,  эхолалиялар,  кӛру  арқылы 
алынған әсердің болмауымен байланысты, ӛз ойларын  кең ашып 
жеткізе  алмау.  Әсіресе,  сӛйлеудің  дамымауында,    баланың 
микроәлеуметтік  ортамен  қарым-қатынасының  бҧзылуы  мен 
қанағаттанарлықсыз  тілдік  қарым-қатынас  жағдайы  зор  маңызға 
ие.  


 
243 
Соқыр  баланың  сӛйлеуі, қоршаған  ортаны  танудың  сезімдік 
жҥйесіне, 
тҧлғалық 
қалыптасу 
ҥдерісіне 
ене 
отырып, 
компенсаторлық  қызмет  атқарады.  Кӛру  кемістігінің  орнын 
толтыруда,  сӛйлеудің  рӛлі  ерекше,  себебі,  сӛз  барлығын 
нақтылайды,  сезімдік  тану  ҥдерістерінің  барысын    тҥзетеді, 
бағыттайды,  шынайы  мәнісіндегі  ӛмірді  тҥйсікпен  толық,  анық 
қабылдауға  мҥмкіндік  береді,  бҧрмалану  мен  фрагменттілікті 
болдырмауға жағдай туғызады.   
Соқыр  немесе  нашар  кӛретін  балаларда    ауызша  сӛйлеуді 
қабылдау,  оқу  және  жазу  ҥдерісінде  сӛздік  нҧсқаумен  жҧмыс 
істей  білу  дағдыларын  қалыптастыру  қажет.  Сӛйлеу  кемістігінің 
коррекциясы,  кӛру  қызметінің  нашарламауына  кепілдік  беруі 
тиіс.  Ол  ҥшін  тифлопедагогтардың,  логопедтердің  және 
офтальмологтардың  бірлесе  жҧмыс  істеуі,  анағҧрлым  нәтижелі 
болмақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет